Әр тапсырманың шешімін жеке параққа жазыңыз. Парақтың екі жағына
жазуға тыйым салынады. Әр параққа қолыңызды және орындалатын
тапсырманың нөмірін қойыңыз.
Тапсырма шарттарын немесе ескертулерді қайта жазбаңыз. Уақытты
үнемдеу үшін сіздің шешіміңізді түсіндіруді қажет ететін тапсырмада
шешімнің әр қадамдық барысын жазбаңыз. Оның орнына өз
бақылауларыңызды жазған жөн.
Қанағатсыз: «17 және 23 сөйлемдерге қарап, олардың екеуінде де x- сөз
алды қосымшасы қолданылатынын көруге болады...».
Жақсы: «N тілінде x- сөз алды қосымшасы көпше түрді білдіреді».
Түсіндірусіз берілген дұрыс жауаптар төмен бағаланады.
1-тапсырма.
Нивх тіліндегі сөздер (латын транскрипциясында) және олардың орыс
тіліндегі аудармалары берілген:
markɣip — сүйектен жасалған тұтқа
həjkvəņx — қоян сорпасы
ţopipzoŋr — жорғаторғайдың басы
markfuf — сүйектен жасалған ара
pevsţʼŋaj — ысқырық кескіні
kəxkəxţoŋr — аққудың басы
iuspʼoqi — шортан торсылдағы
tuxkip — балта тұтқасы
məkəkfoqi — шабақ торсылдағы
pevskʼutə — ысқырық тесігі
kəxkəxkʼuŋs — аққудың асқазаны
həjksŋaj — (1)
iusţoŋr — (2)
ţopipxuŋs — (3)
məkəkzoŋr — (4)
(5) — тұтқаның тесігі
(6) — балта сорпасы
(7) — сүйектен жасалған ысқырық
(8) — ара тұтқасы
(a) Бос орындарды толтырыңыз. Шешіміңізді түсіндіріңіз.
Нивх тілі – Амур өзенінің төменгі ағысы мен Сахалин аралының байырғы
тұрғындарының тілі. Бұл тілде 1 мыңға жуық адам сөйлейді. Нивх тілінің
туыстық байланысы анықталмаған.
x = орыс тіліндегі х әрпі; ɣ = ұяң x; ņ, ţ = жқмсақ n және t; ʼ белгісі алдыңғы
дауыссыз дыбыстың ерекше (деммен) айтылуын білдіреді; ə — дауысты
дыбыс, h, q, ŋ — дауыссыз дыбыстар.
Шабақ — тұқы тұқымдасының балығы.
2-тапсырма.
Орталық Еуропадағы қазба жұмыстары кезінде археологтар б. з. д. II
мыңжылдықтың екінші жартысындағы салттық қола орақтарды және басқа
заттарды табады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бұл белгілердің кем
дегенде бір бөлігі сандық мәнге ие. Қазіргі Германия аумағында табылған
қола орақтардан кейбір белгілер және олардың сандық мәндері (аралас
тәртіпте) берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |