25. Әдеби нормадан прагматикалық ауытқудың түрлерін пайдаланып, «Тіл тазалығы ой тазалығы» тақырыбында эссе жазыңыз



Дата13.06.2022
өлшемі16,09 Kb.
#36791
Байланысты:
25 27 СӨЙЛЕУ


25. Әдеби нормадан прагматикалық ауытқудың түрлерін пайдаланып, «Тіл тазалығы – ой тазалығы» тақырыбында эссе жазыңыз.


«Тіл тазалығы – ой тазалығы»
«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бірсүгінгі тағдыры»
(Бауыржан Момышұлы)
Тілімнің бүгініне қарап, ертеңін ойласам өзімді қанатсыз құстай сезінемін. Олай дейтінім, тілі былдырлаған кішкентай баладан бастап өз тілінде емес, өзге тілді тыңдап, көріп өскен бала ертеңгі күні ана тілінде қалайша сөйлемек?! Ал жасөспірімдердің әлеуметтік желіге жіпсіз байлануын, корей мен түрік тіліндегі туындыларды көріп, тіліне еліктеген жастардың ертеңі қалай болмақ? Болашақ – жастардікі. Мына біздікі. Ендеше түзеуді тілден бастамасақ, неден бастамақпыз?!
Тарихта тіліміз талай тосқауылдардан өтіп келеді. Тіл тағдыры бүтін бір ұлттың тағдыры. Ұлттың тағдыры шырмауға түссе, тәуелсіздік дейтін асылқазынамыздан қол үзіп қаламыз.
Қорытындылай келе, «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілін сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау». Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, халыққа түсінікті сөздерді ашу. Бас жоқ, көз жоқ, озық екен деп өзге тілдерге жармаса берсек, ана тілдің қайда кеткенін білмей қалу үстіне, ойымыз да тұтқырланбақ. Сондықтан не тілден аударсақ та, ең әуелі өз қоржынымызды қарастырайық. 
27. Пікірталастың түрлері мен пікірталастыру шарттарын сәйкестендіру кестесіне түсіріңіз. Пікірталас ережесінің бұзылу жағдайларына нақты мысалдар (Президенттік сайлау, Парламенттік сайлау кезіндегі дебаттар) арқылы мысал келтіріңіз.

Пікірталастың түрлері

Пікірталастыру шарттары

Ойталқы

Ойталқы – ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады. 

Пікірсайыс

Пікірсайыс – көне гректің сөзі (polemikos), мағынасы – «соғысқұмар», «жаулық», «дұшпандық». Әрине, бүгінгі мағынасы басқаша: бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітіспестік, пікірдегі қарсылық. Мақсаты - қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Сөйтіп, сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі.

Айтыс

Ақындар айтысы көпшілік алдында, сыншы жұрттың алдында туып, орындалады. Әнмен әр ақынның өз әуенімен: қобызға, домбыраға қосылып айтылады. Бұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» шеберлікті, алғырлықты, тапқырлықты талап етеді. Қай дәуірде болсада айтыс тек шешендіктің , сөз өнерінің сайысы ғана емес, оның мақсаты — елдіктің, бірліктің қамын жеу, жақсылықтар мен қол жеткенді паш ету, кездесіп отырған кемшіліктер мен олқылықтарды орынды жерінде жөнімен ескерту. Мұның өзі айтыстың халық қолына қару етіп ұстаған жауынгер жанр екендігін көрсетеді. 

Сөзталас

орыс сөзі (трения), мағынасы бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.Сөзталас, ойбөліс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда орын алады.

Ойбөліс

француз сөзі (debat) , мағынасы- «айтыс», « жарыссөз». Ойбөліс-көпшілік алдында екі адамның не екі топтың бірдене туралы ой- пікірлерін ортаға салуын. Ойбөлісте пікір қарама –қарсылығы болғанымен, түсіністікке негізделеді.

Пікірталас ережелерінің бұзылу жағдайлары: Парламенттік сайлау. Бұл ресми қарым-қатынасқа жататындықтан мұнда сөзталас немесе айтыс болмайды.


Жағдаят: Сайлау кезінде аз дауыс жинап қалған қатысушы қызбалыққа салынып, сайлау коммисиясына сайлаудың әділетсіз өткендігі жайлы айтылды. Алайда, сайлауға қатысушының әділетсіз өткендігіне ешқандай дәлелі болмағандықтан ол пікрталас ережесін бұзды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет