Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі12,18 Mb.
#9993
  1   2   3

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

7-бет

2-стр.


Жалғасы 4-бетте

АкАдемическАя 

мобильность кАк 

фАктор успехА

дАры музею 

Аль-фАрАби

білімнің тереңіне 

Ақылдың биігінен 

қАрАйтын қАсиетті қАрА 

шАңырАқ


4-стр.

Продолжение на 3 стр.

В этом году мы отмечаем 25-летие со дня 

Независимости Казахстана и 1000-летие 

Алматы, по праву считающегося золотой 

колыбелью независимости нашего 

государства. Настоящее и будущее нашей 

Родины – это осуществление национальной 

идеи «Мәңгілік Ел» первого Президента 

– Лидера нации Нурсултана Абишевича 

Назарбаева. Вот уже на протяжении 

шести лет эта идея «обрастает» своим  

созидательным содержанием, уточняются ее 

грани, она нашла понимание в обществе. 

№ 16 (1609) 

17 мамыр

2016 жыл

«Мәңгілік Ел» 

студЕнчЕского 

каМпуса


КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ 

ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Күнтізбелік Жаңа жыл туғаннан бастап 

жоғары оқу орындарында атқарылатын 

маңызды істердің бірі – мектеп бітірушілерді 

түрлі мамандықтар бойынша жоғары білім 

алу үшін университетке түсуге жұмылдыру. 

Механика-математика факультетінде 

осындай жұмыстар жақсы жолға қойылған. 

Жыл бойы салалық физика-математикалық 

бағытта білім беретін арнайы мектептерді 

аралап келген оқытушы-профессорларымыз 

енді мехмат қабырғасында орын алған түрлі 

олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды 

ұйымдастырып, өткізуге де белсене 

араласуда.

В честь празднования значимых государственных 

событий – 25-летия Независимости Казахстана и 

1000-летия Алматы – сообществом преподавателей, 

студентов и выпускников КазНУ выдвинута идея создания 

на территории студенческого кампуса  архитектурного 

комплекса «Мәңгілік Ел». Его художественный дизайн 

призван  объединить в себе древние восточные каноны 

и исторические национальные образы с современными 

реалиями, в которых казахстанский народ  реализовал 

многовековую мечту о Независимости и суверенитете 

своей страны.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің оқу 

залы көпшілік оқырман қауымға арналып 

ашылған. Бұл – басында ҚР Тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев тұрған Тәуелсіз Қазақстан 

мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаю 

тарихы бойынша ақпараттық қорды құру, үнемі 

толықтырып отыру және сақтауды  жүзеге асыратын 

ерекше ағартушылық орталығы. Қазақстан 

халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарының 

жоғарылауы, еліміздегі ынтымақтастық пен келісім, 

құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам негізін 

қалау, экономикалық серпіліс пен Қазақстанның 

әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру 

жетістіктерін қазақстандықтар Елбасы есімімен 

байланыстырады. 

Зал қорының негізгі дереккөздерінің 

бірі – Президенттің жеке кітаптары мен ел 

тәуелсіздігінің алғашқы жылдарына арналған 

тарихи зерттеулерден тұратын материалдар. Мұнда 

Нұрсұлтан Назарбаев, оның отбасы, оқушы және 

студенттік кезеңдері, еңбек жолы және қоғамдық-

саяси қызметтері туралы суреттер, картиналар, 

архивтік құжаттардың көшірмелері, кітаптар, 

шығармалар мен видеофильмдер де кеңінен 

ұсынылған. Сонымен қатар, қордан Президенттің 

өзі құрметті профессоры болып табылатын ҚазҰУ 

ұжымына арналған құттықтау хаттарымен және 

жолдауларымен де танысуға болады. Студенттер 

мен ғалымдар, әсіресе, Мемлекет басшысының 

ҚазҰУ-да және басқа да ЖОО-ларда оқыған 

дәрістеріне  ерекше қызығушылық танытады.  ҚР 

Тұңғыш Президенті кітапханасымен орнатылған 

ынтымақтастық нәтижесінде зал оқырмандарына 

оның санаулы материалдары да қолжетімді.



БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент оқу залы ашылды. Мұндай 

залдың еліміздің үздік жоғары оқу орны қабырғасында ашылуы үлкен тәрбиелік 

мәнге ие, себебі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмір жолы Отанға шексіз 

қызмет етудің жарқын көрінісі және жас ұрпақ үшін патриоттықтың нағыз үлгісі 

болып табылады. 

ҚР Тұңғыш ПРезиденТінің 

оҚу залы ашылды 

ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Дарын» 

республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 

бірлесіп академик Ө.А. Жолдасбековтің 85 жылдығына 

орай ғалымның атындағы ғылыми жобалар байқауын 

өткізуден басталған наурыз айында факультет деканы, физ-

мат.ғ.д., профессор М.Ә.Бектемесовтің жетекшілігімен 

жүзеге асқан кәсіби бағдарлау жұмыстарының бір парасы 

келесідей.


2

№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл

ақпарат


В честь 25-летия Независимости РК в научной библиотеке КазНУ им. аль-Фараби 

открылся читальный зал Первого Президента  

ректорат


КазНУ является первым и 

единственным университетом 

в Казахстане, вовлеченным 

в международный проект 

ВОМКА, проводимый под эгидой 

Европейского Союза и реализуемый 

Программой развития ООН. 

Казну – учасТниК 

ПРоеКТа ВоМКа

Программа была запущена в 2003 

году после подписания Соглашения 

между Европейской Комиссией 

и Программой развития ООН 

(ПРООН). Сегодня запущена 9 стадия 

проекта, совокупный бюджет  которой 

с  2016 по 2019 г.г. составляет 86 млн. 

евро. Целью данной программы 

является способствование тесного 

регионального сотрудничества как 

в рамках Центрально-азиатского 

региона, так и между ЦА и ЕС в 

сфере обеспечения безопасности 

государственных границ, миграцион-

ной и таможенной политики. 

ВОМКА-9 взял направление на 

совершенствование подготовки 

специалис тов в области таможенного 

дела, унификацию учебных планов 

в соответствии со стандартами ВТО. 

КазНУ определен как базовый 

университет по унификации и 

составлению единых рамок по 

подготовке в данной сфере.

Вступление Казахстана в экономи-

ческие коалиции выдвигает новые 

требования в знании правовых 

и экономических аспектов. Все 

эти проблемы должны получить 

решение в подготовке казахстанских 

таможенников, ответственность за 

качество которых теперь возложено на 

КазНУ. 


А. Е. ЖАТКАНБАЕВА, 

М. Н. УМБЕТОВ 

Дары музею Аль-Фараби



В рамках III Международных фарабиевских чтений «Аль-Фараби и 

современность» музей посетили  известные зарубежные и казахстанские 

общественно-политические деятели, ученые. 

Особым событием для музея стала церемония 

дарения музею Аль-Фараби священной  книги 

– Коран. Этот  ценный подарок  преподнес  

учёный-востоковед, доктор филологических 

наук, профессор Абсаттар кажы Дербисали. 

 

Книга удостоена почетного места среди 



экспонатов музейной коллекции и помещена 

в центральной  установке «Жан Нұры». 

Абсаттар кажы Дербисали также подарил такие 

свои труды, как: «Руханят және өркениет» 

(Зерттелеу мен мақалалар);  «Қауам ад-дин 

әл-Итқали (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани 

(1286-1357). Өмір мен мұрасы». Абсаттар 

кажы Дербисали является одним из активных 

фондообразователей музеев университета, 

в экспозициях которого  собраны книги  из 

личной библиотеки ученого.

Список зарубежных фондообразователей 

музея Аль-Фараби  возглавляет  ученый из 

Турции Бекир Карлыга – автор  издания 

«Аль-Фараби – философ цивилизации», 

переведенного на казахский и русский  языки 

кафедрой Тюрксой и Центром Аль-Фараби. 

Примечателен также факт участия КазНУ 

в ее опубликовании в издательстве «Қазақ 

университеті». 

Достоянием  музея является уникальная 

коллекция книжного собрания,  отражающего 

многогранное наследие мыслителя Аль-

Фараби.  Недавно она пополнилась книгами, 

изданными в 2014 году Международным клубом 

Абая при участии ученых-фарабиеведов КазНУ: 

«Абу Наср аль-Фараби. Добродетельный 

город»; «Абу Наср аль-Фараби. Книга о 

музыке»; «Бақыт туралы кітап: Таңдамалы 

трактаттар»;  «Abu Nasr Al-Farabi. The book of 

mind» (Описание жизни Абу Наср аль-Фараби); 

«Книга о разуме» (Жизнеописание аль-

Фараби); «Книга об аль-Фараби»;  «Әбу Наср 

Әл-Фараби Қайырымды қала»;  Әлімжан Әнуар 

«Ұстаздың оралуы» (Романмен мен повестер);  

Ақжан Әл-Машани  «Болмыспен бетпе бет»;  Г. 

Мутанов, К.Х. Таджикова и др. «Аль-Фараби и 

современность»;  К.Х Таджикова «Книга букв»;  

Ж.А. Алтаев, Ж.А. Әмірқұлов. «Әл-Фараби 

және ислам философиясы»;  А.Х. Касымжанов.  

«Пространство и время великих традиций» и 

т.д.


Музейная коллекция также обогатилась 

печатными изданиями и материалами о жизни 

и творчестрве Аль-Фараби, привезенными 

из Турции и Ирана, что свидетельствует о 

неугасаемом интересе всего мира к наследию 

великого ученого: «Farabi Ilimlerin Sayimi»;  «Al-

Farabi founder of islamis neoplanist»;   «Al -Farabi 

philosophy of plato and aristotle» и т.д.

Музей Аль-Фараби видит свою миссию в 

сохранении и приумножении его наследия, 

распространении «картины мира» философа 

среди молодого поколения.



Т.Л. ТАЖИБАЕВА, 

директор музея; 

Б.А. АМИРЖАНОВА,

ст. хранитель

Факультет тынысы



Филология және әлем тілдері факультетінің 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 

студенттері ұстаздарының бастамасымен 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 

«Ақ үміт» балалар үйіндегі  қайырымдылық 

жәрмеңкесіне қатысты.

 Студенттер өлең оқып, ән айтып, би 

билеп, балалардың көңілдерін көтеруге 

барын салды. «Бір адам жаққан отқа мың 

адам жылынады» демекші, жастарымыздың 

қайырымдылыққа қадам басуы, мейірімділікке 

толы жақсы іске ұмтылуы көңіл қуантады. 

Қайырымдылық пен ізгілікке байланысты 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсізді 

баян ету –  аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы 

қиындықты жеңу – азаматтық міндетіміз, ал 

тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының 

қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету 

– адамгершілік парызымыз», – деген болатын. 

Еңсемізді биіктетер игі істер қашанда жалғасын 

тауып,  ата-бабамыздан келе жатқан жомарттық 

болашақта да өз қадірін жоймасын! 

Гүлжан БОЛАТОВА,

 қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы 

кафедрасының доценті 

***


Химия және химиялық технология 

факультетінде жақында «ҚазҰУ студенті оқуға 

тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Тарихта аты 

қалған ғашықтарды білесіз бе?» атты сахналық 

көріністер байқауы өтті. 

Сахналық көріністер арқылы студенттерді 

қазақ әдебиетінің қыр-сырына қанықтыру, 

әдебиетпен жақындастыруды мақсат еткен 

байқауды өткізу факультетте дәстүрге айналған.

Ерекше айта кететін көрініс – Мұхтар 

Әуезовтің «Сырым мен Қарагөз» пьесасынан 

қойылды. Осы пьесаны орындауда БЗХТ-208К 

тобы ертеректе бас бостандығына жете алмай, 

ескі ғұрыптардың құрбаны болған жастардың 

тағдырын шеберлікпен көрсетті. 

Дана АРТЫҚОВА,

 аналитикалық, коллоидтық химия

 және сирек элементтер технологиясы

 кафедрасының аға оқытушысы

***


Философия және саясаттану факультеті 

әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс 

кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды 

нұрландыр» жобасы аясында «Махаббат бекеті» 

атты кафедрааралық студенттер сайысы өтті. 

Сайыс түрінде өткен әсерлі кеш байқауға 

қатысқан жұптардың өздерін дайындаған 

бейнебаяндары арқылы таныстырумен 

басталып, «Махаббатты дәлелдеу» деп аталатын 

екінші бөлімде қазіргі заманауи жастардың 

өз махаббат сезімдерін креативті көрсетумен 

жалғасын тапса, «Өнерің болса, қанекей!» деп 

аталатын соңғы кезеңде жұптардың тамаша 

өнерлеріне тәнті болдық. 

«Махаббат – бұл әлемді өзіне бағындырған 

ұлы күш» демекші, мұндай әсерлі кештің 

көрермендер тарапынан да қызығушылыққа ие 

болғандығын айта кеткен жөн. Махаббат деген 

әлемдегі ең әдемі нәзік сезім. Сезімдеріңіз 

әрдайым пәк, әрі шынайы болуына тілектеспіз.    



А.М. СҰЛТАНОВА, 

әлеуметтану және әлеуметтік жұмыc 

кафедрасының  оқытушысы 

***


Жылдағы дәстүр бойынша информатика 

кафедрасының  ұйымдастыруымен оқушылар 

мен студенттердің информатика ғылымына деген 

қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу 

дағдысын дамыту, информатика ғылымын 

насихаттау мақсатында ҚазҰУ-дың жастар 

интернет орталығында ЖОО студенттері 

арасында информатикадан республикалық  

пәндік олимпиада және программалаудан ACM 

форматы бойынша студенттер мен оқушылар 

арасында Mech-Math Open 2016  ашық турнирі 

өтті.

Білім сайысында еліміздің 14 облысы мен 

Алматы, Астана, қалалары  мектептерінің 

оқушылары мен ЖОО студенттерінен құралған 

70-тен астам команда мен 60-тан астам жеке 

қатысушылар бақ сынады.



Аршын АЛТЫБАй,

информатика кафедрасы 

Талапкер таңдауы — ҚазҰУ

Мамыр айында өткен кезекті 

ректорат отырысында әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-дағы кәсіби бағдар 

беру қызметі мен университетімізде 

дәстүрлі түрде атап өтілетін 

«Түлектер күнінің» жоспары 

талқыланды. Ректорат мүшелері 

қатысқан жиынды оқу ордамыздың 

бірінші проректоры Мұхамбетқали 

Мырзабайұлы ашты. 

Алдымен мінбеге «Талапкер» кәсіби 

бағдар беру орталығының директоры 

Данара Қылышбекқызы көтерілді. 

Университеттің кәсіби бағдар беру 

қызметі жайында хабарлама жасаған ол: 

«Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу 

үш сатыдан тұрады. Бірінші – дайындық 

сатысы – қыркүйек-желтоқсан айлары, 

негізгі жұмыс сатысы – қаңтар-сәуір 

айлары, қорытынды сатысы – мамыр-

тамыз айлары аралығында өткізіледі. Осы 

сатылар бойынша қазіргі таңда орталықта 

көптеген жұмыстар атқарылуда. Тоқтала 

кетсем, «Талапкер» орталығы «ХХІ 

ғасырдағы білім мен ғылым», «Білім және 

мансап», «Алматы – білім көкжиегі» атты 

көрмелерге қатысып, республикалық 

деңгейлерде өткізілген мектепішілік 

форумдарға атсалысты. Жыл сайын 

кең көлемде өткізілетін «Әл-Фараби» 

олимпиадасын жоғары деңгейде өткізді. 

Сонымен қатар қазіргі таңда біздің 

ұжым талапкерлерді қабылдау жөнінде 

міндеттелген жұмыстарға белсене кірісіп 

кетті», – дей келе, орталық мектеп 

жасындағы талапты жастармен тығыз 

қарым-қатынаста екендігін ерекше атап 

өтті. 

Ал ҚазҰУ-дың Түлектер күніне 



дайындынан хабардар ету мақсатында 

көпшілік алдына әлеуметтік даму 

жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы 

шықты. «ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі 

түрде өткізілетін Түлектер күні биылғы 

жылы мамыр айының соңғы сенбісі 28 

мамырға жоспарланып отыр. Аталмыш 

мейрам ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 

мен Алматы қаласының 1000 жылдық 

мерейтойына арналуда. Тағы бір 

қуанышты жайт, мереке тұсында Түлектер 

қауымдастығының қолдауымен студенттік 

қалашықтың  сәулет құрылысын 

жалғастыру мақсатында «Мәңгілік ел» 

триумфальды қақпасының алғашқы 

іргетасын қалауды көздеп отырмыз. 

Мейрам барысында үлгерімі жақсы, 

қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан 

студенттерге ректор Ғ. Мұтанов атынан 

арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар 

табыс етіледі.  Өнерпаз студенттер атынан 

гала-концерт ұйымдастырылады», – деп, 

проректор Түлектер күніне дайындықтың 

қызу жүріп жатқандығын жеткізді. 

Сондай-ақ ректорат барысында 

халықаралық қатынастар, филология 

және әлем тілдері, химия және химиялық 

технологиялар, тарих, археология және 

этнология факультеттерінің бірнеше 

студенттеріне арнайы шәкіртақылар 

тапсырылды.

Қаламқас АМАНҚОСОВА


3

№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл

тыныс


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай ҚазҰУ оқытушылары, 

студенттері мен түлектерінің идеясымен қалашықта «Мәңгілік Ел» сәулет кешені салынбақ

Продолжение. Начало на 1 стр.

Кючевыми композиционными 

блоками комплекса  станут  одноименная 

Триумфальная арка студентов и 

выпускников,  монументальная композиция 

«Темір Қазық» и площадь с фонтаном «Тай 

қазан» у Центра обслуживания студентов 

«Керемет». Другими словами, комплекс 

«Мәңгілік Ел» начнется с улицы Тимирязева 

и протянется до проспекта Аль-Фараби.

Данный проект вызвал большой 

положительный резонанс в широких кругах 

выпускников, которые выразили желание 

осуществить строительство комплекса на 

основе добровольных взносов. 

Символично, что первый взнос  внесли 

выпускники 90 годов выпуска исторического 

факультета, получившие дипломы КазНУ 

на заре независимости нашего государства. 

Это – меценаты из Лондона-главный 

исполнительный директор   «EQUUS Petro-

leum Plc» Мурат Сейдалиевич  Иманкулов 

и исполнительный директор этой же 

компании Байкадам Аманович  Абласанов. 

Они буквально на днях посетили альма-

матер, были поражены достижениями 

и изменениями в родном университете

красотой и чистотой КазГУграда, размахом 

нового строительства.  Миллионный чек 

в тенге также дали выпускники 1996 года  

выпуска юридического факультета.

В традиционный  День выпускника 

КазНУ, а именно 28 мая текущего года, 

будет заложен первый камень и капсула 

в фундамент Триумфальной арки 

студентов и выпускников «Мәңгілік ел». 

Мы ожидаем участие в  закладке первого 

камня и капсулы Председателя Верховного 

Суда Республики Казахстан, президента 

Ассоциации выпускников КазНУ, доктора 

юридических наук, профессора, выпускника 

юридического факультета 1981  года Кайрата 

Абдразакулы Мами.

Учитывая важную государственную и 

общественную значимость архитектурных 

объектов в решении задачи формирования 

исторического самосознания и воспитания 

патриотизма, призываем преподавателей 

и сотрудников, студентов и магистрантов, 

докторантов  и выпускников КазНУ по 

мере своих возможностей принять активное 

участие в возведении архитектурного 

комплекса «Мәңгілік Ел». 

Вспомните, каждый из нас мечтал 

учиться непременно в КазНУ, а жить и 

работать в Алматы. Наш Университет и 

КазГУград – это  тоже «Мәңгілік Ел». 

Наша альма-матер  для всех нас – это 

малая Родина. Это наша судьба и вечность 

созидательной жизни.



Кулгазира БАЛТАБАЕВА,

исполнительный директор 

Ассоциации выпускников КазНУ,

кандидат исторических наук

СТУДеНТТІК үйІРМе

ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық 

құқық, қылмыстық іс жүргізу және 

криминалистика кафедрасының «Сарапшы-

криминалист» студенттік үйірмесі 

студенттердің білімге деген құштарлығын 

арттыру мақсатында жұмыс істеп келеді. 

Құрылғанына 2 жыл болған  үйірме 

мүшелерінің саны жыл сайын өсуде. Үйірмеде 

студенттер арасында пікір-сайыстар, даулы 

мәселелер талқыланып, өз шешімдерін 

табуда. Осы үйірменің мүшелері жақында 

«Криминалистиканың үздіктері» атты 

республикалық жарысқа қатысып, жоғары 

білімдерін көрсете білді. Бұл жарыста ҚазҰУ 

студенттері екі жыл қатарынан 1 орынды иеленіп 

келеді. Бұл да біз үшін үлкен жетістіктердің бірі 

болып саналады. 

Келесі оқу жылында   «Криминалистиканың 

үздіктері» атты республикалық деңгейдегі 

байқауды мемлекеттік деңгейде құқықтық 

олимпиада ретінде өткізу жоспарланып отыр. 

Үйірме құрамындағы ҚазҰУ студенттері 

белсенді жұмыс істеп, қашанда алдыңғы 

қатардан көрінуді міндет санайды. Өз білімін 

сынап көргісі келетін студенттерге есігіміз 

әрдайым ашық.

С.Ш. ДАУБАСОВА,

«Сарапшы-криминалист» студенттік 

үйірмесінің  жетекшісі  

Елімізде 18 мамыр – Халықаралық 

музей күні. Жыл сайын дүниежүзі 

халықтары осы күнді өздерінің кәсіби 

мерекелері ретінде атап өтеді. Мереке 

–Халықаралық музейлер кеңесі 11-ші 

Бас ассамблеясының шешімімен 

1977-ші жылы бекітілген болатын. 

Осы айтулы күнді 1978 жылдан бастап 

жыл сайын әлемнің 150-ден астам елі 

тойлап, барлық музейлер ашық есік 

күнін өткізеді.  

Біздің елімізде бұл шара 2006 жылдан 

бастап өткізіліп келеді. Әсіресе, бұл 

шараның университетіміздің тарих, 

археология және этнология факультетінің 

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» 

мамандығында оқып жатқан студенттерге 

берері мол. Жыл сайын факультетіміздің 

оқытушылар құрамы мен студенттері 

оған белсене қатысып, музей туралы 

көптеген мәліметтер алады. Мамандардың 

шығармашылық дамуына үлкен серпін 

беретін ірі мәдени оқиға болғандықтан, 

келушілердің музейге қызығушылығы 

артады. «Негізі «Музей түні» жобасының 

негізгі мақсаты – еліміздің негізгі мәдени-

білімінің ошағы және белсенді әлеуметтік-

мәдени мекеме ретінде жұртшылықтың 

назарын музейге аударту, тарихи-мәдени 

мұраларға арналған бірегей шаралар мен 

бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы 

музейдің беделін арттыру дейді», – 

 

Мемлекеттік орталық музейінің мәдени-



білім жұмыстары орталығының жетекшісі 

А. Кущенко.  

Біраз жылдан бері факультетіміз 

ҚР Мемлекеттік орталық музейімен 

тығыз қарым-қатынас жасауда. «Музей 

ісі және тарихи ескерткіштерді қорғау» 

мамандығының бакалаврлары мен 

магистранттары келісім-шарт арқылы осы 

жерде іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Сонымен 

қатар, ҚР Мемлекеттік орталық музейде 

мамандықтарына байланысты көптеген 

дәріс, семинар тыңдайды. Әсіресе, осы 

«Музей түні» аясында көрмелер,  шеберлік 

сабақтары, шоу бағдарламалар, кино 

көрсетілімдер, концерт және тағы басқа 

да іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ жыл 

сайын бағдарламалар жаңартылып, әртүрлі 

қызықты  іс-шаралармен толықтырылып 

отырады. 

Атап өтерлігі, соңғы кезде 

музей түнін ұйымдастырушылар 

тарихи экспозицияларды  образдық 

қойылымдармен  «тірілтуді» алдарына 

мақсат етіп қойып жүр. Әр музей түнінде 

ежелгі замандардағы  тарихи дәуірлердің 

кейіпкерлеріне жан бітіп, бүгінгі 

 

замана жұртымен қауышып жүздеседі 



дейді музей қызметкерлері. Бұл музей 

қызметкерлерінің – археолог, этнограф, 

тарихшылардың мерекеге қосқан сүбелі 

өзіндік «қолтаңбасы».  

Қазіргі таңда музей тарихи 

ескерткіштерді сақтай және қорғай 

отырып  білім береді және тәрбие жұмысын 

атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет