Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі болған
Экономикасы
Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді. Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.
Талапкерлер орталығы
Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.
Климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ. Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50°C аязға дейін баруы мүмкін. Нұр-Сұлтан Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады
Өнеркәсібі
Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Экологиясы
Қаланың табиғи ортасы (су көздері, ауа, жер қабаты және т.б.) белсенді антропогендік әсерге ұшырап отырады. Бәрімізге мәлім, кез келген аумақтың экологиялық жағдайы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ5) интегралды көрсеткішпен сипатталады. Астана қаласындағы атмосфералық ауа ластануының орташа индексі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,25 бірлікті құрады, яғни, бұл 2012 жылғы ластану индексімен салыстырғанда (3,78) 0,53 бірлікке аз деген сөз. Астананың атмосфералық ауаның ластаушылардың негізгі үлесін құрайтындар: автокөлік құралдары – 53 %, ЖЭС-1 және ЖЭС-2 – 25%, басқа стационарлық көздері (автономды қазандық, жеке кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер) – 17%»,
Қызықты деректер
Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі Ұлан-Батордан кейінгі екінші суық қала болып саналады. Тіпті, елордамыз Канаданың Оттавасын да суықтығымен басып озыпты.
Қаладағы ең қысқа көшенің ұзындығы 358,7 метр ғана. Ол Біржан салдың атымен аталады (ескі атауы – Вокзальная)
Нұр-Сұлтанда ұзыннан-ұзын созылып жатқан ғимарат бар. Oның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. Әрине, ол – Министрліктер үйі.
Астанамыздың алып жатқан аумағы 800 шаршы шақырымды құрайды. Ол Бахрейн, Андорра, Кирибити секілді мемлекеттердің жер көлемінен де үлкен
«Астана Опера» орталық Азиядағы ең үлкен театр. Оның басты залы 1250 орынға арналған, партеріне 450 көрермен сияды. «Ла Скала» секілді дүние жүзіндегі үздік опера театрының залына ұқсастырылып, бірнеше қабатты етіп салынған,алайда ұлттық өю-өрнекпен көмкерілген. Оның сыртындағы ғимаратта сегіз қосымша зал мен 11 репетициялық орынжай, 205 орынға арналған камералық музыка залы бар.
Әзірет Сұлтан» – Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы жүргізген
Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 75 мың гектарға созылып жатқан жасанды жасыл белбеу бар. Онда 9 миллионнан аса ағаш өседі.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.