Ақпараттық дидактикалық блок



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51169
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Инф блок каз Реплекация, транскрипция



Ақпараттық дидактикалық блок 
Тұқым қуалау ақпаратының тасмалдануы молекулалық биологияның орталық
догмасы деп аталады. Ол Ф. Криктің көзқарасына сай іске асырылатындықтанда оны
Крик постулаты деп те атайды. 
Крик тұқым қуалау ақпаратының биологиялық жүйеде іске асырылу бағытын және 
берілу типтерін анықтады. 
Крик постулаты бойынша тірі жүйедегі тұқым қуалау ақпараты тек бір бағытта
беріледі: нуклеинқышқылдарынан ақуызға, кері бағытта ешқашанда берілмейді (тыйым 
салынған). 
Тұқым қуалау ақпаратының берілуінің 2 типін ажыратады:
1) жалпыға бірдей берілуі, кез-келген жасушада өтеді;
2) арнайы берілуі, вирустармен зақымданған жасушаларда жүреді.
Ақпараттың жалпыға бірдей берілу жолы: 
1. ДНҚ → ДНҚ(репликация).
2. ДНҚ→ а-РНҚ (транскрипция). 
3. а-РНҚ → ақуыз (трансляция).
Арнайы берілуі: 
1. РНҚ → РНҚ(репликация РНҚ).
2. РНҚ→ ДНҚ (кері транскрипция). 
3. ДНҚ → ақуыз (трансляция ДНҚ).
Вирустардың генетикалық материалы РНҚ. Оларға темекі теңбілінің мозаикалық 
вирустары (ТТМВ), басқа да өсімдіктердің вирустары, РНҚ – бактериофагтар
жануарлардың кейбір вирустары, мысалы, полиовирустар жатады.
Вирустардың геномдық РНҚ-сы бір немесе екі тізбекті болуы мүмкін және 
міндетті түрде матрицалық РНҚ-дан комплементарлы РНҚ молекуласының түзілуін 
бақылайтын РНК – репликаза ферментінің гендері болады. Жаңа синтезделген РНҚ 
молекулалары қайта синтезделетін РНҚ көшірмелеріне қалып (матрица) 
болады.Ақпараттың РНҚ-дан ДНҚ берілуі тек вирустардың белгі бір түрімен 
зақымдалған жасушаларда ғана болады. Оларға ретровирус, гепатит В вирутары және т.б. 
жатады. 
Ретровирустартардың зақымдалған бөлігінде кері транскриптаза ферменті 
болады, ол фермент ДНҚ-ң қомплементарлы тізбегін синтездеу үшін бір тізбекті
вирустық РНҚ-ын қалып ретінде пайдаланады. Вирустық РНҚ тізбегіндегі ақпаратты бар 
ДНҚ кері транскриптаза ферментінің көмегімен еселеніп қос спиральды ДНҚ 
молекуласын түзеді. Бұл қос тізбекті ДНҚ егесінің хромосомасының ДНҚ-на еніп 
провирусқа айналады. Мұндай жасушалар, мысалы, тауық эмбрионының жасушаларың
ДНҚ молекуласының құрамындағы вирустық ДНҚ көшірмесі (провирус) ісік 
жасушаларына трансформацияланады. 
Ақпараттың тікелей ДНҚ-дан ақуызға берілуі тек лабораториялық жағдайда,
жасушаға кейбір антибиотиктермен (стрептомицин, неомицин) әсер ету in vitro 
экспериментінде байқалады. Бұл кезде антибиотиктер әсерінен өзгеріске ұшыраған 
рибосомалар ДНҚ тізбегінің біреуін ақуыз синтезіне қалып ретінде пайдалана бастайды. 
Табиғатта (табиғи жағдайда) ақпараттың арнайы берілу типі сипатталмаған. 
Ақпараттың ақуыздан ДНҚ-ға немесе РНҚ-ға берілу болмайды және тыйым 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет