Ақпараттық технологиялардың және компьютерлердің өміріміздің барлық дерлік деңгейлеріне кірігіп кеткені жат нәрсе емес, білім беру саласында да осы жаңалық өз орнын тапты



Дата11.12.2023
өлшемі279,17 Kb.
#137205




Кіріспе



Ақпараттық технологиялардың және компьютерлердің өміріміздің барлық дерлік деңгейлеріне кірігіп кеткені жат нәрсе емес, білім беру саласында да осы жаңалық өз орнын тапты. Телекоммуникациялар жүйесі мен есептеу техникасы мұнда қолданудың әртүрлілігін табуда. Көп жағдайларда, бұлар білім беру жүйесінің тек тиімділігін жақсартумен ғана шектелмейді, сонымен қоса жастарға бұл жүйенің ұғынылықты және түсінікті етуіне жәрдемдеседі. Айтуға тұрарлық жағдайлардың бірі, қазаіргі заман талаптарына сәйкес ақпараттарды өңдеу және берілудің техникалық заттарын және технологияларын үйрену қандай да бір білім беру жүйесінде өте маңызды сипатқа ие, тіпті әліппені үйренудің маңыздылығымен салыстыруға болады.
Басқа да жүйелерде сияқты, олардың кең көлемде қолданылуы көбіне мәтіндік құжаттарды – шығармаларды, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды – дайындау барысында қолданылады. Мұндай жай қолданудың өзі, көптеген технологиялық тізбекті қодануды және оны меңгеруді талап етеді, атап айтқанда, сканерді, мәтінді тану программасын, мәтін редакторын, суреттерді өңдеу программасын, принтерді, т.б. қолдану сияқтылар. Мұның бәрін үйренуде қиыншылық туғызғанымен, кейін мәтін құжатымен жұмыс жасау, «қайшы мен желім» көмегімен жұмыс жасауға қарағанда, әлдеқайда тез және қызықты болады.
Компьютерлік сауаттылықтың маңызын ескергендіктен, мектеп және гимназия басшылары өз оқу орындарында компьютерлік сыныптарды ашуда.
Білім беру жүйесінде компьютерлерді қолдану соңғы жылдары мултимедиа мүмкіндікиерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Яғни мәтіндік, аудио және видео материалдардың бірыңғай электронды оқу құралында жиналуы деген сөз. Қазіргі кезде мультимедиа мүмкіндіктерін ескеретін арнайы мектеп бағдарламалары пайда бола бастады.
Интернет желісінде білім беру сайттарының саны әрдайым өсу үстінде. Олардың көбінің негізгі мазмұны білім беру жүйесіне тікелей қатысты, мәселен, әдебиеттер тізімі, оқу крстарының бағдарламалары, әдістемелік құралдар, оқу орындары жайлы мәліметтер, газет пен журналдардың электронды түрлері және т.б.
Еуразия ұлттық университетінің аса маңызды инновациялық жобасы – жалпы ЕҰУнің білім беру жүйесінің ұйымдасуы мен ғылыми-әдістемелік құралдардың жаңа жоғары деңгейге көтерілуі.
Бұл жобаның іске асуында ЕҰУ ұстанған стратегиясы білім беру жүйесін ұйымдастыру және инновациялық жолдарға үйрету мен оларды жобалау және ЕҰУнің барлық факультеттерінің ғылыми методикалық жұмыстарына оқыту методикалық оқыту ұйымдастырушылық жұмыстарының енгізілуі (инновациялық жобада факультеттің қатысу қатыспауына қарамастан).
Жоба көлемінде университет ЕҰУнің ректорат пен барлық факультеттерінде масштабты деңгейде оқыту методикалық және әкімшілік басқару персоналының квалификацияларын көтеруді жүзеге асырды.
Инновациялық білім беру бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуын, сол секілді білім беру сапасын басқарудың автоматтандырылғаны жүйесін жасамдау мен енгізуге қажетті негізді жасау үшін ЕҰУ оқу кешенінің автоматтандырылған білім беру жүйесін жетілдіру, қайтадан қалыптастыру мен дамыту жұмыстарын жүргізу керек.
Көптеген әрекеттердің сапасы мен жылдамдығы ақпараттың тез қолға түсушілік мүмкіндігімен, сақталуымен және сапалы өңделуімен белгіленеді. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар бұл әрекеттерді айтарлықтай жеңілдетуге, бірыңғай ішпыстырарлық жұмыстарды азайтуға, ақпараттың статистикалық мағлұматы жөніндегі жұмысты тез әрі жылдам мүмкіндік туғыздыруға, қателер санын азайтуға көмектеседі.
Жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің ұйымдасуында өзіндік айырым белгілері мен ерекшеліктері бар, соның ішінде педагогикалық жүктеменің жоспарлануы мен реттелуін айтуға болады.
Қойылған мақсатқа сәйкес зерттелуге жататын диплом жұмысының міндеттерін анықтайық:
- білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын анықтау;
- оқыту жүйесінің ұйымдасу және оқытушыларға, кафедра мен жоғары оқу орынның факультеттеріне берілген оқыту жүктемесінің қалыптасу ретін қарастыру;
- педагогикалық жүктеме журналының автоматты түрде толтыруын қамтамасыз ету үшін мәлімен қоры арасындағы қатынасты әзірлеу;
- педагогикалық журналдың автоматты түрде толтыруын іске асыратын бағдарламалық өнімді әзірлеу және сипаттау;

Компьютерлік желі дегеніміз — бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған акпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.


Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:








  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;




  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,

  • оларға әртүрлі қызмет көрсету.




  • Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.


Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған колданбалы программаларды жөне принтер, факс тәрізді шеткері кұрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап етуге болады:



  • құжаттарды бірге пайдалану;




  • құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан

  • тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,

  • тузетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;




  • компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;




  • сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология хаттама (протокол), иптерфейс, желілік программалык, және техниялық қуралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.


Желі топологиясы онын негізгі функциональдық элеменгтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.


Желілік техникалык құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.


Желілік программалык құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.


Интерфейстер - желінің функциональдық элементерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.


Протоколдар - желінің функциональдық элеменгтерін бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функиональдық элеменгтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.


Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Интернеттің, желілердің ерекшеліктерін, атқаратын қызметтерін, тиімділігін сипаттау және соны ашып көрсету.


АЛҒЫ СӨЗ



Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.
Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ғаламдық Internet желісінің дамуы еліміздің халық шаруашылығының барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін недәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде әлемнің 200-ден астам елі электрондық үкімет қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасында “электрондық үкіметтің” пайда болуы ашық құқықтық қоғамның, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екі жақты қатынасты талап ететін интерактивті қызметтер көрсетудің тәжірибелік механизмі болып табылады.
Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Әйтсе де, бүгінгі таңда Қазақстанда қалыптасып отырған ақпараттық кеңістік біртұтастығының жоқтығымен, ақпараттың біркелкі таратылмауымен, халықтың Internet-ке қол жеткізудегі, АКТ қолдану дағдыларын меңгерудегі теңсіздігімен сипатталуда.
Осыны ескере отырып, елімізде ақпараттық теңсіздікті жоюға, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға, халықтың мүмкіндіктерін күшейтуге және компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Бұл Бағдарламаның мақсаты 2007-2009 жылдар аралығында Қазақстанда халықтың және Internet желісін пайдаланушылардың 20% компьютерлік сауаттылығына қол жеткізу болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру бүкіл Қазақстан бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі куәлігі бар жаттықтырушыларды даярлау, жергілікті атқарушы билік органдары, орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметкерлерін; бюджеттік мекемелер қызметкерлерін; жұмыспен қамту органдары мен әлеуметтік бағдарламаларда тіркелген жұмыссыз халықты; бюджеттен тыс салалар қызметкерлерін және басқа да азаматтар категориясын компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыруды қамтитын шаралар жоспарын атқару арқылы жүргізіледі.
Азаматтардың компьютерлік сауаттылығы деңгейін анықтайтын көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы 3 тамыздағы № 317-ө және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 4 тамыздағы № 427 және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы 9 тамыздағы № 02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген “Компьютерлік сауаттылық” курсында оқу және осы курс бойынша тестілеу сынақтарын сәтті тапсыру болып табылады.

“КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ” ДЕГЕН НЕ?


Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда АКТ қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр.


Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Дербес компьютерде жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы дербес компьютер деген не екенін, дербес компьютер қалай жұмыс істейтінін, дербес компьютер қайда қолданылатынын, қандай комьютер сатып алу керек екенін, дербес компьютердің негізгі (ішкі және сыртқы) құрылғыларын, ақпараттың өлшем бірліктерін, компьютерге күтім жасау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, дербес компьютер туралы бастапқы мәліметті (жіктелуін), дербес компьютерге бағдарламаларды орнату және оларды жою тәсілдерін білуі; дербес компьютерді дұрыс қосып, өшіре алуы, пернетақта мен тінтуірді дұрыс пайдалана алуы, дербес компьютерге сыртқы құрылғыларды қоса алуы, компьютерге бағдарламаларды орнатып, оларды жоя алуы, қажетті міндеттерді орындауға жарайтын дербес компьютер таңдап ала алуы тиіс.
Windows амалдық жүйесін пайдалану жөнінде пайдаланушы амалдық жүйе деген не екенін, амалдық жүйе дербес компьютерді қалай басқаратынын, қандай амалдық жүйелер бар екенін, Windows қалыпталған бағдарламаларын (Блокнот, WordPad, Paint), Жұмыс үстелі ұғымын, Windows терезесінің құрылымын, қалталар мен файлар деген не екенін, Каталогтар бұтағы деген не екенін, Жетектегіш деген не екенін, Аралық сақтағыш деген не екенін, Іздеу бағдарламасы деген не екенін, Мұрағаттар деген не және олар не үшін қажет екенін, Windows анықтамалық жүйесі деген не екенін білуі; терезелерді басқара алуы (бірнеше терезенің өзара әрекеттесуін жүзеге асыруы), қалыпталған бағдарламаларды іске қосып, пайдалана алуы, Windows анықтамалық жүйесін қолдана алуы, Жетектегіш бағдарламасын қолдана алуы, файлдармен және қалталармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін (жасау, атау беру, атауын өзгерту, көшіру, жылжыту, файлдар мен қалталарды жою, себетке жойылған файлдар мен қалталарды қалпына келтіру) меңгеруі, файлдарды дискетке, флэш-картаға көшіріп, ықшам дискілерге жаза алуы, өз компьютерінде файлдар мен қалталарды таба алуы, мұрағат жасап, файлдар мен қалталарды мұрағаттан шығарып ала алуы тиіс.

Жергілікті желі және компьютерлік вирустардан қорғану жөнінде пайдаланушы жергілікті желі, сервер, желілік басып шығарғыш, компьютерлік вирустар деген не екенін, компьютерлік вирустардан қорғану тәсілдерін білуі; жергілікті желінің қор көздерін қарап шыға алуы, өз дербес компьютері мен жергілікті желідегі қор көздеріне қатынасуды жүзеге асыра алуы, жергілікті желідегі басып шығару тәсілдерін меңгеруі, вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалана алуы (ішкі және алынатын құрылғыларды вирустардың бар-жоғына тексере алуы) тиіс.


MS Word-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы MS Word деген не екенін, Word терезесінің құрылымын, мәтіндік құжаттың құрылымын, негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, құжат жасау және онымен жұмыс істеу тәсілдерін (мәтін бөліктерін ерекшелеу ережелері және т.б.), кестелерді, суреттерді, Өзпішімдер мен WordArt нысандарын кірістіру, кескінді өңдеу тәсілдерін білуі; Word көмегімен құжаттар жасай алуы, суреттер, жиектер, бояу, өң және WordArt нысандары көмегімен құжаттарды әсерлі етіп безендіре алуы, құжаттар ішінде кестелер жасап, безендіре алуы, емле ережелерін тексеруді жүзеге асыра алуы, құжатты пішімдеу (қаріппен, дерек атауларымен, тізімдермен, бағандармен жұмыс істеу) тәсілдерін меңгеруі, суреттерді кірістіріп, оларды өңдей алуы, құжаттарды басып шығара алуы тиіс.
MS Excel-де жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы MS Excel деген не екенін, Excel терезесінің құрылымын, кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар), негізгі құралдар үстелдерінің міндеттерін, ұяшықтарды пішімдеу және өңдеу тәсілдерін (үстеу, жою, біріктіру және т.б.), Өзтолтыру ұғымын, Өрнек ұғымын, Өзқосынды ұғымын, Деректерді сұрыптау ұғымын, диаграммаларды құрастыру тәсілдерін білуі; Excel көмегімен құжаттарды безендіре алуы, кестелерді туынды және біртекті мәліметтермен толтыра алуы, ұяшықтарды пішімдей алуы, ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы, формулалар көмегімен қарапайым есептеулерді жүргізе алуы, мәліметтерді артуы, кемуі және алфавит бойынша сұрыптай алуы, кестелерді негізге ала отырып графиктер мен диаграммалар құрастыра алуы тиіс.
MS PowerPoint-та жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы PPT деген не екенін, қалыптар көмегімен көрмелер жасаудың тиімді тәсілдерін білуі, слайдтарды безендіру және көрмелерді жасау кезінде жасақтама мен қалыптарды пайдалана алуы, жан бітірімдерді баптай алуы, көрмелерді көрсете алуы тиіс.
Internet-те жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы Internet деген не екенін, провайдерді таңдау кезінде қойылатын талаптарды, E-mail, ftp, www, ip–телефония мүмкіндіктерін, Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу негіздерін, ақпараттық-іздеу порталдары деген не екенін, «Е–Үкімет» ұғымын, Internet қызметтері түрлерін, Е-төлемдерді жүзеге асыру тәсілдерін, электронды пошта қалай жұмыс істейтінін, ұялы телефон арқылы Internet-ке шығуды, қашықтан оқыту деген не екенін білуі; үйде отырып Internet желісіне қосыла алуы, қажетті ақпаратты іздей алуы, түрлі іздеу жүйелерінің сұрату тілін қолдана алуы, алынған ақпаратты өз дербес компьютерінде сақтай алуы, Internet қызметтерін пайдалана алуы, форумдарды, чаттарды пайдалана алуы, жеке тегін пошта мекен жайын ала алуы, үйде отырып пошта жүйесін баптай алуы, хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алуы, хаттарға файлдарды тіркей алуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет