Ақпараттық технологиялар – жоғары технологиялы жүйелердің негізінде әр адам өмірінің белгілі бір деңгейін қолдайтын, заманауи қоғамды дамытудың негізгі компоненті болып табылады



Pdf көрінісі
Дата07.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#99322


МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Ақпараттық технологиялар – жоғары технологиялы жүйелердің негізінде əр адам
өмірінің белгілі бір деңгейін қолдайтын, заманауи қоғамды дамытудың негізгі
компоненті болып табылады.


Заманауи ақпараттық жəне коммуникациялық
технологиялар денсаулық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде, медициналық қызметтер
көрсетуде жəне əлемдегі денсаулық сақтау
жүйесін қайта ұйымдастыруда орталық орынды
алады. Сонымен қатар, қарапайым дəрігерлер
мұндай жаңалықты бірден қабылдай алмады.
Алайда, бүгінгі таңда медициналық қауымдастық
электрондық денсаулық сақтау саласын қажет
деп таниды.


Электрондық медициналық карталар мен
электрондық рецептілер, электрондық
амбулаторлық карталар жəне сырқатнамалар
жалпы, медициналық қызмет көрсету сапасын
жақсартуға мүмкіндік береді, өйткені ол
медициналық қызметкерлердің қағазбен
жұмыс жасау көлемін айтарлықтай азайтады.
Электрондық құжаттама пациенттің бүкіл
өміріндегі ақпаратты қамтитын болады:
клиникалық бақылануы туралы мəліметтер,
оның сырқатнамасы, емделуі туралы
ақпараттар, вакцина алуы, тағайындалған
дəрілік заттар, аллергиялық əсерлері,
ауруының белгілері, денсаулығының жай-күйі
жəне диагностикалық зерттеу нəтижелері.


SEE MORE
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ТІРКЕУ БӨЛІМІНЕН БАСТАЛАДЫ,
ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА АУЫСУ –
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ
БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰДАН
БӨЛЕК, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТІРКЕУ –
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
ЖЕЛІСІН БАСҚАРУ МЕН ОЛАРДЫҢ
ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ
НЕГІЗІ БОЛЫП САНАЛАДЫ.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ СЫРҚАТНАМА НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
АМБУЛАТОРЛЫҚ КАРТА КӨМЕГІМЕН ПАЦИЕНТТІ ЕСЕПКЕ
АЛУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ҚАҒАЗ
КАРТОТЕКАЛАРЫНА ҚАРАҒАНДА, ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ,
САҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАДА ҚАРАУ
АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚОЛАЙЛЫ БОЛАДЫ. ПАЦИЕНТТІҢ
КАРТАСЫН ТЕК ДӘРІГЕР ЕМЕС, МЕЙІРБИКЕ ДЕ ТОЛТЫРА
АЛАТЫН БОЛАДЫ, СОНДЫҚТАН, ЭЛЕКТРОНДЫҚ
СЫРҚАТНАМАНЫ ЕНГІЗУ ӘР ПАЦИЕНТКЕ ЖҰМСАЛАТЫН
ДӘРІГЕРДІҢ УАҚЫТЫН ҚЫСҚАРТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ.


МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БЕРУШІЛЕР, ЯҒНИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ПАЦИЕНТТЕР ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚЫЗМЕТ АЛУ БАҒЫТЫ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТТАРДЫ, ТЕКСЕРІЛІП-ҚАРАЛУЫ МЕН ЕМДЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР АЛЫП ОАТЫРАДЫ, БҰЛ КЛИНИЦИСТ ДӘРІГЕРЛЕР
МЕН МЕНЕДЖЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ҮДЕРІСІН
ЖЕДЕЛ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. БҰЛ ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ,
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕККЕ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ
БОЙЫНША ӨҢІРЛЕРДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ
БАСШЫЛАРЫНА УАҚЫТЫЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮШІН
МАҢЫЗДЫ.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет