Шашыраған газ-тозаң заттан



Дата30.03.2023
өлшемі29,46 Kb.
#77605
түріҚұрамы

1. Жердің қалыптасқанына қанша жыл болғанын адамдар қалай білген? Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.
2. Магмалық тау жыныстарының шөгінді жыныстардан қандай айырмасы бар? Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері.
3. Қазақстан аумағындағы өте ертедегі аймақтар қай жерде орналасқан? Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.
4. Жанартаулардың көбінің Тынық мұхит жағалауында болатыны неліктен?
Тынық мұхит отының белдеуі немесе от сақинасы Тынық мұхитының периметрінде болатын вулкандық және сейсмикалық белсенділікке жатады. Бұл планетаның сол аймағында жер қыртысын құрайтын литосфералық плиталардың жылжуына байланысты.
Тынық мұхиттың түбі Жер литосферасы бөлінген ең үлкен плиталардың бірін құрайды. Өз кезегінде, Тынық мұхиты плитасы литосфералық плиталардың тағы бір қатарымен жарылып, ығысуды тудырады.
5. Жанартау атқылау атмосфераға қандай әсер етеді? Жанартау – жоғары қысым үстіндегі магманы лава түрінде сыртқа атқылайтын Жер бетіндегі нүкте. Бұл жалғыз ғана нүкте немесе ұзын жүйе (құбыр) түрінде болуы мүмкін. Ол көбінесе Жердің литосферасы жұқа немесе әлсіз болатын жерде орын алады. Лаваның құрамында газ бен күл және “пирокластика” деп аталатын жыныстардың бөлшектері болады. Жанартау әдетте конус формалы жота не тау түрінде болады, көбінесе жылдар бойы жанартаудан атқылаған материалдардан құралады. Жанартаулардың түрі көп, әрқайсысының өз құрылымы мен тәртібі бар, тіпті кейбіреуінің белсенділігі басқалардан жоғарырақ. Қауіптерге қарамастан, көптеген жанартаулардың маңында адамдар өмір сүреді.
6. Платформа аумағында жер сілкінудің сирек және әлсіз болатыны неліктен? Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.
7. Мектепке арналған пайдалы қазбалардың коллекциясын анықтап қараңыз. Қазбаларды қалай анықтапбілуге болады? Пайдалы қазбалардың түрлері қолданылуына қарай жанатын пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар және кенге жатпайтын пайдалы қазбалар болып үшке бөлінеді.

Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б.Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.


8. Тас көмірдің қандай қасиеттері бар, оны антрацит пен қоңыр көмірден қалай ажыратуға болады? Көмірдін генетик жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органик заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескері отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетик топқа бөлінеді:
гумалиттер,
сапропелиттер,
сапрогумалиттер.
Олардың біріншісі-тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі-негізінен ,төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан , ол сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.Химиялық құрамының , физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай Көмір мұндай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, тас көмір, антрацит.
Көмірдің түрлері
Көмірдің қасиеттері
Көмірдің қасиеттері оның петрогр құрамына, көмірлену дәрежесіне және миниралдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздануы 0,92-1,7г/см3 аралығында , бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді: қатты. Моос шкаласы бойынша 1-3 аралығында. Органик массасының элементтік құрамы көміртектің басымдығымен (қоңыр көмірде 65%,антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін ) мөлшерімен сипатталады. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы , біріккіштігі , күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық жане химиялық өнеркәсіп шикізаты,отын ретінде пайдаланылады.Көмір бітімі қабатты,түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты: түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір әлемнің барлық жерінде кең таралған пайдалы қазба.Қазақстанда көмір алабында,Екібастұз көмір алабыда орналасқан.

9.Темір кенінің, болаттың, шойынның, темірдің қасиеттері қандай? емір (лат. Ferrum; Fe)[2] — Менделеевтің Периодтық кестесінің 4-ші периодының 8-ші қосымша тобындағы химиялық элемент. Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең/көп таралған металл. Металдар қатарына жататын химиялық белсенділігі бойынша орташа элемент.


Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі — аспаннаң метеорит түрінде жерге түскен космостық темір.
Болат пен шойынның басты айырмашылығы - болат икемді және шойын, ал шойын қатты және жоғары қысымды беріктікке ие.
Болат пен шойын - бұл қорытпалар немесе темір , онда негізгі легірлеуші ​​элемент - көміртегі . Бұл қорытпалар қажет қасиеттерінің артуына байланысты көптеген қосымшаларда пайдалы. Болат пен шойынның жоғарылаған қасиеттерінің бірі - олар темірге қарағанда берік. Өйткені, көміртектің болуы жоғары қаттылықты тудырады. Сонымен қатар, бұл қорытпалар қажетті қасиеттерді беру үшін термиялық өңдеуден өтеді. Темір-көміртекті қорытпаларда көміртек темір карбиді мен графит түрінде болуы мүмкін. Демек, бұл формалар мен көміртегінің әр түрлі пайызы қорытпаның қасиеттерін өзгертеді.
10. Алюминий кенінің темір кенінен айырмашылығы қандай және оған ұқсастығы неде? Алюминий қандай шикізаттан жасалған? Құрамында барлық минералдардан алюминий өндіру қымбат және тиімсіз. Ол бокситтен өндіріледі, оның құрамында 50% алюминий оксидтері бар және тікелей жер бетінде едәуір массада жатыр.
Бұл алюминий кендері күрделі химиялық құрамға ие. Олар жалпы массаның 30-70% мөлшерінде глинозем, 20% дейін болуы мүмкін кремнезем, 2-ден 50% аралығында темір оксиді, титан (10% дейін) бар.

11.Тас тұздың қасиеттері қандай? Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОНтоптарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.[1] Тұздың гигроскопиялық қасиеті деп ауаның салыстырмалы ылғалдылық кезіндегі тұздың ылғалды жоғалтпауы және ауадан ылғалды сіңіруі үрдістері жүрмеуін айтады. Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.


Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясыжүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ, оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады:

12.Әктастың, құмның, саздың жалпы ұқсас қандай қасиеттері бар?Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Әктастар — шөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады. Барлық шөгінді тау жыныстарының 20%-ін құрайды. Әктастар жоғары температураның әсерінен қайтадан кристалданып, мәрмәрға айналады. Олар көбінесе теңіз түбінде түзіледі. Металлургияда, құрылыста, химия өнеркәсібінде пайдаланылады.


Әктас – кальциттен, кейде арагониттен тұратын кең таралған шөгінді тау жынысы. Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар, халцедон, кварц, глауконит, пирит, гипс, ангидрит, т.б. кездеседі. Әктастар негізінен саяз теңіздер мен қолтықтарда, кейде тұщы көлдерде қалыптасады. Жаратылысы жағынан әктастар органогенді, хемогенді (химиялық), кесекті және криптогенді болып түзіледі. Органогенді әктастар жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтарынан қалыптасады. Жәндік қалдықтарынан тұратынын зоогенді, ал өсімдіктен тұратынын фитогенді әктастар дейді. Хемогенді әктастар қалыңдығы тұрақты қабаттар, конкрециялар құрайды. Олардың түстері әр түрлі (ақ, күңгірт сұр, қара, т.б.) болып келеді. Химиялық әктастар саяз теңіздерде, көлдерде қалыптасады. Кесекті әктастар әр түрлі өлшемді карбонатты кесектер мен үгінділерден тұрады. Криптогенді әктастарға жаратылысы белгісіз, өзгерген әктастар жатады. Олар кристалл түйірлі болады. Әктас – негізгі құрылыс материалдарының бірі. Ол қара металлургияда флюс ретінде, химия өнеркәсібінде (сода, карбид, минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін), қант, шыны, цемент өндірістерінде қолданылады. Әктастың Қазақстанда көптеген кен орындары (Саяқ, Ақтас, Керегетас, Ақжар, т. б.) бар.[1]

13. Өз туған жерлеріңізде кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерімен танысып, қасиеттерін, қолданылуын кестеге түсіріңіздер. Шығыс Қазақстан аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай байланысты пайдалы қазбалары да алуан түрлі қара және түсті металдардың, химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының мол қоры бар. Аймақтың геотектоникалық құрылысы мен геологиялық даму тарихының ерекшеліктеріен сай олар әркелкі таралған.


Металогенездің көріністерінің қарқындылығы мен сипатына қарай облс аумағы бірнеше кенді аймақтарға бөлінеді.

  1. Шөгінді жанғыш және химиялық пайдалы қазбалар шоғырланған Зайсан-Алакөл ойысы;

  2. Орал-Монғол қатпарлы белдеуінің каледон герцин қатпарлықтарына жататын Алтай таулы аймағы;

  3. Герцин кезеңінде түзілген Шыңғыс тау, Сауыр-Тарбағатай, таужүйелері;

Шыңғыстау, Сауыр-Тарбағатай кенді аймақтарындағы пайдалы қазбалардын пайда болу жолдары. Балқаш көлінің солтүстігіндегі Шу-Балқаш метологенді аймағындағы Қараоба кенді белдеуіндегі Солнечный мен Гулшатта сирек кездесетін вольфрам, молибден, висмут металдарының кен орындары бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет