Қайнау. Қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігі Егер көпіршіктер ішіндегі қаныққан бу қысымы сыртқы қысымға тең болса немесе одан артық болса, сұйық ішіндегі көпіршіктер ұлғаяды және бетіне қалқып шығады. Қалыпты атмосфералық қысымда су булары 100 °C температурада қанығады. Қаныққан бу қысымы сұйықтың бос бетіндегі сыртқы қысымға тең және сұйықтың барлық қабатының температурасы бірдей болғанда сұйық қайнайды. Егер сұйық бетіндегі газдың қысымын азайтатын болсақ, сұйықтың қайнауы төмен температураларда орындалуы мүмкін. Газ қысымының артуы, керісінше, сұйықтың жоғары температураларда қайнауына алып келеді (132-сурет).
Заттың кризистік күйіЖабық ыдыста сұйықтыиқыздырғанда, сұйықтың тығыздығы азаяды, қаныққан будың тығыздығы артады (133-сурет). Қандай да бір мезетте сұйық пен бу тығыздығы теңеседі және екі күйді бөлетін шекара жоғалады. Зат кризистік күйде болады. Бұл күйде сұйықтың меншікті булану жылуы r = 0 болатын мәнді қабылдайды. Сұйық пен оның қаныққан буының тығыздықтары мәндерінің арасындағы айырмашылық жоғалатын температураны осы заттың кризистік температурасы деп атайды. Кризистік температуралардан жоғары температураларда зат тек газ тәріздес күйде болады, оны жай сығу арқылы сұйыққа айналдыру мүмкін емес. Егер зат температурасы кризистік температурадан төмен болса, оны сығу арқылы сұйық күйге ауыстыруға болады.
Бақылау сұрақтары1. Қандай температураны шық нүктесі деп атайды? 2. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не? 3. Ауаның ылғалдылығын қандай құралдармен және қалай анықтайды?