Алматы облысы Кеген ауданы



Дата19.05.2023
өлшемі9,27 Kb.
#95218

Алматы облысы
Кеген ауданы
Кеген ауылы
Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі
9 «А» сынып оқушысы
Құсайын Ақниет Сабазанқызы

Табиғатты аялау, қорғау, ол біздің міндетініміз. Қоршаған ортына қорғауға мен қаншалықты үлесімді қосып жатырмын? Мен жалпы ботаника саласын ұнатамын, яғни гүл отырғызғанда , ағаш отырғызғанды жақсы көремін. Отырғызып қана қоймай олардың қалай өсетінін зерттегенді ұнатамын. Сол арқылы табиғатқа ағаштар, гүлдер отырғызып өз үлесімді қосудамын. Жаңа айта кеткендей мен Кеген ауылында тұрамын. Біздің ауылда «Кеген өзені» бар. Сол өзеннің елең еткізер мәселелері бар: Арнасының тартылуы, тереңдігінің тартылуы, су көлемінің азаюы, балықтардың қырылуы және тағы басқада мәселелері баршылық. Және менің қосар үлесім суды қоқыс қалдықтарынан тазартып, айналаны таза ұстау.


Әлия Сәрсенқызы Бейсенова экология ғылымын дамытудағы Э.Геккельдің сол кезеңдегі анықтамасына тоқтала келіп, оның бүгінгі таңдағы өресі кеңіп жаратылыстану ғылымдарының ғылыми деңгейіне көтерілгені туралы баға берген . Мәселен Қазақстан табиғатын зерттеуші көрнекті ғалымдар Н.Л.Корженевский, Н.Г.Герасимов, Л.С.Берг, Н.Г.Кассин, Қ.И.Сатпаев, А.А.Григорьев, Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Кудерин өздерінің зерттеу еңбектерінде экология ғылымын дамытуға қыруар үлес қосқан жандар еді. Олардың ізін жалғастырушы Әлия Сәрсенқызының географиялық зерттеулері табиғатпен тікелей байланысты. Қазақстан табиғатының зерттеу тарихын алғаш рет кең көлемде әрі жан-жақты қарастырған ғалым Әлия Бейсенова екені даусыз шындық.
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады.
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба өзі тұрғаннан өңір налып?!— деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтып кеткендей қазір ауаның өзі таза емес.
Ал мен өз сөзімізді қорытындылай келсем Табиғат ол біздің анамыз. Әрқашан табиғатты аялауымыз қажет. Әрбір көшеге қоқыс шелегін қойып, ғимараттардың жанына шылым қалдықтарын тастайын арнайы орындар жасаса табиғат таза әрі ауасыда таза болады. "Бұлақ көрсең көзін аш" демекші бұлақтың да көзін ашып табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Ең бастысы табиғатты аялайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет