Антонимдер



Дата19.06.2023
өлшемі193,49 Kb.
#102367
түріСабақ
Байланысты:
антонимдер слай

Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылардың білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру
  • Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
  • Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"

ҮЙ ЖҰМЫСын тексеру:

Синоним дегеніміз не?

74-жаттығу

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталды. Мысалы: үлкен-кіші, суық-жылы, ескі-жаңа, қатты-жұмсақ, жомарт-сараң т.б.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталды. Мысалы: үлкен-кіші, суық-жылы, ескі-жаңа, қатты-жұмсақ, жомарт-сараң т.б.

Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады:

Антонимдер Болымды-болымсыздық мағыналар:

Жақсы-жаман жақсы-жақсы емес

Ал-бер ал-алма

Сулы-құрғақ сулы-сусыз

Көңілді-қапалы көңілді-көңілсіз

Антоним (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды

  • Антоним (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды

Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-саяз, арык,-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, тузу-қисық т. б.; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіңдері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді жалқау, қатты-ащырын, орнъодпы-шалагай, олақ-іскер, оңқай-сшақай, сүйкімді-жексурын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабаны.

  • Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-саяз, арык,-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, тузу-қисық т. б.; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіңдері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді жалқау, қатты-ащырын, орнъодпы-шалагай, олақ-іскер, оңқай-сшақай, сүйкімді-жексурын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабаны.

89-ЖАТТЫҒУ

  • Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зор екендігіне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді! Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.

90-жаттығу

  • Рух күші адамды жеңілмейтін етеді: жүректілік-бейнелеп айтсақ, адам ізгілінің жанары. Жүректі адам ізгілк пен зұлымдықты көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен де сезінеді. Ол қайғы, қасірет, адам намысын қорлау сияқтылардың жанынан енжар өте алмайды.
  • Ер балалардың күші, шымырлығы-ізгілік дәні себілетін топырақ. Ізгілік күшті, батыл,ер жүректі болғанда ғана нәтижелі болады.

94-жаттығу

  • Қараңғы қанша дүниеде?
  • Дүниеде қанша жарық бар?
  • Ұсақтар қанша дүниеде?
  • Дүниеде қанша алып бар?
  • Қашырар қуат-пәрменді
  • Дүниеде небір жасық бар.
  • Сарқылтар адам дәрменін
  • Көз жеткізбейтін қашықтар

97-жаттығу

  • Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.
  • Үлгі: биік тау - аласа тау ...

Сергіту сәті

Үй жұмысы:

92,99-жаттығу



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет