Антика заманындағы зоопсихологиялық білімдер. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі. Заманауи зоопсихологиялық зерттеулер. Ч. Дарвин жануарлардың психикасын зерттеу әдісінде экспериментальды және салыстырмалы әдістерді қолданады



Дата31.12.2021
өлшемі29,62 Kb.
#21160
Байланысты:
Антика заманындағы зоопсихологиялық білімдер Мұрат Құралай


Антика заманындағы зоопсихологиялық білімдер. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі. Заманауи зоопсихологиялық зерттеулер.

Ч.Дарвин жануарлардың психикасын зерттеу әдісінде экспериментальды және салыстырмалы әдістерді қолданады. «Выражения эмоции у животного и человека» (1872 ж.), еңбегінде Ч.Дарвин жанурлармен адамдардың вербальсыз қозғалысының ерекшелігін зерттей келе, жануарлармен адамдардың эмоциялық көріністеріндегі ерекшеліктерді атап өтті. Жануарлар мінез-құлқын мынадай топқа бөлді.

1. инстинкт

2. оқытуға қабілеттілігі

3. ойлау білуге ұмтылысы

Дарвиннан кейінгі ілім 2 бағытта дамыды:

І. Антропоморфизм

ІІ. Механицизм

Фабри - Леонтьев жануарлар психикалық әрекеті ілімінің негізін салған.

Антропоморфизм ілімінің негізін салушы Джон Ромес. Ол өзінің көз-қарастарында және жануарлардың ақылы еңбегінде адамдарға тән сезімдік сапаның барлығын жануарларға да тән; көптеген жағдайда оларда саналы іс-әрекеттер жасайтындығын дәлелдеген. Механицизм – бұл ілімнің негізін салушылар Жан Гебб; Джон Уотсон, Павлов. Бұл ілімнің негізгі мақсаты -жануарлардың қылық-әрекетін тек қана бақылау арқылы ғана болады. Бұл ілім антропоморфизм іліміне қарама-қарсы ілім. Жак Леб – тропизм теориясының негізін салушы. Оның тропизм теориясы бойынша жануарлардың жағымды, жағымсыз жағдайларға қозғалысын генетикалық кеңістікті бағдарлау механизімімен қозғалыс белсенділігі немесе жануарлар қылығының әрекеттері деп түсінуінде. Сондай-ақ Леб жүйке орталары теориясында қарама-қарсы шыққан.

Павлов – жануарлар қылығы атомының негізін рефлекстер арқылы түсіндіреді. Уотсон Дж. Бихиоверистер ілімнің негізін қалаушы жануарлардың тәртібі, қылық-әрекеті организмнің ағзалары мен бұлшық еттері реакциясымен тығыз байланысты. Сыртқы ықпалдармен түсіндірілген. Бихиовиристер жүйке жүйесінде кез-келген ақпараттың өңделу процесін мойындамай олардың қылық әрекетін сапалық талдаумен көрсете білген.

Л. Морган – жануарларды үйрету мен инстинктердің рөлін жоғары бағалаған. Ол инстинктерді туа біткен, ал үйретуді жүре пайда болу ерекшеліктері деп қарастырылған. Сондай-ақ көптеген жағдайларда қателесу арқылы танып білуді жануарларға тән деп көрсетеді. Морганның ілімін оқушысы Торндайк қолдайды.

Таксистер - грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» көп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы - клеткасының орналасуы немесе организмнің бейімделуі және бұл жүйкесіздерде болады.Таксистердің түрлері (бактериялармен жүргізілетін эксперименттерде олардың бағытталуы анықталған).

-Хемотаксис – химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары: -жағымды,-жаағымсыз

- Термотаксис – температураның ықпалына қарай қозғалысы.

- Фототоксис – жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.

- Реотаксис – судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы

- Гальвонотаксис – электртоғымен байланысты қозғалыстар.

Таксистердің атқаратын функциялары: белгілі бір ортада генетикалық қылық-әрекеттің ерекшелігін айқындау үшін, тіршілікке қажеті қозғалыстар.

Тропизмдер – грек тілінен аударғанда «бұрылу» деген мағына береді. Ең алғаш өсімдіктің қозғалысын сипаттауда қолданылған. Зоопсихологияда тропизмдер жануарлардың кеңістікте бағдарлауды қажетті қозғалысы және олар жүйке жүйесі барларда болады. Мысалы: құстар электромагнит бағытынан әсер алады.

Инстинктер – биологиялық қажеттіріктерді қанағаттарндыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргішке организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс-әрекеті, шаралары.

Қажеттіктер – биологиялық, рухани.

Вилюнас – генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қажеттілік.

Инстинктивті мінез-құлықтың бірліктері - яғни жануарлардың жүйелі және стереотипті қозғалыс актісіндегі ерекшеліктер. Жануарлардың қозғалыс актілігіне тән ерекшеліктерді Фабри автономдылығымен шектелгендігі деп көрсетеді.

Инстинктивті мінез-құлықтың негізгі функциялары:

Кез келген ортаға бейімделу және өмірге қажетті функцияларды атқарады. Әсіресе приматтарда инстинктивті қозғалыстардың жүйке әрекетіне негізделген сенсорлық психиканың бейнеленуі байқалады. Инстинктивті ішкі механизмдері мен рефлекторлық жүйелер маңызды роль атқарады.

Ішкі механизмдері – яғни нейросенсорлық жүйенің жиынтығы, сыртқы ортаның ықпалына, организмнің белгілі бір қылық-әрекет актілері. Рефлекторлық жүйелері – жануарлардың қылық-әрекетінің генетикалық түрлері:

1. сыртқы тітіркендіргіштерге анализатордың бағытталуы;

2. танып білуі;

3. тежелуі немесе жүйке орталықтарының белсенділігі.

Туа біткен ішкі механизмдер арқылы жануарлар өзіне қажетті тітіркендіргіштерді өзіне қабылдайды, бағалайды және соған лайықты жүйке орталықтары арқылы жауап беруі белсенді не төмен болады. Инстинктивтік іс-әрекет немесе шаралар мынандай фазалардан тұрады.

- ізденіс фазасы – бұл фазада жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге сүйене отырып, әрекет жасайды;

- аяқталу фазасы – яғни жануарлар тіршілігіне қажетті дағдыларды меңгереді;

- генетикалық – генетикалық өзіне ғана тән қозғалыстардың айқындалуы.

Үйретудің түрлері, латенттік үйрету.

Үйретудің аталған формасы «сый берумен» байланысты емес. Латенттік үйрету дегеніміз – табиғатта кеңінен таралған кеңістіктегі ориентация түрі, ол өз «үйі» бар жануарлардың барлаушылық (зерттеушілік) қылық-әрекетінде жақсы көрінеді. Мысалға К.фонКриштің аралардың ориентациялық реакциялары туралы классикалық жұмыстарын алсақ. Осының нәтижесінде үйрету теориясында «когнитивтік» тәсіл пайда болды. Э.Толменнің түсінігі бойынша, қоршаған ортадан миға көптеген сигналдар түседі, осыдан мида сол ортаның схема-жоспарлары немесе когнитивті карталары құрылады. Бұның негізінде ағзаның өзі бір жағдайда кенеттен пайда болатын реакцияның қайсысы неғұрлым адекватты болатынын анықтайды.

Егеуқұйрықтың лабиринтте өз жемін табуға байланысты тәжірибесін алсақ. Ол жемге апаратын оптималды жолдарды механикалық емес түрде табатыны ұқсайды. Э.Толменмен мынандай нәрсе көрсетілген: егер егеуқұйрық жеміне ең қысқа жол тауып алса, содан соң оған басқа жем табуға міндет қойса (бұнда егеуқұйрыққа белгілі қысқа жолды жабады), ол өз маршрутын спонтанды түрде ауыстырып, ешбір қатесіз тамағын табады, бірақ ол енді басқа, сәл ұзынырақ (бірақ неғұрлым оптималды) жолмен барады. Бұнда жануар лабиринттегі жол мен бұрылыстарды қадам сайын «есептейді» деп ойлауға болады, бірақ лабиринттегі коридорды сумен толтырғанда да егеуқұйрық жүзіп, дұрыс жол табады. Назар аударсақ – жануар коридорда жүзеді. Жаңа жағдайда жануар алдымен кеңістіктегі элементтердің қойылуын біледі де, өз есінде сол кеңістіктің аңғарылған ерекшеліктерін интеграциялайды.

Тамақтан шартты-рефлекторлы түрде қашу. Бұл феноменді түсінудегі кілт–60 ж басында Д.Гарсиа және оның коллегаларымен тәжірибесі: уланудан пайда болатын тамаққа деген жиіркеніш (қармақ жемнен қашу) анализі. Бұл тамаша зерттеулер классикалық шарттық және инструментальды рефлекстерді өнімдеуді бекіту ролін жақсы түсіндірді. Уланудан кейін тірі қалған жабайы егеуқұйрықтар дәм сезу мен иіс сезу арқылы қармақ жемнен қаша бастады; олар өздерінде ауру туғызған құбылыстардан пайда болатын қармақ жемдерден қауіптеніп, бірақ сол жерден ешқашан қашпайды. Бұл жалпы классикалық шартты рефлекс пайда болуын көрсетеді: стимул (жұтынылған улы тамақ) шартты стимулмен (ерекше иіс пен улы тамақ дәмі) қосылып, шартсыз реакцияны (ауру) туындатады, бұл шартты реакцияның (бұндай тамақтан қашу) пайда болуына әкеледі. Бірақ бұндай құбылыстың екі қатынаста (дәм сезу, иіс сезу – көру, есту) радикальды айырмашылықтары бар.

Егер де егеуқұйрықтың рефлексі нақты дәм мен иіс пайда болуын туындатса, керісінше, құстарда ауруды көру стимулымен ажыратылады. Гарсианың зерттеулері жануарларда тіршілік үшін күрес үшін елеулі ассоциациялар пайда болатынын көрсетті. Биологиялық маңызды байланыстар басқа ассоциацияларға қарағанда, жеңіл бекітіліп, сөнуге жақсы қарсыласады, олардың пайда болуында бекітудің кеш пайда болуы мүмкін. У пайдаланғаннан кейін көп уақыт өткен соң улану пайда болады, сондықтан бұндай бекітетін стимулдың мәулеттенуін (отсрочка) жіберетін үйрету процесі неғұрлым селективті басымдық береді.

Имитациялық үйрету. Өмірінде әлеуметтік формалары дамыған жануарларда белгілі бір үлгіге еліктеу арқылы үйрету кеңінен белгілі. Әлеуметтік белсенділіктің көптеген формалары жас жануармен олар бақылаған басқа особьтардың істері арқылы жақсы меңгеріледі. Үйретудің имитациялық тәсілдері құстарда кең тараған. Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері «еліктеу» және «викарлық» (латыннан vikarus – орын басатын) үйрету деп бөлінеді. Еліктеу дегеніміз – іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ тура көшіру арқылы үйрету тәсілі. Практикалық мәселенің «имитациялық шешімі» кезінде міндетті элемент болып «бақылау» стадиясы жатады. Жануарларда (қарапайым көруі негізінде) тілеген мақсаттарға әкелетін іс-әрекеттің «қажетті» тізбектелген елестер құрылуы мүмкін. Еліктеуге қабілетті болып тек қана сүиқоректілер (маймылдар, иттер, мысықтар, тышқандар) келеді. Көбінесе бұл мақсатсыз имитациялық «этюд» болып табылады.

Үйде асыралатын маймылдың адам әрекетіне имитациясы сәл өзгеше болып табылады. Бұнда жануардың бүкіл өмірі адамнан алынған қылық-әрекеттің үлгісі болып келеді, және де бұны адам мақтайды. Имитациялық қылық-әрекеттің бұл түрін зоопсихологтар «факультативті еліктеу» дейді. Викарлық үйрету – тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын «технологиялық үлгі» (аналог) ретінде көшіру. Онда көшіру және игеру «үлгілік» формасы алынатын субъекті орнының салдарларына тәуелді, яғни мұнда өзіндік, бірақ когнитивті процестің жекеленген элементтерін көруге болады. Викарлық үйретудің ең жоғарғы деңгейі адамдарға да тән. Сән «кумирлардан» киім және мәнер стилін көшіру – бұл үйретуге (өте примитивті инстиктивті программалар көмегімен) өзіндік тартылу құбылысы.

Эвристикалық үйрету. Бізге белгілі Келердің таяқ арқылы бананды алған маймылдармен тәжірибесі оны жоғары сатыдағы жануарлардағы үйрету көбінесе стимул мен реакция арасындағы механикалық ассоциацияның пайда болуымен шартталмаған деген қорытындыға алып келді. Олар есінде бар тәжірибесі мен нақты проблемалық жағдайды зерттегенде алатын информацияны қосып, аналогия тәсілімен қолданады. Мәселені шешудің бұндай тәсілі әр түрлі елде түрлі аталынады. Ағылшындарда–инсайт (шындыққа жету, түсіну), француздарда – интуиция (intuition - сезу). Бұндай атауы Архимедтің кері итеруші күш заңын ашуынан шықты («Эврика!»). Бұл тәсілдерді көбінесе эвристикалық дейді, себебі бұнда мәселені шешу қатесіз, логикалық пайымдаусыз, кенеттен пайда болды.

Мерзімдік реакцияларды зерттеу жануарларда (немесе кішкентай балаларда) «елестің» пайда болуы туралы алғаш сұрақты 1913 жылы Чикаго университетінің жас зерттеушісі У.Хантер қойды. Ол осы болжамды растайтын тәсілді ойлап тапты. Мерзімдік реакциялардың мәні – жануарлар қармақ жемнің қайда тығылғанын еске сақтап, одан соң оны тауып немесе еске сақталынған орынды немесе жемнің қайтадан қайда тығылғанын анықтауда.

У.Хантер тәжірибесінде баланың немесе жануардың көзінше тәтті нәрсені, мысалы, шоколад бөлігін бірізді сынауларда әр түрлі орынға жасырды. Әрбір сынау кезінде бірде баланы басқа орынға апарып, бірде тәтті нәрсенің тығылған жер мен бала арасына шымылдық тартылады. Бірнеше минут немесе сағат өткен соң, жасырылған жерге баланы апарады, бірақ бұл орын әр сынау сайын ауыстырылады. Егер де бала оны тапса, онда сол тәтті нәрсе және жасырылған орны туралы «елесі» сақталған деген қорытынды шығады. Және бұл елес шоколад бөлігін жасыру және табылу моменттері арасындағы интервалада сақталынады. Балалар секілді жануарлардың көбі бұл міндетті жақсы орындады, яғни бұл олардың еске түсіру қабілетін дәлелдейді. Мерзімдік реакцияларды зерттеу 50-70 жылдарда бас миының бөлек учаскелері құрылымының жасанды бұзу тәжірибесінде қолданыла бастады. Бұл естің орталық механизмдерін зерттеудің негізін салды.

Импринтинг (алғаш О. Хейнрот пен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint – із қалдыру, көргенді есте сақтау) дегеніміз – жануар өмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума програмаманың қосылуымен шартталған құбылыс. Импринтинг құбылысының ашылуы көптеген психологтар мен нейрофизиологтарды дүр сілкіндірді. Бұл психикалық құбылыс нәтижесінде жануар өмірінің қатаң белгілі бір кезеңдерінде ерекше кілтті стимулдың «образын» еске түсіру процесі іске қосылады. Бұл процестер тума реакциялар комплексін (инстинктілер) қосуға қабілетті.

Үйретудің классикалық формаларынан ипринтингілік типтің ерекшеленуі:

- Есте қалған образдың сонша мықты болуы инстиктивті программалардың қосылу(ояну) тәсіліне қайтымсыз әсер етуге әкеледі;

- Импринтинг процесі көптеген қайталау мен бекітулерді қажет етпейді – ол «үлгінің» бір рет көрсетуінен кейін аяқталуы мүмкін.

- Жануар психикасының импринтингіге ашық болуы (сенситивті период) уақыт бойынша қатаң шектелген. Есте сақтаудың бұл кезеңінде кілтті стимул іске асырылмаса, берілген программа бұрмаланған, толығымен қосылмайды немесе мүлдем қосылмайды. Бұл – осы программаның геномда болуы мен ағзадағы оның реализациялануына барлық құрылымдық және функционалдық алғышарттар бар екеніне қарамастан. Тек психикалық (идеальды, символикалық) құралдар ғана жоқ.

Ерте кездегі импринтингтеленген кілтті стимулдардың бір емес, екі не одан да көп инстинктивті программаларды «қамтуы» сирек емес. Осылайша, мысалы, қаз бен үйректің балаларындағы ерте импринтинг оларға тек:

-1. қорғаныста болу үшін, тіршілік үшін күрестің дұрыс технологияларын үйрену үшін кімнің артынан жүру керек екендігін ғана емес, сонымен қоса

-2. жыныстық пісіп-жетілуден кейін қандай түрдің өкілімен шағылысуын көрсетеді.

Жасанды жағдайлардағы ерте импринтинг стадиясында анасының орнына басқа бір заттың алмастырылуы сол немесе оған ұқсас зат жыныстық құмарлық объектісі болатынын алдын ала шешеді. Және де бұл заңдылық тек құстарға ғана емес, сүтқоректілерге де (маймылдарға дейін) таралады. Маймылдардың балалары өз ата-анасынан тәуелділігі көбірек, сондықтан да оларда импринтинг кешірек өтіп, күштірек бейнеленеді.

Осылайша, өткен ғасырда жануарлардың күрделі (және өте күрделі) реакциялардың таңдамалы байытылуын қамтамасыз ететін үйрету механизмдерінің қатары ашылды. Әсіресе өзін-өзі үйрету арқылы кеңеюге, түрлі әдістерді комбинациялауға және әрекеттердің сәтті мақсатталған комбинацияларын есте сақтауға мүмкіндіктері бар тума программалар ерекше әсер етеді.

Қабілеттерді және тіпті императив–еліктеу арқылы үйретуді болжайтын программаларды орасан зор мүмкіншіліктер бар. Бұл әсіресе балаларына маңызды болып табылады. Ата-аналарға, үлкендерге және өз түрінің тәжірибелі особьтарына еліктеуге болады. Қылық-әрекеттің көптеген инстинктивті программалары өте күрделі болғандықтан, олардың жас жануарларға нағыз мақсатталған балуы үшін, әдейі қайта жасау мен коррекцияны талап етеді. Көбінесе олар жағымды мотивацияларды кіргізетін ерекше имитациялық жағдайларда – ойындарда қайта жасалынады. Бірақ та дидактикалық мақсаттар белгілі бір маңызды ұжымдық акцияларда іске асырылуы мүмкін. К. Лоренц бұл акциялар қатарына әлсіз қаруланған жануарлар мен құстардың жыртқышқа ұжымдық қарсы тұру қабілетін, «мобинг» (ағылшыннан mob – топ) деп аталатын, табындық жануарлардың жыртқышқа қарсы контратакаға қабілетін жатқызады.

Осылайша, «үйретуді» бағыттайтын қылық-әрекеттің күрделі акцияларына жас жануарлардың мақсатталған үйретуге қабілеттендіретін механизмдер қоғамдық жануарларда адамнан бұрын пайда болды. Әрине де, жануарлар қоғамдастықтарындағы «үйретудің технологиялары» мүлдем санасыз, инстинктивті болып табылады және ұжымдарда ғана іске асырылады.



Бірақ та барлығын және барлығынан үйрену пайдасыз болып табылады. Сондықтан да жануарларда «білімнің» тума программалары бар – қашан, не нәрсеге және кімнен үйрену керектігі. Дәл осындай білімдер импринтингінің ерте программаларына азды-көпті енгізілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет