«Антибиотик» термині (anti қарсы, bios өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар



Дата08.11.2022
өлшемі18,92 Kb.
#48633

Кіріспе
«Антибиотик» термині (anti – қарсы, bios - өмір) 1944 жылы стрептомицин Stp.griseus продуцетін ашқан З. Ваксман енгізген болатын. Антибиотиктер – бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жауар тіндерінен бөлінеді; химиялық жолмен синтезделуі де мүмкін.
Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты мироорганиздердің екіншілік метаболиттері. Олардың биологиялық міндеті – қоректік ортадағы мироорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою. Бұл молеклярлық салмағы төмен, шамамен 1000 дальтон, клеткада амин қышқылдардан, көмірсулардан, май қышқылдарынан, пуриндерден және т.б. синтезделеді. Антибиотктер – бұл тікелей емес трансляцияның өнімдері,
күрделі биосинтетикалық жолға ие. Сонымен қатар, антибиотиктер негізгі алмасудың метаболиттеріне жатпайды және клеткалар олардың қатысуынсыз тіршілігін сақтай алады.
Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған.
Жалпы антибиотктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа саларда қолданылады. Олардың ішінде
пенициллиндердің, цефалоспориндердің, әсіресе оларды жартылай синтетикалық туындылары: аминогликозидтердің, макролиттердің, сонымен
қатар синтетикалық препараттардың ішінде – фторхинолдардың өндірісі басым. Антибиотктерді басқа биологиялық заттардан айыратын қасиеті – олардың антимикробтық әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы болуында. Медицинада қолданылатынантибиотиктер ветеринарияда, ауыл шаруашылығанда қолданылмайды және керісінше.
Қазақстанда шетел мемлекеттерi секiлдi антибиотиктер дарi қағазысыз сатылады. Зерттеулер нәтежиесi бойынша көп адамдар антибиотикты қолдануға болмайтын жағдайларда қолданады. Мысалы үрейшіл адамдар жедел респираторлық вирустық инфекцияның бiрiншi белгiлерi кезiнде қолданады. Ал ол болса керiсiнше кесiрi тимесе ешкандай нәтиже бермейдi.
Erep антибиотиктi орынсыз колданатын болса көптеген проблемалар туындауы мумкін. Мысалға антибиотикке төзiмдi микроорганизмдердiң санының өсуі. Сонымен антибиотик дегенiмiз не? Олар неден алынады? Әсер ету механизiмi кандай?

Қорытынды
Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін әкететін, мемлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең алдымен, қолданылатынбарлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы.
Антибиотиктер 50% жағдайда ақылға қонымсыз және негізсіз қолданылатын дәрiлiк топтардың бiрi болып табылады. Антибиотиктерді дәрiгерлер тағайындауынсыз, өздігінен қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
Келтірілген деректер мен практикадағы мол тәжірибелер антибиотиктердің жануарлардың өсуіне қуаттандыратын мөлшерiнде олардың қорғаныс реакциясын арттыратынын көрсетіп отыр. Жануарлар өсуiнiн артуы, олардың осы әсеріне көп байланысты.
Қорыта айтқанда, антибиотиктердi жануарлар өсуiнiң қуаттандырғыштары ретінде қолдану жем шөпті үнемдеуге, малдардың құндылығын тез арада арттыруға, жануарлар өлiмiнiң және ауру малдар санының кемуiне, малдарды емдеуге кететін шығыннын азаюына септігін тигізеді. Осылардың бәрi оларды қолданудың экономикалык тұрғыдан зор қажеттiлiгiн көрсетедi.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет