Ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі312,21 Kb.
#55277
  1   2


Ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі
36
ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сериясы. №2 (41). 2012
Д.Қ. Мамытқанов, С.А. Амитов
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail: kuralay.Avsydykova@kaznu.kz
Ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі
Аңдатпа. Ақпараттандыру үрдісі жеке адамның интеллектуалдық деңгейі мен шығармашылық 
белсенділігіне, ақпараттық мінез-құлқына əсер етіп, өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастырады. 
Мақаланың зерттеу пəні ретінде ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты 
қалыптастыруға əсері жəне БАҚ-тың қоғам өмірінде алатын рөлі қарастырылған. Зерттеу бары-
сында ақпараттық қоғам мəселелері жəне ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары сипаттала-
ды. Мақалада БАҚ-тың атқаратын негізгі қызметтері жəне жеке адамның ақпараттық мəдениетінің 
қалыптасуына əсері айқындалған. 
Түйін сөздер: ақпараттандыру, ақпараттық мінез-құлық, ақпараттық мəдениет құндылықтар, ақпарат-
тық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары.
Ақпараттың жеке адам мен мемлекет, жал-
пы қоғам өміріндегі алатын орны өте маңызды. 
Ақпарат – адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге 
бағытталған коммуникациялық үрдістің нəтижесі. 
Қазір əлеуметтік ортада жаңа ақпараттық қоғам 
құру мақсаты коммуникациялық үрдіске өзіндік 
ерекшеліктер мен өзгерістерін əкелді. 
Ақпарат құндылығы тұлғаның субъективтік 
мінез-құлыққа ие болуымен түсіндіріледі. Егер адам 
қойылған мақсатқа жетсе, онда қолдан ған ақпарат 
оның назарынан тыс қалып, ол өз құндылығын 
жоғалтады. Сонымен қатар құндылықтың əртүрлі 
екендігін ескеру қажет. Құндылық – бұл адамның 
мақсатқа жету жолын таңдау процесінде оны 
қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттың қасиеті.
Осының бəрін бірге алғанда қоғамда құн ды-
лыққа ие ақпараттан бөлек, құндылығы мүл дем 
жоқ немесе жағымсыз құндылыққа ие ақпарат-
тың да бар екенін айтуға болады.
Ақпарат ақпараттық қоғам дамуының маңыз-
ды бөлшегі ретінде келесі қасиеттермен ерек-
шеленеді:
- ақпарат мақсатқа жету үшін таңдауға 
мүмкіндік беретін ақпараттың құндылығы;
- нақты жағдайда қаншалықты қажеттілігі 
айқындалатын ақпараттың пайдалылығы; 
- белгілі бір уақыт аралығында ақпараттың 
құнсыздануы. 
Ақпарат адамзаттың негізгі ресурсына, басты 
құндылыққа айналып отыр. Қоғамдық салада 
ақпараттың рөлінің өсуі жəне ақпараттық қаты-
нас тардың алдыңғы қатарға шығуы ақпа рат тық 
қоғам дəуіріне енудің көрсеткіші болып отыр.
Ақпараттық қажеттіліктің мəнісі барлық 
қажет тіліктерді қанағаттандыру мен кез келген 
іс-əрекетті жасау өз мүмкіндіктерінің жүзеге 
асыруымен дамытуға бағытталған мақсат пен 
оған жету жолдарын таңдауда ақпаратты өндіру, 
қабылдау жəне пайдаланудан көрінеді. Адамның 
рухани дамуы үшін жағымды эмоционалдық 
ақпараттар қажет. Ақпараттық қажеттілік тұлғаны 
ақпараттық жинақтаған білімі арқасында басқа 
қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзін-өзі дамытуға 
бағыттайды.
Қазіргі уақытта жəне болашақта жастардың 
бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру
– қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 
Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан, сауатты адам 
қажетті ақпаратты тауып алуға, бағалауға жəне 
тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын 
дəстүрлі жəне автоматтандырылған техникалық 
құралдарды дұрыс пайдалана білуі қажет.
Адам ақпараттық коммуникация процесінде 
тек ақпарат алып қана қоймай, алған ақпараттарды 
пайдалана отырып, өз мүмкіндіктерін арттырып, 
ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады, ой-
өрісі дамып тұлға ретінде қалыптасады. Сон дық-
тан адамның ақпараттық мəдениеті оның ақпа-
ƏОЖ 316.77:070 (574)


ISSN 1563-0307
KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (41). 2012
Д.Қ. Мамытқанов, С.А. Амитов
37
раттық мінез-құлқынан, ақпараттық өмір салты-
нан, нақты ақпараттық əрекетінен байқа лады.
Ақпараттық мінез-құлық адамның ақпарат пен 
жұмыс жасау, өзінің ақпараттық өрісін жəне өз 
жүріс-тұрысын ретке келтіру мен талдауға қажет-
ті қабілеттіліктері мен дағдыларын бейне лейді.
Адамзат өркениеті ақпараттық қоғам құру 
кезеңінде тұр. Ақпараттық қоғамға өту процесі 
адамзат қоғамының ерте кезеңінен басталған, 
бірақ қарқынды даму ХХ ғасырдың екінші 
жартысында басталды. Ақпараттық процестер 
мен ақпараттық технологиялар қазіргі заман ғы 
ақпараттық қоғамның дамуының негізгі көр сет-
кіші болып табылады. Ақпараттандыру – бұл 
қоғамның бүкіл мүшелеріне кез кел ген əлеумет тік 
маңызы бар ақпаратты алуға мүм кін дік беретін 
саяси, əлеуметтік-экономи калық, технологиялық 
факторлардың өзара байла нысқан жиынтығы 
нəтижесінде жүзеге асады. Ақпараттандыруға 
келесідей сипаттар тəн:
– ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату жəне 
өндіру мүмкіндігінің өсіп отыруы;
– əр адамның адамзаттың ақпараттық ресурс-
тарына еркін қол жеткізіп отыруын қамтамасыз 
ету;
– ақпараттық технологияларды адамдардың 
өмір салтының кез келген саласында жан-жақты 
қолдану жəне ендіру;
– ақпараттық ресурстардың басымдылығы 
жəне бағдар берушілігі.
Ақпараттық ағымда тұлғаның бойында ақпа-
рат тық ортаның қызмет ету заңдылықтары туралы 
білімдердің, қабілеттіліктердің, құндылық тардың 
қалыптасуы өмірде дұрыс бағыт-бағдар ұстануға, 
маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер 
береді. Ақпараттандыру үрдісі қоғам жəне 
адам өмірінде даму ресурсы ретінде ақпаратты 
жəне ақпараттық коммуникация технология-
ларын толық пайдалану адамның ақпараттық 
мəдениетінің 
дамуы 
мен 
қалыптасуының 
маңыздылығын арттырып отыр. 
ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру 
үрдісінің негізгі бағыттары: 
– микропроцессорлар мен электрондық есеп-
теу машиналарының өндірісте, транспортта, тұр-
мыста жəне т.б. қоғамдық өмірде кеңінен қолдану;
– интеллектуалдық жұмыстардың сапасының 
артуы мен орындалу мерзімін қысқарту мақсат-
та автоматтандырылуы (ақпараттарды автомат-
ты түрде іздеу, аудару жəне техникалық құрал-
дар арқылы автоматты түрде басқару, жобалау, 
ғылыми зерттеулерде жəне т.б. салаларда жұмыс-
тар жүргізу);
– ақпараттың таратылуы мен тасымалда-
ну тиімділігін арттырып, қағаз үнемдеуді қам-
тамасыз ету мақсатта көптеген қағаз баспа шыға-
рылымдарын біртіндеп электрондық түрге айнал-
дыру; 
– əртүрлі ауқымды тасымалдау жұмыстарын 
тез жəне аз шығынмен шешуге мүмкіндік бе ре-
тін жоғары дамыған электронды коммуникация 
жүйелерінің құрылуы (электронды пошта, элек-
тробайланыс желісімен сатып алу мен қаржылай 
есептесу, телеконференциялар жəне т.б.). 
Бұл үрдіс XX ғасырдың 70-80 жылдары қар-
қынды дамып, өркениеттің дамуына ай рық ша 
əсерін тигізді. Ақпараттық үрдістің қар қын ды 
дамуының негізгі көрсеткіші ретінде ақпарат-
тарды алу, тарату, тасымалдау, алмасу жəне 
қажетті ақпараттарды табу мен ақпарат тарды 
өңдеу, оларды жүзеге асыру, басқаруда техникалық 
құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері ар-
тып отыр. 
Ғалымдар ақпараттық қоғамда ақпараттың 
жəне ақпараттық ресурстардың рөлі айрықша 
өзгеретінін мойындады. Ақпарат адамзаттың 
маңызды ресурсына айналады. Шикізат пен энер-
гияны аз пайдалана отырып, табиғи ресурстары 
шектеулі кішігірім мемлекеттер өндірісте ғылыми 
жетістіктерінің арқасында экономикада ерекше 
табыстарға жетуге болатындығын көрсетті. (Гол-
ландия, Дания, Тайвань, Жапония, Сингапур). 
Ақпарат билігінде баспа бостандығы, жариялық, 
жалпыға ортақ мəліметтер молдығы экономи-
ка дамуына жəне нарықтық механизмдердің 
орнығуына мүмкіндіктер береді. Білім беру мен 
денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жəне 
табиғатты қорғау саласына қаржы бөлініп жоғары 
нəтижелерге жетуге жол ашылады.
Қоғамның əртүрлі даму бағыттарында түбе-
гей лі өзгерістер ақпаратпен жəне ақпараттық 
қыз метпен тығыз байланысты. Ақпараттандыру 
үрдісі экономикалық, технологиялық, саяси жəне 
мəдени дамуға мүмкіндіктер ашады
Ақпараттандыру – білім беруге, мəдениетке, 
əлеуметтік салаға əсер ететін əлеуметтік мəдени 
үрдіс. Ақпараттандыру үрдісі адамның өмір сүру 
ортасын едəуір өзгертті. 
Қазіргі уақытта əлеуметтік өмірде ақпараттың 
маңыздылығы күрт жоғарылады: көп каналды 


Ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі
38
ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сериясы. №2 (41). 2012
теледидар, интернет, радиостанциялар, кино, 
жарнамалар мен афишалар қоршаған ортаның 
маңызды элементіне айналды. Біз ақпараттық 
ортамен тығыз байланысты өзіміз жəне 
басқалар жөнінде хабарламалар алу мен алма-
су үрдісіне, ақпараттарға толы медиа кеңістікте 
өмір сүрудеміз. Ақпарат адамның рухани жəне 
материалдық өмірімен тығыз байланысты. Бұл 
ақпараттың адамның əлеуметтік-мəдени өмірін 
жəне материалдық тұрмысын айқындайтынын 
білдіреді.
Ақпараттандыру жағдайында ақпараттық қо-
ғам ның құндылықтары, ұстанымдары, білім дері, 
нормалары таралып адам бойында ақпарат тық 
мəдениет қалыптасады. Бұл адамды ақпарат тық 
қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналды-
рады. Қазіргі жағдайда ақпарат басты құндылыққа 
айналып отыр, сондықтан тұлғаның əлеуметтенуі 
үшін ақпараттық мəдениеттің рөлі артуда. 
Ақпараттандыру жағдайында тұлғаны ақпараттық 
қоғамға мақсатты түрде əлеуметтендіру фактор-
лары арқылы даярлау қажет. 
Қоғамның ақпараттық құрылымы адамның 
шығармашылығының дамуы үшін көптеген 
білімдер мен құндылықтардың қалыптасуына 
жол ашты. Бірақ бұл мүмкіндіктерді ақпараттық 
қабілеттіліктер мен біліктілігі бар адамдар ғана 
пайдалана алады. Сонымен, адамның тіршілік ету 
ортасының өзгеруі ақпараттық мəдениеттің даму 
үрдісінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық 
сауаттылықты қажет етеді. Адамзат ақпараттық 
үрдістердің қарқынды өсу жағдайында əлеуметтік 
өмірдің нормасы ретінде көрінетін екі жақты си-
туацияда қалды.
Ақпараттандыру үрдісінде мəдениетке əсер 
ететін техника мен технологиялар кеңінен ендірі-
леді, ол мəдениет пен ақпараттың өзара байланы-
сын айқындайтын ақпараттық мəдениет болып 
табылады. 
Тұлғаның ақпараттық мəдениеті мəдени орта-
ны танып-білуде жəне өзгерту үрдісі жүзеге аса-
тын ақпараттық əрекеттен көрінеді. Нəтижесінде 
адам əрекет субъектісі ретінде, ал игерілетін 
үрдістер, құбылыстар əрекет объектілері ретінде 
бөлінеді.
Қазіргі күні ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына 
əсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі 
болып табылады. Олардың əсері тек адам өміріне 
ғана емес, сонымен катар адамзат қоғамының 
тұрақты жəне белсенді түрдегі дамуында да əсері 
орасан зор. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология-
лар саласындағы қазіргі жетістіктер, біздің өмірі-
міз ге «ғаламдық ақпараттық қоғам» деп аталатын 
жаңа экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени қа-
ты нас тардың құрылуына алып келді.
Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына:
– экономиканың тауар өндіруден қызмет 
көрсетуге қайта бейімделуі;
– интеллектуалдық технологияның өндірістік 
жəне технологиялық салаға теңесуі;
– материалдық меншіктің құндылықтар 
жүйесіндегі маңызының кемуі;
– материалдық өндірістегі ақпараттық жəне 
ғылыми қызметтің бəсекелестік басымды-
лығының артуы;
– қоғамның технологиялық жəне саяси-
əлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым 
маңызының артуы;
– кез келген саланың ғылыми жəне білім 
берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі; 
– əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара 
бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.
Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат 
құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сон-
дықтан ақпарат кеңістігінде жергілікті, өңірлік, 
ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, 
əлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен та-
ралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың 
жаңа формулаларын ұсынып отыр.
Жаңа ақпараттанған қоғам қалыптаса баста-
ды, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құнды лық 
– ақпарат пен білім. Саяси-əлеуметтік қаты нас-
тарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпарат тық 
процестер маңызды болып табылады. Ақпа рат-
тық технологиялардың дамуы жəне кең қолда-
нылуы экономика, саясат, мəдениет пен ғылым 
сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал 
етеді. Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған 
ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі бо-
латын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. 
Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде 
ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. 
Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация 
мен телекоммуникация. 
БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет 
құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін 
білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңыз-
ды ақпараттың информациялық функциялар-


ISSN 1563-0307
KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (41). 2012
Д.Қ. Мамытқанов, С.А. Амитов
39
ды жүзеге асырушы демократиялық институт. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кез-
де, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде 
орны зор. Əсіресе сөз, баспасөз бостандығы 
шын мəнінде беріліп, радио мен теледидарды 
пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген ел-
дерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, 
қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың 
басшылығы мен жауапкершілігін тəрбиелеуде 
ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру ар-
қы лы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал 
етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген 
мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ық-
па лы мемлекет пен оның институттарына жəне 
жүр гізіп отырған саясатына қатысты адамдардың 
ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай 
алады.
БАҚ-тың маңызды рөлі – қоғамның өміршең 
даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақ-
парат кеңістігінде қоғамда болып жатқан эконо-
микалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзге-
ріс терді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау про-
цестері көрінуде.
Пікірлер мен ойлардың сан алуандығы, мақсат, 
талап, пікір қайшылығы, саяси жəне əлеуметтік 
əртүрлі бағыт ұстанған ақпарат құралдары қоғам 
мүшелерінің рухани сұранысына, таңдауға, тал-
дау, бағалау қабілеттіліктерін арттыруға қоғамда 
болып жатқан процестерді дұрыс түсіну мен 
шешім қабылдауларына септігін тигізеді. 
Бүгінгі жаңаша даму жолына түскен Қазақстан 
халқы мен экономикалық, əлеуметтік, саяси 
өмірінде демократиялық жаңарулар тереңдетіліп, 
қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің 
қажетті шарттары тұрақтандырылуда. Жас 
мемлекетіміздің алдында қоғамдық дамудың 
бүгінгі 
кезеңде 
өркениеттің 
жетістіктерін 
материалдық жəне рухани игілік ретінде сақтау 
мəселесі туындап отыр. Мемлекеттік тəуелсіздік 
жаңа экономикалық саясатпен, құқықтық, əлеу-
меттік, демократиялық мемлекет құру міндеттері 
республика ақпарат кеңістігіне үлкен өзгерістерді 
қалыптастырды. Ол міндеттерді жүзеге асыру 
қоғамның өмірін дұрыс түсініп, қабылдап, шы-
найы суреттеу мүмкіндігінен соң жүзеге аспақ. 
Ақпараттық пікір алмасулар демократиялық 
жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрақты сая-
си, əлеуметтік, демократиялық процестердің 
орны ғуына əкеледі. Сөз бостандығы, баспасөз 
бостандығы, пікірлер плюрализмі тəуелсіз жеке 
меншік ақпарат құралдарының пайда болуы қа-
зақ стандық ақпарат кеңістігінде демо кра тиялық 
үрдістердің нəтижелері.
Қазақстан үшін дамудың тұрақты демо-
кратиялық моделін таңдауда қоғамды еркін жəне 
құқықтық, демократиялық үлгіде трансформация-
лау жолдары мен əдістерін іздеу, объективті шы-
найы ақпараттардың маңызы зор.
Ақпараттық қоғам түрлі идеялар мен ілім, 
білім, сан алуан өркениет пен құндылықтарды 
саралап, адамдардың ой-санасын кеңейтуге 
белгілі бір идеялар төңірегінде топтасуға, оларды 
тереңірек түсініп-білуге ықпал етеді. Егер эконо-
мика мемлекеттің жұлыны болса, оның ұлттық 
рухы мен санасы жүрегі іспеттес. Қоғамдағы 
əлеуметтік институттардың ерекше түрі санала-
тын БАҚ мемлекет жүрегі арқылы оның бүкіл 
денесіне қажетті нəр, азаматтардың мемлекеттік 
бірлігі мен мақсат-мүдде ортақтығына түйсінуін 
таратады. Онсыз тəуелсіз мемлекеттің болаша ғын 
баянды ету қиын.
Қазіргі кезеңде Қазақстан əлемдік аренада 
тек экономикалық мүдделер нүктесі ғана емес, 
стратегиялық саяси, əлеуметтік, экономикалық 
жағынан əлем елдерінің назарын аудартып отыр.
Қоғамның өркениеттілігі мен зайырлылығы 
мемлекеттің мəдениетке деген көзқарасымен 
өлшенеді. Бүгінгі дамыған өркениетті қоғамдағы 
білім мен ақпарат билігі қаражат пен мемлекеттік 
күштеуді екінші кезекке ысырып тастап, оны 
басқаруда шешуші ықпал ете алар саяси күшке 
айналып отыр.
Қазақстандағы экономикалық-əлеуметтік, мə-
де ни дамуға ықпал ететін əртүрлі маңызды мəсе-
ле лер ақпарат кеңістігінен терең ашық жария-
ланып, жариялық принциптері тұрғысынан кеңі-
нен көрініс табуда. Бүгінде қоғамымыз нарық-
тық экономикалық, саяси, əлеуметтік күр делі 
өзгерістерге түсіп, жаңа жағдайға рухани-пси-
хо логиялық бейімделу кезеңін бастан кешіруде. 
Екінші жағынан, мемлекет идеологиясы жаңа 
азаматтық қоғамның өркениетті құқықтық құры-
лымға ұлттық бірлік пен теңдік принциптері 
арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр.
Қоғам өмірінде мəдени жинақталған түрлі 
құндылықтарды сақтау ғана емес, енді олардың 
қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуі мен 
бірін-бірі толықтыра түсуінің мəні терең нақты 
тəуелсіздікке жету күшті қолдауды қажет етеді.


Ақпараттандыру үрдісінің ақпараттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі
40
ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сериясы. №2 (41). 2012
Кез келген мемлекеттің ішкі, сыртқы міндет-
тері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін бұқара-
лық ақпарат құралдарының орны маңызды.
БАҚ арқылы адамдар əлеуметтік нормаларды, 
этикалық жəне адамгершіліктік құндылықтарды 
қабылдайды, өмірлік ұстанымдары қалыптасады. 
БАҚ қоғамда болып жатқан процестерді бейне-
лей отырып, қоғамдық пікірді қалыптастырады. 
Қоғамдық пікір қалыптастырып əлеуметтік про-
цестерді басқаруға, шешім қабылдауға ықпал етеді.
БАҚ ақпараттық салада ақпараттық қажет-
тіліктерін қамтамасыз ете отырып, əлеуметтік да-
муды, қоғам талаптарына сəйкес құндылықтардың 
қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан БАҚ-тың 
қызметінде жəне ақпаратты өндіруде, тұтынуда, 
таратуда ақпараттық қарым-қатынастарда əлеу-
мет тік жауапкершілік жүктелінеді. Ақпараттық 
қоғамда тұлғаның ақпараттық мəдениетінің қа-
лып тасуы оның ақпараттық қажеттіліктерін қана-
ғаттандырып, табысқа жетуде мол мүмкіндіктерін 
жүзеге асыруын жəне қоғам өміріне белсенді ара-
ласуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқа ра-
лық ақпарат құралдары мемлекет өмірінде шешуші 
рөл атқарады. Қоғамдық-əлеуметтік құрылымда 
ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы. 
Олар азаматтардың өз құқықтары мен бостандық-
тарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, 
күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы 
ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік бере-
тін маңызды институттардың бірі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет