Ана тілім-айбыным



Дата20.03.2023
өлшемі15,11 Kb.
#75564

Ана тілім-айбыным
Тіл – Алланың адамға берген ең құнды сыйы.Тіл несімен құдіретті? Тіл несімен ерекшеленеді? Тіл бұл –адам мен адамды байланыстыратын ерекше құрал.Адамзат Алланың сыйы арқылы берілген бұл құнды құралды жүрек қалауымен басқарады.Сонымен қатар тіл – адамзаттың асыл қазынасы.Менің мемлекеттік тілім яғни ана тілім ол –қазақ тілі.Мен өз тілімді ,дінімді мақтан тұтамын.Ана тілі арқылы сол елдің салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы ұрпақтан ұрпаққа дейін жетіп отырады.Адам туылғаннан бастап, өзінің ана тілін жетік білуі керек.Ана тіліміз ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңе бастайды.Әрбір ел тәуелсіздікке мәдениетін,тарихын, ана тілін сақтап қалуға ұмтылды.Біздің елімізде Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өз ана тілі мен мәдениетін пайдалануға,қарым-қатынас,тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.Біздің елімізде тұрып жатқан басқв ұлттвр өздерін Қазақстан халқының біртұтас ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.Жалпы Қазақстан халқы көпұлтты мемлекет.
Менің ойымша , қазіргі уақытта кейбір тілдер өзінің қалыптасқан аймағынан тыс таралып кетті.Кейбір адамдар ғана өз ана тілін қолданады.Шығу тегі әртүрлі халықтар бір-бірімен жалпыға ортақ тілде сөйлеседі.Тіл жалпы алғанда адамзат мәдениетінің арнайы символдарының көмегімен ақпарат тарату әдісі болып табылады.Тіл қоғамның дамуымен бірге пайда болды және уақыт өте әртүрлі өзгерістерге ұшырады.Еліміз Егемен ел атанды. 1998 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 22 қыркүйек күнін Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жариялады.Тілдің адам өмірі үшін мәні шексіз. Тіл біздің ұлтымыз үшін өдшеусіз қазына,өрісі кең әлем.
Қазіргі таңда мені қуантатын жайт еліміздегі басқа ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде.Мысалға алатын болсақ менің жақын досым Наталья .Ұлты орыс бола тұрып ,біздің тілге қызығушылығы оянып,қазақ тілінде үйреніп алды.Мен досыма қуана-қуана көмектестім.Екеуміз күнде қазақша сөйлеп,5-6 айда тілді 100 пайыз болмасада 80 пайыз үйреніп алдық.Досым үшін қатты қуандым және менің де көмегім тек досым үшін ғана емес қоғамға да тиді деп ойлаймын.Тіл мен үшін тек сөйлеу ,есту,түсіну құралы ғана емес қазақ халқының байлығы.Мен болашақта осы ана тілімді дамытуға зор үлес қосамын. Менің ойымша біз жастар қазақ тілін насихаттауымыз керек.Мәселен, біріншіден қазақша сөйлеу,кез-келген мобилді қосымшаны қазақша таңдау,іс қағаздарын қазақша жүргізу.Мен өз еліммен, ана тіліммен , салт-дәстүріммен ,дініммен мақтанамын. Жасай бер қазақ елі!Жасай бер ана тілім!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет