Есікбай аунап шығады. Балалар атыспақ ойнап жүр.



Дата25.05.2023
өлшемі16,63 Kb.
#97235

Сахнада баяу музыка.
Есікбай аунап шығады. Балалар атыспақ ойнап жүр. (тақ-тақ,пақ-пақ)
Есікбай:
-Ей,сен өлдің ғой немінеге жүрсің?Ей,Қосым,сен шық бері,мен сені аттым.
Қосым:
-Жоқ сен мені атпадың.
Есікбай:
-Аттым дим!Өтірік айтпа,бері кел.
Қосым:
-Атпадың сен мені.
Есікбай баланы итеріп құлатады. Ол жылап қалады.Жанындағы балалар оны жұбатады.
Есікбай:
-Өй,жылаңқы
Аян:
-Ей,Есікбай (ашуланып) сен неге оған тиісесің?Оның жасы кіші ғой!
Есікбай:
-Сенің шаруаң болмасын. (итереді)
Аян:
-Онда кел шық жекпе-жекке!
Есікбай:
-Сенімен бе? Бері кел! Екеуі төбелеседі.Балалар шулап келіп:
-Қойыңдар!Төбелеспеңдер! – деп ажыратады.
Бапай шалдың кемпірі:
-Әй,тәйт,төбелеспеңдер,жүгәрмектер,жүгәрмектер-ай! Соғыстың қасіреті аздай,тақ-тақ етіп атысқаны несі тағы?Өй,жүгәрмектер,барыңдар ары!Әй,Аян?Аян?Қара ана бұзауларды алыс кетіп қалмасын. Қарашы ей мыналарды? Ырымдарың құрсын!
Балалар шығады:
-Кетті ма?
-Кетті! Қайтадан атыспақ ойнай бастайды.
-Атыспақ ойнайық!
-Қойыңдаршы,қазір Бапай шалдың кемпірі тағы келеді,ұрысады.Одан да ағаларымызға хат жазайық!
-Аян сен хат жаза аласың ғой,үйретші!
Аян:
-Келіңдер,үйретейін.Барлығы отыра кетеді.(Аянды сүйеп отырғызады,аяғын сындырып алған) Аян қалтасынан қағаз шығарып:
-Мынау менің ағама жазған хатым,осы хатты көшіріп,менің ағамның есімінің орнына өз ағаларыңның есімдерін жазыңдар.Балалар жата қалып хат жаза бастайды.Ішінара:
-Жөндеп жазсаңшы!Қарашы менікін
-Өй,қойшы,менікі де әдемі.
(Музыка) Аян орнынан тұрады.Аяғын ақсап басады.Үстіндегі киімін иіскеп:
-Балалар,сендерге бір қызық айтайын ба?
Балалар:
-Қандай қызық?
Аян:
-Кеше түсімде ағамды көрдім.
-Қойшы,рас па?
Аян:
-Рас айтам.Ағамның пальтосын жастанып, иіскеп жаттым.Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жақсы иіс.Жусанның иісі сияқты.Балалар өздерінің үстіндегі киімдерді иіскей бастайды.Шуласып:
-Қара,менен де шығады.
-О,менен де жусанның иісі шығады.
-Менен де
-Міне,қызық,менен де,қарашы. Балалар бір-бірінің киімдерін иіскей бастайды.Бір бала жылай бастайды.
-Әй,жылауық,немінеге жылап отырсың?
-Ағамды,ағамды сағындым.
-ӨӨӨй
-Ендеше,ағаларымызға жазған хаттарымызды оқиық.
-Иә,оқиық
-Сен оқышы ал.
-Құұ рр ме тті аа ғ аа,ққа аа лл ы ңы з қ а л а й?Бііз де бә рі қа қа лыпты.Сіз ді қатты са са са ...... (балалар көңілсіз) Сұмырай фашисттерді жеңім ортамызға тез оралыңыз аға! Мұңды музыка балалар түгел жылап қалады.
Аян:
-Балалар,етрегі,сендерге бір қызық ертегі айтып берейін бе?
Балалар:
-Ертегі!
-Иә,айтшы
-Қане
Музыка Аян ертегі айтып жатыр дыбыссыз. Фонда соғыс туралы өлең
Қарғыс атқыр соғыс түнек,
Қалың жұртты аямаған.
Аштық,өлім желі гулеп,
Қайғы бұлты ұялаған.
Шаңырақ жоқ жоғалтпаған,
Әке, ұл, қыз иә анасын.
Жан күйзелте ойып салған,
Бәрінде де мұң таңбасын.
Әркімнің бар өз есебі,
Қарғыс атқыр ол соғыста.
Әлі аналар ой кешеді,
Үмітімен арпалыста.
Көз жұмғанша сенбейді олар,
Бір хабары болар – ау деп.
Ұлын аңсап, түсін болжар,
Сүрлеу жолға сан елеңдеп.
Ал жеткіншек ұмытар ма,
Есте қалып білгендерін?
Әкелердің аттанар да,
Қимастықпен сүйген демін.
Балалық шақ...
Базарын көре алмадық аралап біз,
Телміріп тек сыртынан жағалаппыз.
Майлы тағам маңына жолай алмай,
Сарқыты бар саяны сағалаппыз.
Өтті ғой балалық шақ – зұлмат күндер,
Тойымы жоқ...
Жалмауыз...
Қанағатсыз...
-ӨӨӨрт,өрт,шөп жанып жатыр,қаш,өрт! Бір кәрі шал келіп қамшымен барлығын қуалап,ұрады.Аян қатты таяқ жейді.
-Өй,тоқтат,доғар.Қу жетім-ай,жүр,жүр,тұра ғой.
Сахнада кемпір үйде пеш жағып отыр:
-Ой,жүгәрмек – ай,ойының осылғыр!Ойының осылғыр – ай!
Кемпір:
-Ертең ана арпашы қалаға барады. Сонымен бірге еріп барып Аянды балалар үйіне тапсыр!
Шал:
-Өй,қой!
Кемпір:
-Болды! Әй,Аян, өшір ана шамды.Майы таусылады.
Үйге бір бала келіп:
-Аян,қалың қалай?Аяғың қалай?Мынаны саған апам беріп жіберді. Нан мен айран ұсынады. Аян наннан бір тістеп айраннан бір ұрттап алады:
-Кеше түнде аяғым қатты ауырды. Өлгім-ақ келді. Ағам соғыстан келген соң мына аяқты шықпастай етіп салдырып аламын ба деп едім. Енді міне (қалтасынан қағаз алып) ағамнан да қара қағаз келді.Анау тұрған күртешені алып беріп жіберші. Күртешені алып иіскейді:
-қарашы,жусанның иісі шығады иә?
Бала:
-Аян,сені ертең шынымен де балалар үйіне жіберейін деп жатыр ма? Аян үнсіз отыр. Тұрып қолындағы күртешені Аянның үстіне жабады.
-Аян!Аян!(тізерлеп отырады) Қу соғыс,бесіктен беліміз шықпай жатқанда біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді?Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап жанға батып жүрер – ау.Асыр салатын балған шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға бар зілін салды ғой.Сонда да болса басқаларымыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған келгенде ештеңесін аяп қалған жоқ. Ол біздің ауылға әжесімен көшіп келгенде сап-сау,дін аман еді.Өздері жетектеп келген бұзауын бір күні үйретем деп оңбай құлады.Содан міне зарыққаны осы.Оның бары да нары да әжесі еді.Одан да бір ай бұрын... Қара пальтосны басына жастап жусанның иісіне айналған ағасын сарғая сағынышпен күткен үміті де сөніп бітті-ау...Шіркін – ай,Аянның ағасы соғыстан тезірек келсе ғой деп тілеуші едім. Қош бол Аян! Бірақ тірі болсаң жусанды төбеге бір оралмауың мүмкін емес!Қош бол Аян! Қооош бол Аяяяяян! Аяяяяян!
5 ұл, 1 кемпір, 2 шал керек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет