Амангелді Әмина Инфо 11 Отбасылық сауалнама



Дата27.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#130398
түріДиплом

Амангелді Әмина Инфо 11
Отбасылық сауалнама
Мамандық бойынша сұрақ- жауап :
1) Анам( Балнур)
Қандай мамандықты аяқтадыңыз?
-Жалпы медицина
Дипломыңызбен(мамандық) жұмыс жасайсыз ба?
-Иә , әрине. Өзіме ұнағандықтан бұл мамандықпен 23 жыл бойы жұмыс жасап келемін.
Егер қайтадан жоғары оқуға түсуге мүмкіндік болса қандай мамандық таңдар едіңіз?
-Ойланбастан медицинаны таңдар едім.Себебі өте керек,маңызды,сұранысқа ие,әрқашан жұмыс табылатын мамандық деп толық айта аламын.
Жастарға қандай мамандықты таңдауға кеңес берер едіңіз?
-Ең әуелі өзіне ұнаған және болашақта осы салада толық жұмыс жасаймын деп санайтын мамандықты таңдаған дұрыс , әрине әркімнің таңдауы сал алуан түрлі.Соған орай мен Медицина және Педагогика мамандықтарын кеңес беретін едім ,себебі артықшылықтары өте көп!
Мамандық бойынша сұрақ- жауап :
2)Әкем(Данияр)
Қандай мамандықты аяқтадыңыз?
-мен бірнеше мамандықты аяқтадым ,дәл қазіргі уақытта әскери қызметкермін
Дипломыңызбен(мамандық) жұмыс жасайсыз ба?
-Иә , әрине.
Қандай дипломдарыңыз бар?
1) Электр мамандығы
2)Фельдшер
3) Медицина(Хирург)
Жастарға қандай мамандықты таңдауға кеңес берер едіңіз?
-Қазіргі уақытта заманауи мамандықтар өте көп,ал жастарға мен әрине медицина және әскери қызмет мамандықтарын кеңес беретін едім.Алайда медицинада кез келген адам оқи бермейді яғни,адам өз қалауымен ,қызығушылығымен,бар ынтасымен оқу керек .Бұл мамандық талаптылықты,құштарлықты,уақытты,ынтаны талап етеді.Ал, әскери қызметке келер болсам , мен өзім осы салада бірнеше жылдар бойы жұмыс жасағандықтан өз тәжірибеммен ауыз толтырып бөлісе аламын.Жалпы бұл мамандықтың артықшылығын айта кетсем тұрақты жұмыс,жеңілдіктер,өкіметтің тұрғын үймен қамтамасыз етуі,мол табыс.Бұл мамандық жастар арасында кең таралуда.Көптеген мүмкіндіктер ашылуда .Сондықтан осы мамандықтарды таңдауға кеңес беремін.
Әпкем (Меруерт)
Қандай мамандықта оқып жатырсыз және мамандығыңыз өзіңізге ұнайды ма?
-Екі шет тілі , 3-курс студентімін.Қазіргі таңда AIU университетінде білім алудамын. Иә,мамандығым өзіме ұнайды.
Болашақта дипломыңызбен жұмыс жасау ойыңызда бар ма?
Менің мамандығым мұғалімдік жағынан болып келеді.Алайда мен болашақта өзімді мұғалім ретінде көремін деп айта алмаймын.Мен Түрік және Ағылшын тілдерінде білім алып жатырмын,тіл үйренген өзіме ұнайды. Жалпы қазір тіл білген адам кез келген жерден жұмыс табатыны сөзсіз.Және тіл білген адамның мәртебесі жоғарыланада.Соған орай қазіргі таңда Қазақстан бойынша түрік ,ағылшын компаниялары өте көп.Яғни, бұл бір орында тұрып қалмауға мүмкіндік береді.
Тіл білудің маңыздылғын айта аласыз ба?
Тіл білудің маңызы, ойлау, сөйлеу, көрнекілікті анықтау, сұрау жасау, дербес пайдалану, түсіндіру, көмек көрсету және көптеген басқа аспекттерде көрсетіледі. Тіл білудің маңызы, адамдарды қарым-қатынас жасау, байланыс орталығында танымал болу және ойлау үшін де маңызды. Тіл білудің маңызы, бір адамның тәуекелге жетуін, көптеген жұмыс істеу мүмкіндігін, көптеген салаларда сәттілікке ие болуын арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет