Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз еліммен мақтанамын»
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
-Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту
Тәрбие сағатының міндеттері: 1. Оқушылырға тәуелсіздіктің қалай келуін түсіндіру.
2. Оқушылардың қабілеттерін арттыру.
3. Оқушыларды білімді, озық болуға, өз пікірін тиянақты әрі нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, тренинг,тик ток рефлекция.
Тәрбие сағаттың түрі: пікіралмасу
Көрнекілік:интерактивті тақта
Техникалық жабдықталуы:суреттер,ҚР рәміздері,желтоқсан құрбандарына байланысты фотосуреттер.
Тәрбие сағатының құрылымы I. Ұйымдастыру кезеңі: - тренинг
II. Негізгі бөлім: - “менен сұрақ,сізден жауап” (сұрақ жауаптар)
- Видеоролик
- “топтық жұмыс”
III. Қорытынды: - “Жорға”
- “Тик ток” рефлекция
Тәрбие сағаты барысы Сынып жетекшісі:Мен өз сабағымды Елбасымыздың сөзімен бастағым келеді: «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Мен бұл жолдарды мақтана оқып: «Мен тәуелсіз елдің азаматымын деп мақтанамын, бірақ мен осы тәуелсіз ел азаматы ретінде не істей аламын?» – деген сұрақ көкейімде тұрады. Рухани жаңғыру мақаласымен де танысып қуана мақұлдаймын бәрі де біздерді қуаттандыра жарқын болашаққа жетелеп тұр. Ал мен сол болашаққа қалай қадам басамын? Ендеше әрбір ел азаматы елбасымыздың жылдағы жасап отырған жолдауын бірауыздан қолдап аз да болса, қолдау көрсете білуі керек.
Міне, балалар, сіздерге айтарым сіздер де еліміздің елдігін танып,елбасымыз ұсынып отырған бағытпен алға жылжып, өз білімдеріңізді іс-тәжірибеде көрсете білсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді.
Сабақ барысы:
I.Тренинг «Мамандық магазині»
Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.
Мысалы: Мұғалім — механик — кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз
Сынып жетекші:1986 жылы 16 желтоқсанда Республика Орталық комитетінің 5-пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда Қазақстан республикасын 25 жыл басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды. Бұған 1987 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: "Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді, көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Аңғал сеніммен шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді, Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат, аңғал, алаңсыз еді. Оларды бір қолында қалқаны, бір қолында шоқпары бар қарулы сақадай сай әскерлер қарсы алды.Оларға зәбір көрсетілді. Жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап еткен жастарға «бұзақы», «ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Дүрбелең. Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат сегізде Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300-дей еді. Бара-бара олардың қатарлары көбейді. Бәрі де қазақ жастары еді.
ІІ.Топқа бөлу кезеңі
Берілген QR-код арқылы топқа бөлу.
«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
Ережесі:Оқушылар екі топқа бөлінеді.Ортаға екі сандықша қойылады.Топтағы оқушылар тақырып бойынша(мысалы,желтоқсан құрбандары) 5 сұрақ құрастырып,сандықшаға салады.Екі топ сандықпен алмасады. Оқушылар кезекпен сандықтағы сұрақты алып,жауап береді. Қай топтың сұрақтары мен жауаптары дұрыс әрі қызық болса,сол топ жеңіске жетеді
IV «Топтық жұмыс»
1-топ.Мәңгілік ел. Отан сөзін қалай түсінесіздер? Осы сөзге мақал –мәтел жазу, Бір шумақ өлең
2-топ.Болашақ. Қазақстан мемлекетінің болашағын қалай болжайсыңдар?
Презентация «Тәуелсіздік жетістіктері» таныстырылады.
V кезең «Жорға» (7 минут)
Мұғалім: Бұл турға тек топ басшылары қатысады. 1 минут ішінде сұрақтар қойылады қанша дұрыс жауап берілсе сонша балл жинайсыздар. Әр дұрыс жауап 1 балл. Ал басшыларға көмек беруге болмайды.
1-команда капитаны
1).ҚР –ның мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұран)
2).Үақыттың өлшем бірлігі? (минут, секунд)
3)Қазақстанның ең басты қаласы (Астана)
4).ҚР-дағы ең жоғарғы лауазымдық (Президент)
5). Әртүрлі тілдерді меңгерген адамды қалай атайды? (полиглот)
1). ҚР-ның ұлттық валютасы ( тенге)
2). Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
3). Жолдың өлшем бірлігі (метр, сантиметр, километр)
4). ҚР –ның Тұңғыш Президенті (Н.Ә.Назарбаев)
5).Ғарышты игерудегі Қазақстанда орналасқан қала? (Байқоңыр)
Рефлекция «Тик ток»әдісі
Лайк-сабақ қызықты өтіп түсінікті болды.
Комментарий-қай жері түсініксіз болды.
Репост-бүгінгі сабаққа деген ұсыныс.пікір.