Апа, апа, - дейді он жасар Кәмшат жасы біразға келген кемпірдің ұйқысын бұзғысы келмегендей ақырын сыбырлап.
О, не? - деп ұйқысы сергек Айман апа көзін ашып алып, басын жастықтан көтерді. Таң бозарып атып қалса да үй іші әлі алакөлеңке екен. Төсек жанында жылы киініп алған немересі қалқиып тұр.
Апа, мен мектепке бармаймын ба? - дейді кішкене қыз сұраулы пішінмен.
Жоқ, қызым, мектепке бара алмайсың. Кешегі басталған қарлы боран әлі басылатын түрі жоқ қой, - деп Айман апа ұйқылы - ояу терезеге көз жібере уілдеген даланың қарлы боранының үнін тыңдап, төсегінен тұрды. Сонан кейін, әлі бір орнында селтиіп тұрған кішкене Кәмшатқа:
Неғып ерте тұрдың, қарағым. Мына қарлы боранда балаларды бірнеше күн мектепке жібермей - ақ қойыңдар деген кеше мектеп директоры. Оданда мен шай қояйын, пешке от жағайын, екеуміз тамақ ішейік, - деп апасы сөйлеп жүріп, киініп, беті - қолын жуу үшін дәлізге шықты.
Апа, апа!
Не дейсің, алтыным?
Папам мен мамам келер ме екен? - Кішкене қыз үні көңілсіздеу шықты.
Әй, қайдам мына боранда кім батылы барып жолға шығар дейсің? Өткен айда ғана әкең туған күніңе келіп, компьютер әкеліп берді емес пе? Қайта - қайта шапқылай беруге жұмысбасты олардың уақыты жоқ қой, - деп Айман апа пешке от жағып, шәугімге су құйып, от үстіне қойды.
Білемін. Бірақ, олар ажырасу үшін сотқа арыз берген, -деп Кәмшат ересек адамша күрсініп қойды.
Ажырасса, ажырассын, қайтеміз. Дәм - тұздары жараспады. Өйтіп ұрыс - жанжалмен өмір сүргенше, екеуі айырылысып кеткені дұрыс шығар, - деп Айман апа да кішкене қызға үлкен адамдардың әңгімесін айтып, кейігенін жасырған жоқ.
Олар кеше ажырасты. Мен мамаммен ұялы телефонмен сөйлестім, - деді Кәмшат ақырын сыбырлай сөйлеп.
Өзің бәрін білесің ғой. Он жасқа келдің. Туғаннан бері мен сені бағып - қағып, өсіріп келемін. Әкеңе де, шешеңе де өкпем жоқ, бізге қаржылай көмектесіп келеді, ешнәрседен мұқтаждық көргеніміз жоқ, - деп апасы кішкене қыздың маңдайынан сүйіп еді. Жаңа білді Кәмшаттың маңдайы шоқтай ып - ыстық екен.
Не, дене қызуың көтерілді ме? -деп апасы шошып кетіп Кәмшатты құшақтап, бауырына басты. - Әкем - ау, денең оттай күйіп тұр ғой. Айттым кеше далаға шықпа деп, енді қайттім, дәрігер шақыртайын.
Айман апа абыржып, телефонға қарады.
Апа, дәрігердің керегі жоқ. Кішкене жатсам, жазылып кетемін. Шын айтам, міне, жатамын, - деп Кәмшат төсегіне жантайып, көрпемен бетін тұмшалады.
Жоқ, болмайды, - деп Айман апа дәрігер қыздың үйінің телефон номерін терді. Абзал болғанда ол қыз да үйінде екен, мән - жайды айтып еді, ар жақтан қазір келемін деген жауабын естіді.
Айман апа амалсыз немересінің жанына келіп, төсекке отырды.
Қыздың екі беті алабұртып дене қызуы қайтатын емес.
Қой, олай деме. Папаң сені жақсы көреді. Әрдайым саған киім - кешек, ойыншық әкеледі. Бізге ақша береді, - деді апасы қыздың көңілін тыныштандыру мақсатымен
Оның бәрі маған керек емес, - деді Кәмшаттың көзі мөлтілдеген жасқа толып.
Енді саған не керек? - Ерте есейген кішкене қыздың сөзіне Айман апа таң қалып қалды.
Оданда мені қалаға алып кетпей ме? Сен қартайдың, от жағасың, су тасисың, нан пісіресің, шаршайсың, өзің де ауырасың.
Реті келгенде бізді бірге алып кетеді. Ал, қазір олар екеуара тату емес, біз қайда барамыз? Олардың соңғы жылдары ұрыс - жанжалдан қолдары босамады ғой, - деп Айман апа іштей қайғырып қалды.
Неге олар ұрысса береді, білмеймін. Ал, мені тіпті ойламайды? Неге? Бәрін білемін, түсінемін. Папам мамаммен, ал мамам папаммен ерегесіп алған. Оданда бір - біріне «кешірші, кішкене Кәмшат үшін», - деп айтпай ма? - деп кішкене қыз қолымен бетін басып жылап жіберді.
Ол екеуінің сен ғұрлы ақылдары болмады ғой, - деп Айман апа күңкілдеп жүріп, қыздың жастығын жөндеп, көрпесін қымтады. - Үйде кім бар? Сәлеметсіз бе? - деп ашылған есіктен бір қап бу алып, ішке дәрігер қыз енді. Қалың тон киіп, суықтан қорғанып, көзіне түсіріп жылы шәлі тартып, бетін тұмшалап алыпты.
Қазір жылынып алайын, - деп ол шешінді де, пештің жанына барып, қолын жанып қызуы шыға бастаған отқа жылытты. - Мә, Жаркентөңірінде бұрын - соңды мұндай боран болмаған шығар! Таң атса да далада жыландай ысқырған боран көз аштырмай, жауған қар жолдың барлығын бітеп тастады.
Дәрігер қыз сөйлей жүріп, құралдарын алып, Кәмшаттың жанына келді.
Қане, көрейік, - деп қызды тұрғызып, өкпесін тыңдап, қолтығына дене қызуын өлшейтін құрал қойып, аузын ашқызып, тамағын көрді. - Бәрі дұрыс сияқты, Кәмшат қызым, саған не болды?
Жоқ, кеше кешкілік тып - тыныш сабағын оқып, төсегіне жатқан, - деп апасы бәйек болып жатыр.
Мүмкін бір нәрсеге қайғырды ма? - Дәрігер қыз сұраулы пішінмен Айман апаның бетіне қарады.
Әкесі мен шешесі кеше сотта ажырасыпты, - деді апа дәрігерге немересі естіп қоймасын деп бәсең дауыспен.
Е, түсінікті. Қызуын түсіретін дәрі беремін, жатып ұйықтасын, демалсын. Басқа не істеймін? Білмеймін, - деп дәрігер қыз шарасыздық кейіппен. Әке - шешесіне хабарлаңыз, бірақ, мына боранда олар келе алмас.
Терезені қырау басып, даладағы боран одан әрі ұйытқи соғып қасқырдай ұли түсті.
Әрине, келе алмайды. Құдай сақтасын, түске шейін көрейін. Оларға айтқанда не істейді? Екеуі өзара ырың - жырың болып, қыздың жайын ойламай, өз бастарымен әуре, - деп Айман апа күңкілдеп жүріп, дәрігер қызды далаға шығарып салды.
Кәмшатқа дәрісін беріп, шайын ішкізіп еді, ол сәл тыншығандай болып, мұрны пышылдап, ұйықтап кетті.
Біраздан кейін қызуын өлшерсіз деп тастап кеткен құралды жоғары қойып, Айман апа да көзін іліндірейін деп төсегіне жантайды. Манадан бергі әбігерден бе, жүрек тұсы шаншып ауыра бастады. Үстел үстіндегі дәрілерінің біреуін алып, тілінің астына салды. «Ойпырым - ай, өстіп жүріп, өліп қалсам, мына Кәмшатым қайтер екен? Осы қызды ойлап жүрген күйеу баласы Асхатты, қызы Гүлшатты көрген жоқ. Апам қартайды ғой, енді салмақ салмайық деп ойласашы. Көмек бермейді емес, береді ғой, бірақ ұққаны, бала үшін әке мен ананың орнын ешнәрсе толтыра алмайды екен. Қыздарын орталарына алып, екеуі тату
тәтті отбасы болсашы деген тілегі бір орындалмай - ақ қойды. Жатса да, тұрса да жалғыз қызының жайын ойлап, ана көңілі бір тыншымайды. Күйеу баласы да жаман емес еді. Сауда - саттық жасап, қалтасына ақша біткеннен бастап бозбалашылық жолына түсіп, өз бетінше қыдыратынды шығарды. Қазір отыздан асты, енді жеті - сегіз жылда қырық қылқиып тұр. Өмірінің соңына дейін қызық қуып қыдырып, жас болып жүремін деп ойлай ма, пәтшағар. Айналдырған жалғыз қызын да кемпірге баққызып, тайраңдап жүр. Ал, қызы Гүлшатқа жаны ашиды, күндіз - түні жұмыс істеп, есі шығып, қала мен ауылдың арасында шапқылап, сөмке тасып шаршап болды. Күйеуімен ажыраспаймын деп әбден - ақ айқасты. Бірақ, сол күйеуі құрғыр күнде бір әйелмен әуес болған соң, қайтеді, байқұс».
Ой соңында жатып, қалғып кеткен екен, Кәмшаттың ыңқылынан қайта оянып кетті. Жанына барып, маңдайын ұстаса, қызуы қайта көтеріліпті. Апасының жанына келгенін біліп, ол көзін ашып алды.
Апа, папам мен мамам келмеді ме? Олар маған жаңа келе жатырмыз деп айтқан, -деп бір қырына аударылып түсіп, сандырақтап жатып, ұйықтап кетті. Қыздың екі беті алабұртып, тынысы ауырлап кеткен.
«Енді қайттім?», - деді күйзелген апа терезеге үңілді. Сонан кейін, қайта дәрігер қыздың телефон номерін терді.
- Апа, тағы дәрі беріңіз. Алайда одан тәуір болады деп айта алмаймын. Орысша айтқанда «сильный стресс». Әке - шешесіне телефон шалыңыз, келсін, - деді дәрігер қыз ар жақтан.
«Қап - ай, мына қақаған суықта, қарлы боранда не істесем екен?», - дегенше, Кәмшат қайта оянды.
- Апа, - дейді ыңырсып - Папам мені тастап кете ме? - Жо - жоқ, қайдағыны айтпа. Қазір олар келеді. - деп Айман апа қыздың басын көтеріп, жылы шай ұртатты.
«Осыдан келіңдер, енді сендерді аясам ба?», - деп өз - өзінен ашуланған апа, ұялы телефонды алып, келесі бөлмеге шықты. Қызы Гүлшаттың телефон санын терсе, «байланыс жүйесінен тысқары жерде,
біраздан соң хабарласыңыз» дейді. «Әй, қатын - ай!» деп шешесі алғаш рет қызына кейіп, ұялы телефонды тастай салды. Енді ойына түсті, Асхат бір келгенінде жұмыс телефонын жазып берген еді. Қолы қалтырап жүріп, үстел үстіндегі қағаздар арасынан әрең тауып алды. Енді жай телефон арқылы Алматыға қайта шықты. Ұзын - ұзын дыбыстардан соң, Асхаттың «Алло», - деген даусын естіп, қорыққан мен қуанған бірдей екен, Айман апа дауысы қалтырап:
Асхат, Асхат! - деп айқай салды.
Не апа, не апа? - деп күйеу баласы да енесінің дауысын бірден танып, үрейлене орнынан ұшып тұрған. - Кәмшат қатты ауырып қалды. Тез жет, қарағым, ана шешесіне де айт! - деп апа иегі кемсеңдеп, жылап жіберген.
Апа, жылама, жылама! Қазір шығамын, - Деп жігіттің жаны мұрнының ұшына келіп, зәресі ұшып, қорқып кетті.
«Не болды? Не болды?» дегенше байланыс Кілт үзілді де кетті. Асхат қолдары әрең икемге келіп, кішкене қызының ұялы байланысына шықса, «байланыс жоқ» деп әйел дауысы жауап береді.
Есік көзіндегі хатшы қызға Гүлшатты іздетсе, жер - көкте жоқ. Кешегі соттағы ашулы бейнесі көз алдына келді. Не де болса бір жаққа кетіп қалған деген түйін жасады да, хатшы қызға тапсырма беріп, есік көзінде қаңтарулы тұрған «Джип»машинасы жүргізушісіне асығыс дауыспен: «Жаркентке кеттік» - деді.
Арада он минут өтпей жатып, Гүлшаттың өзі соттағы дүние - мүлік бөліс шаруасымен Асхатқа телефон шалған. Хатшы қыздан естіген хабардаң шалқасынан түсе жаздады. «Кәмшат қатты ауырып, Жаркентке кетті». Көзінен аққан жасын тоқтата алмай, қызының ұялы телефонының санын терсе, байланыс жоқ. Жай телефон санын терсе, байланыс жоқ. Көзі қарауытып, қаны басына шықты. «Кәмшаты, кішкене қызы, гүлі, күні, тіршілігі, жүрегі! Неге ауырып қалды? Не болды?» - деген ащы сұрақ көңілінің көгін тіліп өткен. Кеше ғана сөйлесіп еді ғой. Әрине, ажырасқандарын айтты. Неге айтты? Кішкене қызының жаны жаралы екенін неге білмеді? Ол да ержетіп, ойланатын, қайғыратын болыпты. Екі бетін жас жуған Гүлшат ал келіп солқылдап жыласын. Жылап жүріп құрбысы Бақытжамалға телефон шалды. Оның күйеуінің қарда да, боранда да жүре беретін көлігі бар еді. Соны сұрады.
Әрине, барады. Жоқ, мен де бірге барамын, - деп әдеттен қайырымды Бақытжамал да үрейленіп келісе кетті - Бір сағаттан кейін шығайық, жылы киін, ол жақ боран, бекер жылама, бәрі дұрыс болатын шығар.
Бір сағаттан кейін бода - бода жылаған Гүлшат, Бақытжамал күйеуіЖайсаңментүсауаЖаркентөңірінешығып кетіпеді. Асхат мінген
«Джип» көлігі Алматыдан шыққаннан тоқтаусыз жүріп отырды. Жол -
жөнекей бірен - саран қарсы кездескен машиналарды көріп келеді. Алдыңғы терезелеріне шейін қырау басып, ақ қар, көк мұзда әрең жылжуда. Мана қала ішінде ақырын жауып тұрған қар мен соққан жел, мына жақта ақтүтек боранға айналған. Күн кешкірген сайын, жұлқынып жауған қар әншейінде қара жолақ болып көрініп жататын жолды көрсетпей көміп тастаған.
Алтынемел өткеліне жетер - жетпестен жүрдек машинаның жүрісі дебаяулады. Алдыңғы терезеден әудем жер әрең көрінеді. «Не істейміз?» дегендей жүргізуші жас жігіт бастығының бетіне қарап, жалтақтай бастады. Асхатта үн жоқ. Не де болса аурып қалған қызына жету керек. Өмірінде алғаш рет жаны қиналып, көңілінің көгі лайланып, шайқалып кетті. Ұзақ жылдар бойы ырың - жырың болып жүріп, кішкене қызының жайын терең ойлап көрмепті. Әйтеуір анда - мында көңілі түскенде, жолы түскенде енесінің үйінде тәрбиеленіп, өсіп жатқан анасына тартқан қара қызын қарқ қылып сыйлық, ақша апарып беретін. Асхат барған сайын Кәмшаттыңүлкенқоңыркөздерібал - бұл жанып, қуанатын. Бірақ, сыртқа шығарып бір сөз айтпайтын. Үндемей сыйлығын алатын. Үндемей ішкі бөлмеге кіріп кетіп, әкесі кеткенше көзіне көрінбеуге тырысатын. Асхат отырып - отырып:
- Қызым, сабағың қалай? -дейтін. Ол «жақсы», - деп күбір ететін. Содан кейін дүние шаруаны тындырғандай көкек әке, думан - қызыққа толы мен мұндалаған қаласына қайтып кететін. Неге қызы өзін жат адамдай қарсы алатының түсінбейтін. Енді ойласа кішкене қызының өскеніне ешбір еңбек сіңірмепті. Кішкене күнінде қолына алып әлдилемепті. Бетінен де құшарланып сүйіп көрмепті. Қызы ауырды ма, тісі шықты ма, қалай қадам басты, қалай мектепке барды? Бәрінең өзі бейхабар екен. Әйелі Гүлшат та сауда - саттық деп шетелден тауар тасып, есі шығады да жүреді. Екеуі үйлерінде кездесе қалса, жанжал - ұрыс, Асхат менікі дұрыс дейді, Гүлшат менікі дұрыс дейді. Енді ұқты кішкене қызы жанында әке де жоқ, ана да жоқ, жетім баланың күйін кешіпті. Қызының сүйкімді бейнесі көз алдына елестеп, аяныштан жүрегі елжіреп, жігіт жылап жіберуге шақ қалды. «Неге бұлай болды?» деген сұрақ алғаш рет ойына келді.
Бұдан әрі жүре алмаймыз? Жол тіпті көрінбейді, - деді жүргізуші жігіт машинаны тоқтатып - Қар жолды біржолата жауып тастады. Өр ме, жоқ ылди ма ешнәрсені көрмеймін. Алдымыз ақ тұңғиық әлем.
Асхат кілт ойы үзіліп, терезеден сыртқа үңілді. Не істеу керек? Сағатына қараса кешкі жетіні көрсетіп тұр. Жер бетінде барлық қасқыр біткен осы маңға жиналып жын - ойнақ құрғандай, боран ұлып, қар түйіршіктері түтеп әп - сәтте машина терезелерін жауып тастады. Машинаның жарығының әлсіз сәулесі әрең жылтырайды.
Біраз күтейік, мүмкін боран басылар, - деп Асхат екі ойлы жауап берді.
Әй, қайдам, мен білсем бұл боран таң атқанша басылмайды, - деді жүргізуші машинаның отын амалсыз өшіріп. Асхат шарасыз кейіппен қызының ұялы телефон санын қайта терді. Байланыс жоқ, тым-тырыс. Осы кезде артқы әйнектен соңдарынан келе жатқан машина жарығы жылтырап көрінді. Ол да әрең жылжып жүріп келе жатыр екен. Бұларға жетер - жетпестен кілт тоқтады. Машина ішінен біреу секіріп түсіп, өздеріне жүгіріп келіп, артқы есікті ашып ішке енді. Әзер таныды. Жайсаң екен.
Асхат, сенбісің? Мен Гүлшат пен Бақытжамалды алып келемін.
«Гүлшат қызым ауырып жатыр» деп ойбайлап жылаған соң, ойланбай шығып кетіп едім. Мына қарыс қадам жерді көрсетпейтін, көз аштырмайтын бораннан жүре алатын емеспін, - деп қолдарын ауызына тақап жылытып, суықтан дір - дір етеді.
Мен де сол қызыма келемін. Не істейміз? Алға жүреміз бе? - деп Асхат кері бұрылып, сұраулы пішінмен Жайсаңның бетіне қарады.
Әй, қайдам, тоқтаған сәтте - ақ машинамның алды - артын ақ қар көміп тастады. Меніңше бұл бір өнбейтін жол болды. Мына аязда енді қатып жолда қалмасақ болды, - деп Жайсаң үнінен абыржу білінеді.
Гүлшат қайда?
Машина ішінде, жылап отыр - деді Жайсаң қолын сілтеп. Асхат әйелінің қандай жағдайда келе жатқанын түсініп, жүзін көргісі келген жоқ. Бірақ, амалсыз барып бірнәрсе айтуы керек екенін сезіп, сыртқа шықты. Ұлыған боран түтіп жібергісі келгендей жігіттің әп - сәтте ауызы - мұрны ақ қиыршақ қарға толып кетті. Тез жүгіріп келіп келесі машинаның есігін жұлқып ашып, ішке енді.
Сәлеметсіздер ме? - деді Бақытжамалға бұрылып.
Асхат сен екенсің ғой? Енді не істейміз? - Бақытжамал үнінде абыржу бар.
Білмеймін, - деді Асхат қалтасынан темекісін алып, тұтатып жатып.
Сенің бұл ежелгі жауабың ғой. Әрине еш нәрсе білмейсің. Жауапкершіліктен жұрдай қылып, құдай сені жаратқан! - Гүлшаттың жылаудан қарлыққан дауысы қатты шықты.
Гүлшат, өтінемін, жанжалдың бәрін қайта бастамашы, - деді Асхат қатты кейіп.
Неге мен қайта бастамаймын. Осыдан қызым өліп қалса, мен де өлемін. Қызымсыз өмірдің маған керегі жоқ. Он жыл бойы қызым жетім болмасыншы деп жалғыз күрестім. Одан не таптым? Оданда ес білмейтін кішікене күнінде - ақ сенімен ажырасып кетсем, қызымның жүрегі бұлай жараланбас еді. Әкесінің кім екенін білмей бақытты боп өсер еді, - деп Гүлшат ботадай боздасын.
Қойшы Гүлшат, неге соншама таусылдың? - деп құрбысы да басу айтып жатыр.
Мен кеше папаңмен ажырастым деп телефонмен айтқам. Енді кішкене қызым есін жинай алмай ауырып, сандырақтап жатыр, -деп Гүлшат одан әрі долданып жыласын.
Неге айттың? Айтпау керек еді? - Асхат та ашуланып.
Шындықты қайтіп жасырамын. Ол сұрады ғой.
Кейін қайту керек, -деді машина есігін жұлқи ашып, ішке тез кірген Жайсаң, - Әйтпесе бәріміз мұздап, үсіп өлеміз. Жанар май қаншаға жетеді?
Не қайтпақсыңдар ма? Ендеше қайтыңдар, мен жаяу кетемін, - деп Гүлшат ашулы үнмен бір шешімге келгендей машина есігін ашып, сыртқа ытқып шықты.
Ей, мынау қайтеді? - деп Жайсаң ауыз ашқанша, Гүлшат қарды омбылап кешіп, алға кетіп бара жатты.
Жүгір Асхат, ұста ананы, ұста, қазір үсіп кетеді, - деп Бақытжамал баж ете қалды.
Асхат қалай машинадан шыққанын білмейді, омбы қарды кеше, жүгіріп, Гүлшатты әрең қуып жетіп, құшақтай алды.
Кәмшат, қызым. Мен сені өмірге қайғырсын деп әкелген жоқпын. Неге жаның жараланды? Неге аяқ асты ауырып қалдың? Сенің жолыңда мен өлейін. Маған бұл өмірдің сенсіз керегі жоқ, - деп дауысы қарлыққанша айқайлап жылаған Гүлшат долданып, Асхаттың кеудесінен итеріп, алға ұмтылды. Боран одан әрі ұлып, үскірік жел бетті қарып барады.
Гүлшат, кешірші мені. Кешірші, - деп Асхат та әйелін аяп, жылап жіберді - Мен Кәмшаттың өмірі үшін бәрін жасаймын. Тек қана мені кешіріңдер, кешіріңдер мен кінәлімін.
Ал, енді не істейсің? Қызың өлгелі жатыр, ал біз айдалада боранда тұрмыз. Қайда сенің батырлығың, есерлігің? Бұл саған түнгі клуб емес, айдала! Түлей табиғаттың мінезін жеңе аласың ба? -деп Гүлшат әппақ қарға етпетінен құлады. Асхат оны зорлықпен тұрғызып, қарсыласқанына қарамай өз машинасының есігін ашып, ішіне көтеріп мінгізді. Осы кезде машина ішіндегі телефон шырылын естіді. Тез кіріп отырып, жұлып алса, фирмадағы көмекші жігіт Қанат:
Асхат, Асхат қайдасыңдар? -деп айғайлайды.
Біз өткелде тұрмыз, жол жоқ тұрып қалдық. Құтқару қызметімен хабарлас. Жоқ, сен былай жаса, кейінде қалған кентте әскери бөлімше бар, содан танк немесе броно машина бізге жібер. Естисің бе? Бізді құтқар!
Иә, иә - деп Қанат та ана жақтан айқайлап жатыр.
Қанат, қызметіне 1 миллион теңге төлеймін. Дереу келісімшартқа отыр да ақшасын жедел байланыспен аударып жібер. Бізді қызыма жеткізіп салсын. Түсіндің бе? Осы байланыс жүйесі ғана істейді, өзің хабарлас. Бізде басқа байланыс жоқ.
Түсіндім, - деп Қанаттың дауысы кілт үзілді.
Манадан бері жылаған Гүлшат тым - тырыс, артқы орындықта ұйықтап кеткендей болды. Асхат кері бұрылып, әйелінің қолын ұстаса, мұздай суық, беті - аузы да жансызданып ағарып кетіпті. Содан кейін жүргізушісіне:
- Арақ бар ма? Бар болса, әкел тез, -деп өзі артқы орындыққа ытқып өтті.
Гүлшат бір сәт есінен ауып қалғандай халде еді, өзі ұйқылы - ояу манаурап жатыр. Асхат дереу бөтелкеден арақты қолына құйып, әйелдің беті - қолын ысқылай бастады. «Қойшы, тиме маған» дегеніне қарамай, Гүлшаттың ауызын ашып арақты құйып жіберді.
Арақ, тағы іш, қазір жылынасың, - деп Асхат әйеліне тағы зорлап арақ жұтқызып, өзі де ұрттап ішіп жатыр. Сонан кейін қалтасынан әппақ орамалын шығарып, Гүлшаттың арақтан айғыздалған бетін - қолын сүртті. Ол бір сәт тынышталғандай жігіттің иығына шаршаған кейіппен басын қойып, көзі жұмулы, қозғалмай қалды.
Бәрің арақ ішіңдер, жаурап қаласыңдар! Ана машинаға да бір бөтелке апарып бер, машинаның жарығын жағып, от алдырып қой. Құтқарушылар келгенше шыдауымыз керек, - деп Асхат жүргізуші жігітке қысқаша бұйрық берді.
Гүлшат арақтың әсері ме, мұрны пышылдап, жігіттің иығында қалғып кетті. Әлі есінде ең әдемі мінезді қыз Гүлшатқа ғашық болып, көп жүріп еді. Бәрі жақсы болған. Неге араларына шайтан кірді? Өткен өмірін ойымен шолып отырып Асхат көп кемшіліктер жібергенін енді ұқты. Ең бастысы отбасының жауапкершілігін мойнына алмапты. Қара бастың қамымен, сайран салып, қызық қуып жүре берген. Одан не тапты?
Гүлшат та қарап жүріп жеңіле қоймайтын Мінезді қыз еді, оған көндікпей күйеуімен аяспай жағаласты, шағып алатын ащы тілі де шықты, екеуінің де жиі болатын жанжалдан бара - бара беттері ашылды. Бір - бірін сыйлап, аяудан қалды. Араларындағы күн сайын өсіп келе жатқан, бәрінен де қымбат жалғыз қыздарына да ерекше ықылас, махаббаттарын сыйламапты. Ал, Кәмшатты жоғалтып алса, күндері не болады? Бұл жөнінде ойлаудың өзінен жігіт денесі тітіркенді. Қалтасынан ұялы байланыс телефонын алып санын қайта терді. Байланыс жоқ. Дәл қазір, барлық байлығын, бір кішкене қызы жолында
шашып жіберуге даяр. Неге өзіне қымбат қызының жайын ертерек ойламаған. Әйтеуір көңілінде сансыз сұрақ, өкініш көп. Оған дәл қазір жауапты да таба алар емес. Не болса да «Алла тағала, маған көмектес қызым аман болса екен», - деген жалынышты тілек көңіл көгінде жазылып қалды. Әлгі арақтың буы ма, жоқ әлде машина іші жылынды ма, Асхат та иығында ұйықтап кеткен Гүлшатты құшақтап отырып қалғып кетіпті. Түс көріпті: Қызы Кәмшат бір әппақ далада «Папа, папа!» деп өзіне қарай қуанып жүгіріп келеді. «Кәмшат, Кәмшат!», - деген өз дауысынан оянып кетті. Қанша уақыт өткені белгісіз, көзін ашса, маңайы тым - тырыс, айналасы әппақ, сыртта әлде кімдердің сөйлеген дауысы естіледі.
Олар осында, қазір тексереміз.
Қазыңдар, абайлаңдар.
Асхат қараса, әппақ қар көміп тастаған машинаны біреулер күрекпен аршып жатыр. Көмек келгенін ұғып, қуанып кетіп:
Гүлшат, оян, оян, - деп дауыстап жіберді.
Не? Не болды? - деп Гүлшат әрең көзін ашты. - Біз қайдамыз? Арақтың қызуы оның бойынан әлі кете қоймағанға ұқсайды.
Бізге көмек келді. Қазір ауылға жетеміз.
Не? Көмек келді ме? - деп Гүлшат есін жинап ала қойды. Манадан бері он жыл итше арпалысқан күйеуінің ыстық құшағында ұйықтағанын біліп, екі беті ду ете қалды.
Жүріңіздер. Ақырын шығыңыздар. Броно машине сіздерді алып жүреді. Машиналарыңызды кері кентке сүйреп апарып, жағар май құйып, қайтар жолдарыңызға дайындап қоямыз, - деп әскери кісі түсіндіріп жатыр.
Екінші машинадан Жайсаң мен әйелі түсті. Олар да бұларды көріп, қуана қол бұлғап қояды.
Мен машиналармен кейін қайтамын. Сіздерді броно машина апарып, алып қайтады - деп жүргізуші жігіт те қуанышты үнмен.
Далада бір сәт боран басылған сияқты. Бірақ, тау теңіз қар үйіндісінен жолдың жұрнағы да көрінбейді. Үш жерде соңдарынан омба қарды бұзып келген әскери машиналар екі иінінен дем алып, дырылдап тұр.
Гүлшатты иығынан демеп, броно машинаға көтеріп мінгізген Асхат өзі де дереу отырды. Іші жып - жылы екен.
Аға, бізге бір миллион теңге төлегеніңіз рас па?- дейді жүргізуші солдат жігіт күліп. - Төледім. - Қызыңызды жақсы көреді екенсіз. Қандай бақытты қыз.
Көп сөйлеме, тез жүр, алға, - деп Асхат зекіп тастады.
Олар ақша қарды бұрқыратып, ауылға кіргенде таң ағарып атып еді.
Даладан машина гүрілін естіген Кәмшат шып тұрып, терезенің қар өрнек салып тастаған саңылауынан сығалаған.
Апа, апа, оян, папам да, мамам да келді. Дәу әскери машинадан түсіп жатыр, - деп қуаныштан шыңғырып жіберген.
О не, жаным? Әке - шешең келді ме? - деп Айман апа киімін асығыс киіп жатып - Түнімен жылап едің, құдай сенің көз жасыңды көрген ғой, жарығым.
Апа, апа, менің қызуым жоқ. Көрші, көрші маңдайымды, - деп апасын барып құшақтай алған.
Үйге кірген Гүлшат қызының аман - есен екенін көріп жылап жіберді.
Қойшы, қызым, жыламашы. Он жыл жыладың ғой, құдай көз жасыңды көрген ғой, - деп Айман апа қызының бетінен сүйіп, содан кейін Асхатқа бұрылып:
Төрлете ғой, қарағым. Бүгін құтты күн екен. Бәрің жиналдыңдар. Түнімен ұйықтамай ойлап - ойлап, Кәмшатты сендерге беруім керек деген шешімге келдім. Қаншама жақсы көрсем де, бақсам да, қақсам да, ата - анасының орнын толтыра алмайды екенмін.
Әрине, апа. Біз Кәмшат пен сізді қалаға алып кетеміз. Бұл боранды түн маған өмірлік сабақ берді. Апа, енді бәрі басқаша болады, - деп Асхат алғыс сезіммен кәрі кемпірдің қолынан сүйіп, құшақтап жатыр.
Сонан кейін Гүлшаттың құшағында тұрған, бойы өсіп қалған қызы Кәмшатты да ерекше бір әкелік мейіріммен көтеріп алып, бетінен сүйді.
Менің алтын қызым, сені көру үшін миллион теңгесін де аямаған әкеңді кешіре гөр, кешіре гөр, - деп Асхат қызының маңдайынан сыйпап, әйелі Гүлшаттың бетіне кінәлі кейіппен қарап қойды.
Айман апаның көзінде жас тұрды. Реніш пе, қуаныш па өзі де ұқпады. Сонан кейін біресе әкесіне, біресе шешесіне еркелеп, жүзі жайнай кеткен Кәмшатқа қарап, иығынан бір ауыр жүк түскендей болып, ыстық тамақ қамына кірісіп еді.
Қазақта «Отан — отбасыдан басталады» деген өнегелі сөз бар.
Тереңіне бойласақ, кез келген мемлекеттің негізі отбасыдан бастау алатынын аңғарамыз. Міне, сол әр отбасының керегесі кең, шаңырағы бүтін болса, ұлтымыздың да көсегесі көгеретіні сөзсіз.
Өкінішке қарай, отбасы құндылығына аса назар аудармай жатамыз. Әсіресе, қазіргі қоғамда ажырасу мәселесі өршіп тұр. Нұрила
Бектемірованың «Қыздың көз жасы» әңгімесінде осы бір жайт сөз болады. Шындықпен өрілген шығармада автор оқырманына шынайы қоғам бейнесін танытуға тырысады. Қаламгер әңгіменің түйіні арқылы қоғамға өрісті ой тастайды.
Нұрила Бектемірованың «Қыздың көз жасы» әңгімесі kitapjaris ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды.