Анықтамалық эссе Педагогтің әдіснамалық мәдениеті Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті



Дата18.10.2022
өлшемі19.21 Kb.
#43851
түріАнықтамалық

Анықтамалық эссе

Педагогтің әдіснамалық мәдениеті 
Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті – педагогикалық сананың тірі, яғни тәжірибеден өткен, қайта ойластырылған, таңдап алған, өзі құрастырған, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі өзгерту әдістемесі қызметінің ерекше түрі. «Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті» ұғымының өзі өте кең мағына береді. Сондықтан мен кейбір аспектілерге ғана тоқталғым келіп тұр. Бұл ең алдымен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің заманауи формалар мен әдістерді меңгеруі; педагогикалық мақсатқа жүйелі әрі нәтижелі жетелейтін педагогикалық технологияларды меңгеруі; оқушының жеке қабілеттеріне бағытталған инновациялық педагогикалық стратегияларды меңгеру; энергияны үнемдейтін оқыту технологияларын меңгеруді айтуға болады. Соңғысы кем дегенде үш талап орындалатын оқу-тәрбие процесіндегі әдістемелердің, әдістер мен тәсілдердің жиынтығын болжайды: оқушының жеке (интеллектуалдық) қабілетін, оның темпераментін, мінезін, оқу материалын қабылдауын есепке алу; шамадан тыс, әлсірететін зияткерлік, эмоционалдық, жүйке кернеуін болдырмау; тек қана қолайлы моральдық-психологиялық климат құру, оқушының психикалық денсаулығын сақтау; денсаулыққа теріс әсер ететін кез келген факторларды алып тастау (авторитарлық қысым, дөрекілік, әдепсіздік).
Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу.
Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті қалай қалыптасады? Әрине, ол үшін ең бірінші кез келген мұғалім әрдайым ізденісте болуы қажет. Әдістемелік ізденіс – бұл мұғалімнің оқу материалының немесе педагогикалық құбылыстың мәнін, негізін, идеясын ашудағы өзінің жеке дамуы үшін де, сонымен қатар өз оқушыларының жеке санасының кейінгі дамуы үшін де маңызды іс-әрекеті.
Қазіргі таңда сұранысқа ие мұғалім ол бірінші кезекте – заманауи мұғалім. Өйткені мұғалім заман ағымына ілесуі керек: өз жұмысында инновацияларды, әр түрлі әдістерді қолданып, материалды еркін меңгеруі керек. Негативті мектепке кірерде табалдырықта қалдырып, балаларға мейірімділік пен жылулық сыйлауы тиіс.
Заманауи мұғалім қандай? Ол – шығармашылық қабілеттерді дамытуға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, өз бетінше ойлауға үйрететін, материалды оқыту барысында өз бетінше сұрақтар құрастыра алатын, өз білімін толығырақ іске асыра алатын адам. Сонымен қатар пәндерді оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жеке бейімділігі мен талантын көтермелейтін тұлға. Заманауи мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді, олар «Мектеп оқушыларына не үйрету керек?» деген өзекті проблемалық сұраққа жауап іздеуде. Қазіргі заманауи мұғалім кәсібіне және оқушыларға деген сүйіспеншілікті біріктіреді, олар балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, сонымен бірге өз оқушыларынан да үйрене алатынын маман иелері. Қазіргі заманғы мұғалім әр баланың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді анықтап, балаларды алған білімін ұнатуға ынталандыруы керек, сонда ғана оқушылар мектепті бітіргеннен кейін өздерінің қоғамдағы орнын анық түсініп, оның пайдасына жұмыс істей алады.
Қазіргі мұғалім – ол кәсіби маман. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның кәсіби қажеттілігімен анықталады. Қазіргі мұғалімнің, ұстаздың айрықша ерекшеліктері – оның үнемі өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі сынауы, эрудициясы және жоғары жұмыс мәдениеті. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінсіз мұғалімнің кәсіби өсуі мүмкін емес. Қазіргі мұғалім қол жеткізген нәрсеге ешқашан қанағаттанбауы керек. Бұл өте маңызды. Сондай-ақ алға ұмтылу да өте маңызды, өйткені мұғалімнің жұмысы – шексіз шығармашылықтың көзі.
Қорытындылай келе, заманауи мұғалім – бұл ең алдымен, әдіснамалық мәдениеті жетік қалыптасқан шебер мұғалім. Ол – баламен қатар жүретін, бірақ қажет болған жағдайда жетекшілік ететін адам. Әлем туралы, қарым-қатынас туралы, түрлі құбылыстар туралы ойларын кеңейтетін, жаңа көкжиектерді ашатын адам. Баланы құрметтейтін және оған өзімен теңдей қарайтын адам. Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болуы керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет