2 зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы: Галогендер. Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата13.02.2023
өлшемі36,5 Kb.
#67620
  1   2

2 зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Галогендер.
Жұмыстың мақсаты: Галогендерді алу және оның физикалық, химиялық қасиеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар: Колба, сынауықтар, химиялық стақандар, штатив, шыны пластинка, спирт шамы, шыны таяқша.
Реактивтер: Иодтың кристалы, концентрлі күкірт қышқылы, калий иодиді, марганец диоксиді, суық су, бензин, алюминий ұнтағы,иодты калийдің ерітіндісі, бензол, хлор суы, бром суы, натрий хлоридінің, натрий бромидінң, натрий иодидінің, ерітінділері, азот қышқыл күміс тұзының ерітіндісі.
Жұмыстың барысы:
№7-1. Иодты алу. Иодтың тұзын күкірт қышқылымен (марганец диоксидінің қатысында) әрекеттестіріп, иод алуға болады. 1-суретте көрсетілгендей колбаға калий иодиді мен марганец диоксидін араластырып салады да (шамамен 1-2 грамдай), оның үстіне 1- 2 мл концентрациялы күкірт қышқылын құйып, араластырып қыздырады. Колбаның үстіңгі жағына суық су құйылған сынауықты қатырмақағазға тығыз бекітіп қояды. Колбаны қыздырған кезде иодтың күлгін булары суық сынауықтың түбіне әдемі кристалдар түрінде қонады (қосылыстан иод бос күйінде бөлінеді).
№7-2. Иодтың возгонкасы. Иод буының түсін бақылау үшін колбаға иодтың бірнеше кристалдарын салып, аузын суық су құйылған стақанмен жауып, штативке бекітіңдер. Колбаны спирт шаммен қыздырыңдар. Иод балқымай, бірден буға айналады. Күлгін түсті бу пайда болған кезде қыздыруды тоқтатыңдар. Салқындатқанда иод буы сұйықтыққа айналмай, бірден қатты кристалға айналады. Бұл құбылысты возгонка (айдау) деп атайды.
№7-3. Иодтың ерігіштігі. а) иод суда нашар ериді. 200C кезінде 100 грамм суда оның тек 0,08% мөлшері ғана ериді. Иодтың ерігіштігі өзінің тұздарының қатысында жақсы байқалады. Оны байқау үшін иодты возконкалаған колбаға шамалы су құйып, иодты шайқап араластырыңдар. Сонда сәл ғана сарғылт түсті ерітінді түзіледі. Колбадағы иодтың көбі ыдыстың түбінде қалады. Енді осы сұйықтыққа иод тұзының біреуінен шамалы қосып шайқасаңдар, ерітіндінің түсі лезде бұрынғысынан қоюлана түседі. Мұнда иод тұз молекулаларымен тұрақсыз қосылыс түзеді, бірақ иод өзінің қасиетін жоғалтпайды. ә) иод суға қарағанда органикалық еріткіштерде біршама жақсы ериді. Оны байқау үшін алдыңғы тәжірибедегі иодтың судағы ерітіндісінен сынауыққа 3-4 мл құйып алыңдар да, оның үстіне 1 мл бензин құйып араластырыңдар. Біраз тұнып тұрғаннан кейін иодтың әсерінен бензиннің күлгін түске боялғанын байқауға болады.
№7-4. Иодтың алюминиймен әрекеттесуі. Иод ұнтақ күйіндегі кейбір металдармен оңай әрекеттеседі. Оны иодтың алюминий ұнтағымен әрекеттесуінен оңай байқауға болады. Ол үшін шыны пластинкаға бірдей мөлшерде иод пен алюминийдің ұнтағын салып, шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Одан кейін қоспаны үйіп, конус тәрізді төмпешек жасаңдар, оның ортасын шұңқырлап екі-үш тамшы су тамызып, бетін құйғышпен жауып, құйғыштың түтігін мақтамен бекітіңдер. Шыны пластинканы тартпа шкафқа қойыңдар. Аздан кейін алюминий мен иод судың әсерінен қуатты түрде әрекеттесіп, иодты алюминий түзіледі. Көп мөлшерде күлгін түсті иодтың буы бөлінеді, кейде иодта алюминий от алып жанады. Осындай тәжірибені мырыш ұнтағымен жасап көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№7-5. Иодты басқа галогендердің ығыстыруы. Екі сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін иодты калийдің ерітіндісін құйыңдар. Әрбір сынауыққа аздап бензин немесе бензол құйып, шайқап араластырыңдар да біраз тұндырыңдар. Ерітінді түстерінің өзгермегеніне көңіл аударыңдар. Химиялық байланысқан иод бензинде ерімейді. Енді екі сынауықтың біріне хлор суын, екіншісіне бром суын қосыңдар. Аздап шайқап араластырыңдар. Түсінің өзгеруін бақылаңдар. Хлор мен бром иодты өзінің тұзынан ығыстырып шығарады. Мұны ерітіндінің жоғарғы қабатынан айқын көруге болады. Реакция теңдеуін жазыңдар:
KI + Cl2 = KI + Br2 =
№7-6. Галогенсутек қышқылдарының тұздарына сапалық реакция. Үш сынауық алып, біріншісіне натрий хлоридінің, екіншісіне натрий бромидінің, үшіншісіне натрий иодидінің ерітінділерін құйыңдар. Әр сынауыққа азот қышқыл күміс тұзының ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызыңдар. Осыдан пайда болған күміс хлоридінің ақ, күміс бромидінің сарғыштау, ал күміс иодидінің сары тұнбаларына көңіл аударыңдар. Енді осы тұнбалардың үстіне азот қышқылын құйыңдар. Ешбір тұнба азот қышқылында ерімейді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№7-7. Йодты танып анықтауға болатын тәжірибе жасаңдар. 1) Йодты танып анықтау үшін сынауыққа 2-3 мл су құйыңдар, үстіне азғана крахмал салып және қоспаны араластыру керек, оны қайнағанға дейін қыздырылған 2-3 мл суы бар екінші сынауыққа құю керек. Крахмалдың алынған ерітіндісін екі сынауыққа бөліп құйып және суыту керек. Бір сынауыққа бірнеше тамшы калий иодидін, ал екіншісіне – йодтың спирттегі ерітіндісін құю керек. 2) Егер калий йодидіне бром суын құйса, йод бос күйде бөлінеді де қоңырқай күлгін түс пайда болады: 2KI + Br2  2KBr + I2 Осы ерітіндіде бос күйдегі йод бар екенін крахмал клейстерін қосу арқылы біледі. Бос йод крахмалға әсер етіп, оны сия көк түске бояйды. Сондықтан крахмал йодқа, керісінше, йод крахмалға реактив болып есептеледі. Мұндай әрекеттесуді йодты-крахмал реакциясы дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет