Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі



Дата18.10.2023
өлшемі21,94 Kb.
#118490

Жамбыл облысы
Әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
“Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі”
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Mektep.7inter@yandex.kz
Меню сайта
СШ№7 с. Интернационал » » 2017-2018 жылдық есеп психолог
01
ИЮНЬ
2018
8012345
2017-2018 жылдық есеп психолог

Мектеп психологтарының 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарының жылдық есебі.


Мектеп психологтары: Нысанова А.К. Джантаева Т.И.



Мақсаты: Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, тұлғааралығын өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу, психологиялық мәдениетін көтеру.
Психологиялық қызметтің міндеті
• Өмірге икемді, алдағы атқаратын істерді толық сезе білетін, өмірге көзқарасы қажетті дәреже таныта алатын тұлғаны тәрбиелеу;
• Әрбір оқушыға мақсатты айқын мәдени – өнімдік тұлға болуға әсер ету;
• Әрбір оқушының өз мінез- құлқының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
• Ұжымда жағымды психологиялық хал- ахуалдың болуына әсер ету;
• Жекелеген ауытқушылықтардың алдын –алу;
• Бәсекеге қабілетті маман даярлауға психологиялық әсер ету.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары
Психологиялық зерртеу Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу.
Психологиялық алдын-алу
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Психологиялық түзету, дамыту
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен біліктілік деңгейін арттыру.
Психологиялық кеңес беру
Мақсаты: Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру.
Психологиялық ағарту
Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар ұйымдастыру
Психологиялық диагностика
Мектепалды даярлық және 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша «Керн-Йерасик» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды жасалынды. Бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға бейімделуін анықтауға байланысты Н.Г. Лусканова тесті алынып, оқушылардың бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі анықталынды. Қиын және девианты мінез- құлықты оқушыларды анықтау барысында сынып жетекшілерден ұсыныс түсіп «Стот бақылау» картасы толтырылды, папкасы жинақталды. Тұрмысы төмен отбасы мен мектепішілік есепте тұрған оқушылардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын зерттеу мақсатында әлеуметтік педагогпен бірге ата-аналарымен сұхбаттасып, үйлерін аралап акт толтырылды. 2-4 сынып бойынша оқушылардың таным процесстерін диагностикалау мақсатында тест алынып,
Оқушылардың есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау, қиял деңгейлері тексеріліп, бланктер толтырылды. 6 – 8 сынып оқушыларымен Филлипстің мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында тест жүргізіліп, нәтижесі бойынша оқушылардың қобалжу деңгейі факторлар бойынша жоғары еместігі анықталды. Әр сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық картасы толтырылды. Бала бойындағы дарындылықты анықтау мақсатында дарындылық картасы 2-9 сынып оқушыларымен жүргізіліп көркемдік, спорттық, академиялық, шығармашыл-креативті бейімділіктері анықталынып, іріктеліп, тізімі жасалынды. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын, оқушылардың мұғалімдерге деген көзқарасын анықтау мақсатында
«Мұғалім оқушы көзімен» анкетасы алынды. Нәтижесінде мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде, оқушының жақсы тәрбие – білім алып, жетілуіне мұғалімнің ықпалы басым екендігі анықталды. 5 сынып оқушыларының қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия» әдістемесі жүргізіліп, сыныпта жалпы психологиялық ахуал жақсы, шеттетілген оқушы болған жоқ.

6-8 сынып оқушыларының бойындағы өзгерістерді бақылау, келешегіне ой жүргізу, бала бойына жақсы мінез-құлық қалыптастыру «Менің өзгерістерім» социометрия әдістемесі жүргізіліп,нәтижесі шығарылды. 1-4 сынып оқушыларымен «Үй, адам, ағаш» психологиялық әдістемесі жүргізіліп, әр оқушыға жеке психологиялық талдау жұмысы жүргізілді.Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының таным процесстері зерттеліп анықтау жұмыстары жүргізілді.


1 сынып оқушыларынан таным процесстері қалыптасып, есте сақтау, қабылдау, зейіні, ойлауы өте жақсы, қиялы, ұшқыр ойы, логикалық ойлауы, сөздерді құрастыруы да өте жақсы дамыған.

Осы орайда 1-10 сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі 11 критерий бойынша анықталды, нәтижесінде оқушылардың тәрбие денгейі үлгерімнен 6 пайызға жоғары болды.


Ерекше назардағы оқушының темперамент типі анықталып, жеке 1 оқушыға мінездеме берілді және оқушымен «Мен және менің достарым» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде оқушының өз ортасында сыныптас достарымен жақсы қарым-қатынаста екендігі анықталды. 8-9 сынып оқушыларының құқықтық білімін анықтау мақсатында «Біз неге құқылымыз?» тақырыбында сауалнама алынып нәтижесінде оқушылардың құқықтық білімі орташа деңгейді көрсетті.


Сонымен қатар дарынды оқушылармен ақыл-ой деңгейі дәрежесін анықтау мақсатында «Штур» әдістемесі жүргізілді, нәтижесінде оқушылардың ақыл-ой деңгейі жоғары нәтижені көрсетсе, қалған оқушылар орташа деңгейді көрсетті. 5-8 сынып аралығында жеке бас ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Кактус» әдістемесі жүргізілді, Нәтижесінде: әр сынып оқушыларының жеткіншектік шақтағы өтетін қиыншылықтар, өзіне сенбеушілікті анықтап, өзіндік бағалауды үйрету, жауапкершілікті арттыру, мінез-құлқының әлеуметтік маңызды нормаларына бағдарлау, бейімдеу, қасиеттерді бағалау анықталды.

Мектеп алды даярлық алды тобы мен 1-4 сынып оқушыларының бейімделу деңгейі, танымдық процестеріне психологиялық диагностика жүргізілді. Оқушылардың ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін анықталынды. Оқушылардың бағдарлы оқыту және болашақ мамандыққа көзқарасын анықтау мақсатында 9 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылып, оқушыларға болашақ мамандыққа байланысты түрлі тиімді кеңестер берілді. Оқушының орта буынға дайындығын анықтау мақсатында «Мен 5 сыныпқа көшемін» тақырыбында шығарма алынды, мақсаты 4-сынып бастауыш сыныптан орта буынға өту туралы оқушылардың ойын білу, психологиялық тұрғыда дайындығын, эмоционалды жағдайын білу, анықтау. Оқушылардың шығармаларынан анықталғаны,оқушыларда орта буынға көшуде қобалжу жоқ екендігі,өздеріне сенімділігі мол екендігі анықталды.
3-4сынып «Мен білемін» топтық іскерлік ойын оқушылардың ойлауының, есте сақтауының қарым-қатынасын анықтау.
Мектеп алды даярлық тобы оқушыларының танымдық процестерінің (ойлау, қабылдау, есте сақтау, қиял)даму деңгейі анықталып, әр оқушыға нұсқаулық бойынша тапсырмалар беріліп, қорытынды жасалынып нәтижесінде мектеп алды даярлық тобының мектепке дайындығы орташа деңгейді көрсетті.

Психокоррекция: түзету, дамыту


Оқушылармен психокоррекциялық жұмыс психологиялық түрде дұрыс дамыған балаларға да, сонымен қатар оқу барысында, мінез – құлқында қандай да бір күрделі психологиялық мәселелері байқалатын балаларға да бағытталына алады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың басым қолданылуы, ол екінші жағдайда – түзету (коррекциялық) жұмысының орындалуы жоспарланады. Толық әрі жан – жақты ұйымдастырылған түзетуші – дамытушы жұмыстың негізгі принципі – оқушыға ықпал етудің тұтастығы болып табылады.
Жеткіншектермен жеке бас ерекшеліктерін дамыту және қарым-қатынасқа нашар түсетін оқушылармен «Көңіл-күй кімге және кімге байланысты болады?» түзету жұмыстары жүргізілді.

Бастауыш сынып оқушыларға эмоциялық көңіл-күйге арналған түзету-дамыту бағдарламасы жасалып 1 – 2 сынып өзіндік бағалау әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың өзіндік бағалауы «орташа», «жоғары» деңгейде екені анықталды. 1 сынып оқушыларымен жүргізілген «Мектептің суретін сал» әдісі арқылы баланың мектепке қарым-қатынасы мен мектептік қобалжу деңгейін анықталды. Төмен деңгей – 8 оқушы, орташа деңгейде – 20 оқушы, жоғары деңгей – 10 оқушы.Оқушылармен оқушы бойында бір- біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Менің жағымды тұстарым, жақтарым, қырларым … досымның көзімен» әдістемесі жүргізілді.


Сонымен қатар үйде оқытылатын оқушының үйіне барып ата-анасымен балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайын анықтау мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.

Үйде оқытылыатын оқушыға мектеп әкімшілігінің атынан кішігірім сыйлықтар таратылды.


Оқушының мектепке деген көзқарасы, мектептегі белсенділігін, оқуға ынтасын, мектепте оқуға бейімделуінің деңгейін, сабаққа қатынасын анықталынды, нәтижесі шығарылып оқушылырмен «Жағымды қатынас орната білу», Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулары зейінді дамытуға арналған жаттығулары, ес процесін дамытуға арналған жаттығулар. «Мен қапқа салдым», «Төртіншісі артық» «Сөйлемді аяқта» ойындары жүргізілді, мақсаты: логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту, еріксіз зейінді дамыту, еске сақтау қабілетін, есту арқылы қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді. Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.

Психологиялық консультация
Оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу. Оқушыларға кәсіби бағдар беру. Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету. Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын анықтау.

5-6-7сынып оқушыларына «Бала өмірінде жәбірлеуге жол бермейік» психологиялық кеңес берілді: Ақылды адам өз басын кінәлайды, ақылсыз адам жолдасын кінәлайды- демекші, қандай жағдай болмасын, әңгіменің байыбына бармай жатып, біреуді кінәлаудан аулақ болыңдар. Қиын жағдайға түсіп қалсаң, үрейге немесе күйзеліске түспе, жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс деп оқушыларға түрлі тиімді психологиялық кеңестер берілді.


9-шы сыныптарда психологиялық-педагогикалық консилиум өткізілді. Оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу.Оқушыларға кәсіби бағдар беру. Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету. Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын анықтау,оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу,оқушыларға кәсіби бағдар беру, нәтижесінде оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді, мамандыққа байланысты ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті. «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» - деп, Елбасымыздың алға қойған үлкен мақсаты «Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу» үшін біз заман талабына сай болуға тырысатын жастарға сенім білдіре отырып, консилиумның сіздердің өз мамандықтарыңызды дұрыс таңдауына, оң шешім қабылдауға психологиялық көмек берілді.Сонымен қатар «Салауатты өмір сүрсең-қызғалдақтай өнерсің » тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен жеке әңгіме, «Мен нашақорлыққа қарсымын» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізіліп,оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты пікір-алмасу барысында психологиялық консультация берілді.

Психологиялық профилактика


7 сынып оқушыларымен «Мен қандаймын» тренингі жүргізілді. Тренинг барысында оқушылардың ара қатынасы, бір – бірімен қарым қатынасы, бағалауы анықталып, ойындар, жаттығулар жүргізілді.

Оқушылардың жеке қасиеттерін зерттеу мақсатында «Өзіндік баға берудің шкаласы», «Автопортрет» әдісі, «Кактус» әдісі жүргізіліп оқушының айналадағы адамдармен қарым-қатынасын бақылау мақсатында жеке жұмыстар жүргізілді. 7-8 сынып оқушыларының құқықтық білімін анықтау мақсатында «Біз неге құқылымыз» сауалнамасы алынды.


Кәсіптік бағыт-бағдар
9сыныптарға арналған «Сенің кәсіби ой ниетің?» сауалнамасы алынып, өзінің кім екенін, қандай екенін, болашақта қандай маман бола алатынын, алға қойған мақсаттарын қалай іске асыру керектігі анықталынып, нәтижесі шығарылды. 9 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты тренинг жүргізілді, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығна психологиялық – педагогикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сәуір айында жүргізілген кәсіби бағыт –бағдар сауалнамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Тренингке қатысушылар кәсіптік икемділік және қызығушылықтарын анықтау нәтижесімен таныстырылып ақпарат алмасты.
Нәтижесінде оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді, мамандыққа байланысты ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті.
Оқушыларға ОЖСБ-ға дайындық жүргізу мақсатында «Сіздің ерекше қабілетіңіз» тренингі жүргізіліп, психологиялық ұсыныстар,кеңестер берілді.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс
1 сынып мұғалімдеріне кеңестер берілді. Жас мамандармен «Мен ғажайыппын» тренингі жүргізіліп, жас мамандар сауалнамасы толтырылды. Сынып жетекшілермен сынып жетекшіге арналған карта толтырылды. Жас мамандармен психологиялық ағарту жұмысы жүргізіліп «Ұжымға бейімделу» тренингі өткізілді. «Сіз қандай ұстазсыз?» сауалнамасы алынып тренинг жүргізілді.
Мектептегі барлық сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен байланыса отырып жеке психолого-педагогикалық карта толтырылды.
Пән мұғалімдерімен байланыса отырып негізгі пәндер бойынша оқудағы үлгермеушіліктің себептерін анықтау мақсатында оқушылардың танымдық процестеріне психодиагностикалық әдістер жүргізілді. Психодиагностика арқылы ойлауы, зейіні, есте сақтауы,қабылдауы және қиялының деңгейлері анықталды. Нәтижесі шығарылып,пән мұғалімдеріне ұсыныстар жасалды. Әр үлгерімі төмен оқушыға психодиагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша қорытынды жасалды. Оқушылар мен мұғалімдердің қарым – қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы жүргізіліп мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы жағымды қасиеттің болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықталынды. Оқытушының дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтау мақстында тест алынып, ұпай бойынша мұғалімнің дарынды баламен жұмыс істеуге бейімділігі бар екендігі, шығармашылық ынтасын оята алатындығы анықталынды.

Сонымен қатар жас мамандармен «Мен үйдемін, мен жұмыстамын», «Менің ерекше қабілетім» тренингтері жүргізіліп, «Мен құрметтейтін ұстаз» тақырыбында шығарма жазылды, шығарма барысында жас мамандар өздері құрметтейтін ұстаздарды тәлімгер ретінде көргісі келетіні және ұстаздық мамандықта тәлімгердің атқаратын маңызы зор екендігі айтылған. «Мұғалімнің шыдамдылығы»тесті алынды. Мұғалімдердің шыдамдылығы мен кәсіби бағыттылығын анықтау, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін анықтауға мүмкіндік беру. Мұғалімдермен «Мұғалім болу оңайма?» тренингі өткізіліп, мұалімдердің шаршау, енжарлық, аффектілерінен арылтуға жаттығулар жүргізілді. Сынып жетекшілерді диагностика нәтижелерімен таныстырылып түзету дамыту жұмыстары уақытында өткізіліп отырады. Оқушылар мен мұғалімдердің қарым – қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы жүргізіліп мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы жағымды қасиеттің болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықтау


Жыл бойы оқушылармен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста қарым-қатынаста жұмыс жүргізілді. Жас мамандармен психологиялық қолдау көрсету мақсатында психологиялық ағарту жұмыстары және қарым – қатынас, сенімділік тренингтері жүргізіліп отырды.
Ата-аналармен жұмыс
Оқушының ата-анамен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ата-анасынан «Ата-аналарға арналған»сауалнамасы жүргізіліп баласына қанша уақыт бөлетінін, қаншалықты түсініп, тыңдай алатыны біліп тексеру мақсатында 7-8 сынып оқушыларынан «Балаларға арналған» сауалнама алынды. Сонымен қатар ата-аналармен «Тәрбие отбасынан басталады», «Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері» тақырыптарында жиналыстарда баяндамалар оқылып,баланың ата-ана өміріндегі маңызды орын алатынына шолу жасалынды.
Әр-бір ата-ана оқушының жан-жақты дамуын қадағалауы (қызығушылығы, қабілеттілігі, психолого-физиологиялық сапасын, денсаулық жағдайы)қажет
Оқушының практикалық және психологиялық дайындығын кәсіптік міндеттермен салыстырып деңгейін білуі керек.
Болашақ мамандығын еркін меңгеру үшін, жеке жетіспейтін кәсіби сапасын баламен бірге маңыздылығын анықтау.
Өзіндік тәрбиелеуге ұмтылыс және мектеп баламен оның жетістіктерімен мақсатқа жету жолын қарастыру. Еліміздің дамуы мен қалыптасуында ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы- еліміздің тұғырын берік етіп ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ өсіруге атсалысу. Қоғамда дамытушы күш жастар болғаннан кейін, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш, қабілет болуы керек. Ол күш-білімде, тәрбиеде, тәжірибеде, делінді баяндама барысында.
Дарынды оқушылармен жұмыс
Дарынды балалардың қабілеттерінің анықталуына, дамуына жағдайлар жасау, шығармашылық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету.
Оқыту үрдісінде дарынды балалармен жұмыстың тиімділігін арттыратын педагогикалық технологияларды ендіру.
Дарынды балалармен жұмыста мұғалімдерге ғылыми – әдістемелік, ақпараттық қолдау көрсетуді жетілдіру.
 Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
 Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
 Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшандылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял күйінің басым түсуі.
 Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдік қасиеттерге ие болуы.
Дарынды оқушының қызығушылығын арттыру, дамыту үшін таңдалып алынған дарынды оқушылармен төмендегі жұмыстар жүргізіледі.
Дарынды балаларды анықтау, ата-аналарымен, сынып жетекші пән мұғалімдерімен қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықталынып С.А. Савенков картасы толтырылды. Оқушылар бар зейіндерін салып ойланып, өз қиялдарына ерік беріп бейнелі тесті орындады.
Дарынды балалардың. Дарынды оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету, қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Дарынды балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары туралы баяндама оқылды.
Дарынды балалармен «Мен ғажайыппын», «Менің ерекше қабілетім» тренингі жүргізіліп оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, әр түрлі жетістіктерге жете беруге тілектер айтылып, жаттығулар жүргізілді.
Ерекше назарда тұратын оқушымен жұмыс
Ерекше назарда тұрған оқушыларды анықтау мақсатында «Стотт картасы» толтырылып, нәтижесінде «Ерекше назарда тұратын» оқушылар тізімі алынды.
Ерекше назардағы оқушымен «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі жүргізілді, жеке психологиялық картасы толтырылды. «Өзіңді бақылай білесіңбе?» сауалнамасы алынды, «Мен және менің достарым» тақырыбында сұрақ – жауап алынды. «Бақылау картасы», «Өзара қарым-қатынас», ерекше назарда тұратын бақылау күнделігі толтырылып, үйірмелерге қатысуы қадағаланып отырды.
Ерекше назарды қажет ететін оқушымен жеке әңгіме, «Кох ағашы» әдістемесі жүргізілді.
Құқық ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілермен бірлесіп ерекше назарда тұратын, тұрмыс жағдайы төмен, үйде оқытылатын оқушының тұрмыс жағдайымен танысып, акт толтырылды.
Өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстары
6 -9 сынып оқушылары арасында суициалды мінез –құлықты анықтау мақсатында тест жүргізіліп, мазасыздық деңгейі бар оқушылармен ағарту жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу туралы тренинг өткізілді. Оқушылар арасында жағымды эмоционалдық жағдай қалыптастыру, оқушылардың ішкі сана сезімін түсіну, өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу, өмірге құлшынысын ояту. «Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі» атты «дөңгелек үстел» барысында мұғалім оқушыларға өзіне-өзі қол жұмсау қолайсыз жағдайларға, үлкендер тарапынан болатын қысымдарға, кейде педагог мамандардың әдепсіз қылықтарынан, достары мен сыныптастарының дау дамай мәселесі, өзара реніш, жағдайда туындайтындығын көрсетті. 7-9 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілері мен мектеп психологтары «Өмір құндылығы неде?» тақырыбында оқушылардан қысқаша шығармалар жазылып алынды.

Ата-аналар жиналысы барысында «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері» жайлы баяндама оқылды. Өзін-өзі қол жұмсау мінез-құлық ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Суицид әрекеті-өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті мен аяқталған суицидті біріктіреді. Суицидтің үш түрлі топқа бөлінетіндігі жайлы да, мінездің ашулы, байбаламдық сипаттында жеке бас қарым-қатынастың кесірінен болатын жағдай екені айтылды.


Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің нұсқауымен 2018 жылғы наурыз айында жүргізілген айлық жоспарға сай мектеп оқушыларының арасында психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық іс –шара өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы «Өзіне – өзі қол жұмсау» тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейкестілігін жоғалтпай,қайта жас ерекшілігіне қарай оның маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Өзіне өзі қол жұмсау тек адамға тән қасиет. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар көбіне психикалық аурулармен ауыратын, стрессте жүретін, өзін-өзі басқара алмайтын адамдар болып келеді. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы дамуы қалыпты адамдардың да психопотологиясында орын алады.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу барысында оқушылардан «Бопсалау дегеніміз не?» қалай түсінетінін, жоғарғы сыныптардан әлімжетік, жәбір көріп жүргенін білу, анықтау жұмыстары, «Қылмыс неден басталады», «Біз неге құқылымыз» сауалнамалары алынып оқушылардың құқықтық білімдерін анықталды.
«Сенім жәшігі» жұмыс жасап, түскен хаттар талқыланып, керек жағдайда мектеп әкімшілік кеңесінде қаралды. Мектеп директорының құқықтық тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, оқу-тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыста болып жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет