екі элемент, үш деңгей, бес күй, жеті қабатты



Дата20.02.2022
өлшемі18,1 Kb.
#25947

Тұлғаның əлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының əсерлерінің негізінде өзінің жекелік жəне əлеуметтік мəнін көрсетуін айтады. Осылайша, əлеуметтену процесінде тұлғаның əлеуметтік тұрғыдан дамуы ғана емес, сонымен қатар оның жекелік ерекшеліктерінің қалыптасуы да жүзеге асады.

Тұлға əлеуметтену процесінде қоғамдық қатынастардың субъектісі жəне объектісі ретінде қалыптасады.

Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену процесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады.

Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұлғаның субъектілік сапасын қояды. «Адамның өмірлік күші» жəне «өмірлік кеңістік» деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт  аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеуметтенудің  жеке    жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табылатын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған  əлеуметтік  ортасына,  яғни өмірлік  кеңістігіне сөзсіз əсерін тигізеді.

Универсумдық парадигма тұлғаның биопсихоəлеуметтік мəнінің негізінде оның рухани жақтарына ерекше мəн беруімен сипатталады.

Минималдық универсумға негізделген универсумдық парадигма əрбір дамып келе жатқан материалдық   жүйені   (оның   ішінде    тұлғаны да) бейнелеуге қажетті сипаттамалардың аз  көлемін – екі элемент, үш деңгей, бес күй, жеті қабатты ұсынады.   Универсумдық  парадигманың негізгі тұжырымдамаларына сəйкес, тұлғаның əлеуметтенуін адамның табиғи, əлеуметтік жəне рухани байланыстардың біртұтастығы ретінде əлеуметтік ортамен өзін белсенділікпен теңдестіруі жəне



екі элементтің: сана мен  санасыздықтың; 

үш деңгейдің: физикалық, астральдық (жан, эмоция сферасы) жəне менталдық (рух, ойлау сферасы) денелердің;

бес кезеңнің: ертеректегі əлеуметтенудің,жалпы оқудың,кəсіби оқудың,əлеуметтік кемелденудің, өмірлік циклдің бітуінің;

жеті қабатты (өзін) теңдестірудің: əлеуметтік-кəсіби, отбасылық-қауымдық, ұлттық-территориялық, діни-идеологиялық,    эволюциялық-түрлік, жыныстық жəне рухани түрлерінің қатарлас жүруінің логикалық процесі ретінде анықтауға болады.

Универсумдық теорияның дамуына ерекше үлес қосқан В.Г. Немировский, минималдық универсум принципін «архетип», зерттеу объектісінің толықтырылған үлгісі, əрбір жүйенің даму процесінің жүзеге асырылу матрицасы ретінде қарастырады. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның мəнін рационалдықпен қатар саналы түрде жасалынбайтын эмоционалдық мінез-құлық та сипаттайды.

Əлеуметтену процесінің мазмұны мен сипаты əлеуметтік-мəдени ортамен жəне тұлғаның жеке белсенділігімен тікелей байланысты. Бұл өзара байланыс үш деңгейде (қоғам, микроорта жəне жеке өмірлік тəжірибе) көрінеді. Əлеуметтену процесінде тұлға қоғамдық маңызды əлеуметтік-мəдени ақпараттарды, ал микроортада жақын топтардың құндылықтары мен талаптарын қабылдап, үшінші деңгейде бұл қабылданған құндылықтарды өзінің ішкі дүниесіне өткізуді жүзеге асырады.

Тұлғаның əлеуметтенуі қоғам мен жеке адамның əлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам  адамды  қалыптастыратын  болса,  онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тəуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. 

Тұлғаның əлеуметтену процесінің механизмдеріне танымдық, бейімделу, интеграциялық механизмдерді жатқызуға болады.

Т. Парсонс əлеуметтенудің маңызды механизміне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. Осы мағынасында əлеуметтенудің танымдық механизмі ретінде еліктеу мен теңдестіруді қарастыруға болады. Əлеуметтенуді тұлғаның əлеуметтік жүйеге бейімделу процесі ретінде қарастыра отырып, Т. Парсонс бейімделу механизміне де басты назар аударады. Бейімделу Парсонс бойынша институционализацияланған құндылықтарды қоғамның күтіліміне сай қабылдау ретінде түсіндіріледі. Ол конформизмді индивидтің табиғатының, оның бейімделу мүмкіндігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, оны əлеуметтік жүйенің қалыптасу заңдылығы ретінде түсіндіреді. Əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері оның көзқарасы бойынша, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейіне жетудің тəсілі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта тұлғаның субъектілік сапаларының өзектендірілуіне байланысты əлеуметтенудің бейімделу механизмдерінің қатарына инициативаны да жатқызған жөн. Мұның себебі бейімделуді əлеуметтенудің белсенді механизмі ретінде қарастырумен тығыз байланысты.

Жоғарыда аталған əлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.



Еліктеу – индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы.

Теңдестіру – теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау;

Бейімделу – пассивті бейімделу қылығын таңдау.

Адаптация – белсенді бейімделу позициясын таңдау.

Конформизм (конформдық  мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту.

Қолдау үлгісі –  қалыптасқан  əлеуметтік тəртіптерді қолдаудың əрқилы түрлері.

Қақтығыс – субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сəйкессіздігін сезінуі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет