Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны»дарынды балаларды



Дата19.02.2023
өлшемі13,67 Kb.
#69105
түріКонкурс

Алматы қаласы білім басқармасының
«Алматы дарыны»дарынды балаларды
қолдау жөніндегі орталықтың директорының
дарындылықты дамыту жөніндегі орынбасары
Каримгажы Гульнур Нурлановнаға
Жетісі ауданы №177 ЖББ мектептің ағылшын тілі мұғалімі П.Н.Мошкаловадан

Өтініш
Менің сізге өтініш жазу себебім, 01.12.2022 ж. күні Жетісу ауданы №109 ЖББ мектепте өткен Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының ағылшын тілі секциясы бойынша аудандық кезеңінің қорытындысын, берілген жүлделі орындарды қайта қарауыңызды сұраймын. Менің жетекшілігімдегі 7-сынып оқушысы Жұма Айсұлу «Ағылшын тіліндегі омонимдердің қызметі» тақырыбында жоба жұмысын қорғады. Бұл жұмысты әділқазы объективті түрде бағалаған жоқ. Оған себептер:
Біріншіден, жоба жұмысын қорғау барысында оқушыға конструктивті кері байланыс берілмеген. Оқушының тарапына жұмысың мүлде дұрыс емес деген сияқты оқушының деңгейін түсіретін сөздер айтылған. Оқушыны жоба қорғау барысында әдейі тоқтатып, әділқазы алқасы оқушының жұмысын жоққа шығарған.
Екіншіден, бірінші жүлделік орынмен қалалық кезеңге өткен жұмыстардың ішінде «Адамзатқа бағалы сыйлық сыйлайтын жібек құрты» тақырыбында жоба жұмысы өткен. Мен бұл жұмыспен таныс болмасам да, ол тақырыптың мүлде тілі білімі саласына, ағылшын тіліне мүлде қатысы жоқ екенін біліп тұрмын. Ол тақырыптағы жоба биология немесе жаратылыстану бағытындағы салаларға қатысты. Ол жұмыстың зерттеу мақсаты, барысы және нәтижесі де ағылшын тіліне қатысы бар деп ойламаймын.
Үшіншіден, жоба қорғау барысында әділқазылардың объективті баға беріп, орындарды әділ түрде бермеуіне өздерінің магистрлік дәрежесі жоқ болғандығы және өз тәжірибелерінде ғылыми жоба жазып көрмегендіктері себеп болды деп ойлаймын. Өйткені жұмыстың ғылымилығы, өзектілігі, мақсаты, әдіс-тәсілдері мен нәтижелігіне нақты баға бермеген.
Күні: 02.12.2022 ж.
Қолы: _______

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет