Ќанипа Бітібаева


ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет63/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   182
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАЛАРДЫ, 
ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНРДЫ ОҚЫТУ 
Публицистикалық  шығармалар  оқу  бағдарламасында  аз  берілген.  Әрине,  әр  ақын-
жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жаңрдағы еңбектерін оқуға 
ұсына  алады.  Мысалы,  Ы.Алтынсариннің  оқу-білім  жайындағы  мақалаларын, 


 
78 
С.Торайғыровтың  «Қазақ  кітаптары  жайында»  атты  мақаласын,  М.Дулатовтың 
мақалаларын,  эпистолярлық  жанрдың  бір  түрі  -  естелік-мақалаларды,  хаттарды  ұсынуға 
болады. Ғылыми мақалалардан Ш.Уәлиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-
сын  мақалаларды,  әсіресе,  М.Әуезовті  (оның  Абайтану  ғылымының  негізін  салушы  екенін) 
Абай  шығармаларын  оқытқанда,  қосымша  материал  ретінде  ұсынып,  оқытуға  болады. 
Сабақтың  ғылымилығын  арттыруда,  білімді  тереңдетіп  беруде,  әсіресе,  сын-зерттеу 
еңбектерінің  орны  ерекше.  Хаттардың  да  маңызы  зор.  Хаттар,  естеліктер  тарихтан  сыр 
шертеді,  оқырман  қауымға  беймәлім  мәселелерге  назар  аудартады,  суреткердің  жеке 
өмірлері,  қоғамдық  іс-әрекеттері,  көркем  туындыларын  қалай  жазғаны,  оған  не 
итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс 
зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол 
жолдағы  кедергілер,  қуаныш-ренішін;  Шоқанның  орыс  достарына  жазған  хаттарынан 
оның  дала  тағыларымен  күресі,  патшалық  самодержавие  шенеуніктерінен  көрген 
әділетсіздігі,  тіпті  қала  берсе,демократтық,  ағартушылық,  гуманистік  бетбейнесі 
туралы біле түсеміз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет