Анықтама Оқу жылының



Дата20.12.2023
өлшемі15,31 Kb.
#141327

Мичурин «мектеп – бөбекжай- балабақша» кешенінің математика пәні бойынша дәптер тексеру туралы
Анықтама
Оқу жылының 04.12.2023 ж. және 08.12.2023 ж. аралығында математика, алгебра, геометрия пәні бойынша 5 в, 6 в, 6 г, 7 б сынып оқушыларының жұмыс дәптерлері тексерілді.
Тексерудің мақсаты:
мұғалімнің дәптерді тексеру талабының орындалуы;
- дәптерге қойылатын бірыңғай талаптың орындалуы: көркем жазуы, тазалығы, дәптер жүргізу мәдениеті, дағдысы;
- үй жұмысы нормасының орындалуы, тексеру сапасы;
- өз бетімен жұмыс түрі, мазмұны;
- орфографиялық режимнің сақталуы;
- оқушы дәптерін тексеру сапасы: тексеру жиілігі, нашар үлгіретін оқушы жұмысының тексерілуі;
- бағаның дұрыс қойылуы;
Тексеру формалары:

  • оқушылардың дәптерін тексеру.

5-6 сыныптары бойынша 49- орыс сыныптарының оқушыларының математика, 7 сыныптан бойынша 20- орыс сыныптарының алгебра, геометрия бойынша жұмыс дәптерлері тексерілді.
Жинақталған ақпараттар және оларды талдау нәтижелері бойынша қорытынды пікірлер бойынша сыныптарда жазбаша жұмыстар бағдарламалық материалға сәйкес жүргізіледі. Сынып жұмыстарының көлемі әр сыныптардың бағдарламалық материалына қойылатын нормативтік талаптардан аспайды. Дәптерлер тұрақты түрде тексеріледі, мұғалімдер оқушылардың математикалық функционалды сауаттылығына көңіл бөледі, бағдарламалық материалдар орындалу үстінде.
Барлығын қортындылай келе 5 в, 6 в, 6 г, 7 б сынып оқушыларының дәптерлері жақсы:

  1. Жасалған жұмыстардың қорытындысы орындалған, бағалары қойылған.

  2. Дәптерлері толық, талапқа сай толтырылған, сырты жазылған, қапталған.

  3. Сынып оқушыларының да дәптерлері тексерілді, пән мұғалімінің күнделікті тексеретіні байқалады.

Тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдар:

  1. Жазба жұмыстарын талапқа сай орындап отыру.

  2. Математикалық функционалдық сауаттылығымен жұмыс жүргізу.

18.11.2023ж.



Анықтаманы жасаған: Үмбетжанова Г.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет