КЕНЖЕБЕКОВ АҚЫЛБЕК КЕНЖЕБЕКҰЛЫ,
С.М.Киров атындағы ҚазМУ,
химия факультетінің 1972 жылғы түлегі
Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің «Аймақтық экологиялық
зерттеулер» ғылыми зертханасының меңгерушісі, коллоидтық
химия, қоршаған ортаны қорғау және жоғары білім саласына
қатысты 200-ден аса баяндамалар тезистерінің, ғылыми
мақалалардың, оқу және оқу-әдістемелік құралдардың,
монографиялардың авторы, академиялық профессор, химия
ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның «Экология» Халық
академиясының корреспондент-мүшесі.
Түлектер – университет айнасы
Әрбір адам баласының
өмірінде сүйіспеншілікпен
және жүрек жылуымен еске
алатын ұмытылмас кезеңдер
болады. Сондай қызықты
кезеңнің бірі – университетте
өткен жастық дәуір, жалынды
жылдар...
Кез келген университеттің мақтан
тұтар азаматтары болады. Университеттің
айнасы – түлектері. Университет
ғылым, ғылыми жетістіктер және білім
беру үрдісіндегі жетістіктермен қатар,
өзінің үздік түлектерімен мақтанады.
Түлектердің жетістігі – жоғары оқу
орнының да жетістігі дер едім. Сондықтан
өз туған университетін жүрегінде сақтаған
түлектердің бірігуінде қайнар күш бар.
Қазақ білімі мен ғылымының қара
шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті өз түлектеріне мол
білім қорымен қатар, аса маңызды ұзақ
жылдарға, тіпті өмір бойына жалғасқан
ыстық қарым-қатынас сыйлайды.
Университетіміз өзінің 80 жылдық
тарихында сан мыңдаған түлектерді
әртарапқа таратып үлгерді. ҚазҰУ
түлектері қоғамның барлық саласында
қызмет етуде.
2013 жылы әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің Түлектер
қауымдастығы құрылды. Бұл университет
тарихындағы жаңа құбылыс болды.
Түлектер қауымдастығының президенті
болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы
сотының төрағасы Қайрат Мами
тағайындалды.
ҚазҰУ Түлектерінің қауымдастығы –
бұл қоғамдық бірлестік, ол университет
студенттері, түлектері, оқытушы-
профессорлық құрамы мен қызметкерлері
арасындағы кәсіби байланыс пен қарым-
қатынасты нығайтуға әрі дамытуға ықпал
жасайды. Қауымдастықтың мақсаты
– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің беделін арттыруға,
университеттің жан-жақты дамуына ықпал
жасауға ниетті адамдарды біріктіру, ғылым
мен білім саласында университетімізге
еңбек сіңірген қызметкерлерге, дарынды
студенттерге және жас мамандарға қолдау
көрсету, студенттер мен түлектердің
жеткен нәтижесін насихаттау.
Осы ретте қасиетті қара шаңырақ –
ҚазҰУ-дың заң факультетінің 1996 жылғы
түлектері ретінде университеттің беделін
нығайтуға өз үлесімізді қосуды міндет
санаймыз.
Сәбит ДАУБАСОВ,
ҚазҰУ түлегі
7
№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл
ж а л ы н
Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен
«24 сағатта көшбасшы болудың жолдары» атты көшбасшылар мектебінің семинар-тренингі өтті
Білімнің тереңіне ақылдың Биігінен
қарайтын қасиетті қара шаңырақ
Францияның атақты шығыстанушы ғалымы Франсит Ришар адамзат
өмірін өзгертіп, тіршілігін төңкеріп түсірген үш түрлі толқын туралы
айтады. Бірінші, ауыл шаруашылық өркениеті, адамдар бірінші рет
дәнді-дақылды қамбада сақтап, аштан өлмей, қыстан аман шыққанда
дүние шыр айналды. Екінші, ХҮІІІ ғасырда екінші толқын басталды.
Ол – индустрия. Қаптаған завод, фабрика, манифактура, бу мен
көліктің жеті атасы дүниені төңкеріп жіберді. ХІХ ғасырдың соңына
қарай үшінші толқын басталды. Енді технологиямен бірге ақпараттық
қоғам басталды. Санаулы секундта хабар беретін аппараттар жетіле
бастады. Артынша радио, ТВ, ғарыш, интернет бұрқ ете қалды. Үшінші
толқын әлемді адам танымастай өзгертті. Сонымен бірге адамдардың
сана сезімі мен ақыл-ойлары да түбегейлі өзгерді. Енді төртінші
толқын басталады. Өркениетті елдер адам жаны сезілмейтін барлық
нәрседен мезі болды. Олар енді ата-бабасынан мирасқа қалған
барлық құндылықтарды жинап теріп түгендеумен әуре болып жатыр.
Әсіресе, көне кітаптарды оқып, аударып, айналымға қайта салу ісі
алға шығып келеді. Ол кітаптарда ақылды адамдардың жаны мен
көңіл-күйі, ғылымға деген адалдығы, рухани ілімге деген махаббаты
сақталып қалған. Енді төртінші толқын ұрғанда, ата-бабасынан
мирасқа қалған рухани мұраларға иелік еткен елдер ғана ендігі
өркениеттің көшіне ілесе алады, – дейді.
Жалпы бір формациядан екінші
формацияға өткенде рухани дүниеде
тоқырау болатыны сияқты, кеңестік
жүйеден шыққан бізде де сондай рухани
дүниемізде тоқырау кезеңін бастан
өткізудеміз, рухани дүниеге көзқарас
азайып, материалдық құндылықтар алға
шығып кетті. Яғни, заманның өзгеруімен
қатар құндылықтар туралы адмадардың
көзқарасы мен дүние-танымы да өзгерді.
Әсіресе, егемендік алған жылдардан бергі
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани
сана сезімінің қалыптасу барысында
жоғарыда ғалымның атап өткен үшінші
толқын әсері қатты сезілуде. Ғаламдық
ақпарат алысудағы жылдамдық,
теледидар, компьютер, интернет жастар
үшін бүгінгі күннің басты құндылығы,
заман талабы, қоғамдық қажеттілік ретінде
ерікті, еріксіз бірінші орынға шығуда.
Жаңа технологиялардың көз ілеспес
жылдамдықпен дамып жатқан шаңына
ілесеміз деп адамзат өзінің қайда бара
жатқанын білмейді. Жер планетасының
ең дамыған, ең өркениетті деген батыс
Еуропа мен Америка сияқты алпауыттар,
технология дауының шыңына жеткенімен,
рухани құлдыраудың түбіне жеткенін
енді сезініп, түсінуде. Біздің қоғамның
жастары да осы батыстың жалаң,
ашық-шашық мәдениеті мен жалған
демократиясының құрбанына айналуда.
Мойындаймыз, қазіргі қоғам адамдары
жаңа технологиясыз, ақпаратсыз,
инетернет, компьютерсіз өмір сүру
мүмкін болмай отыр. Сонда өркениетке
жету деген өткеніңді ұмытып, өзіңнен-
өзің жеру деген сөз емес шығар?! Енді
жоғарыда ғалымның атап өткен төртінші
толқын кезеңіне дөп келгендейміз. Жаңа
технологиямен қатар рухани жағынан қоса
даму құстың екі қанаты сияқты теңдік
орнатып, әлем кеңістігінің көк аспанына
шығаратын жалғыз жол деп қарайтын
кез жеткен сияқты. Франсит Ришар атап
өткен рухани құндылықтар ішінен рухани
әлемімізге ең басты ықпал етер құрал
ретінде бірінші кезекте мен кітап оқуды
айтар едім. Біздің болашағымыз – жастар,
қазіргі жастар компьютердің тілін беске
білер, бірақ кітап тілін біледі деп сеніммен
айта алмаймыз.
Бір көңіл қуантарлығы Франсит
Ришардың айтқан төртінші толқынын
алдын ала сезіп, дер кезінде жастардың
санасын сәулелендіріп, рухани әлемін
байытуға бел шеше кірісіп, нақтылы
қадамдар жасап отырған өте сәтті
жобалардың бірі – ҚазҰУ ректоры
Ғалым Мұтанұлының бастамасымен
қолға алынған «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс
100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында,
жақында ҚазҰУ-дың шығыстану
факультеті, қытайтану кафедрасының
ұйымдастыруымен халқымыздың
аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова
апамыздың шығармашылығына
арналған іс-шара өтті. Іс-шараға кафедра
оқытушыларымен қатар магистранттар,
студенттер қатысты. Іс-шара барысында
ақын өмірбаяны, жүріп өткен жолдары
тыңдаушы қауымға таныстырылып,
ақынның өлеңдерінен жыр-шумақтары
тыңдалды. Студенттер және ақынның көзін
көрген адамдар ақын туралы естеліктер
айтты. Бір сағаттан астам өткен іс-шарадан
өте жақсы әсер алып тарқастық. Әсіресе,
Фариза апамыздың шығармасымен
жақсы таныс емес студенттер кейбір
оқытушылар үшін Фариза апамызды тану
кезеңі енді басталғандай болды.
Барлық қатысушылар Фариза
апамыздың шығармасымен
қайтадан танысуға, өлең
кітаптарын сатып алып оқуға
шабыт алып қайтты. Осындай
іс-шараның рухани дамып
жетілуімізге, санамызда
рухани сілкініс туғызатынына
қаншалықты жәрдемі
болатынына тағы бір мәрте
көзімді жеткізгендей болды.
Бұл – «ҚазҰУ студенті оқуға
тиіс 100 кітап» жобасы аяасында
өткен жүз немесе мың іс-
шараның біреуі ғана. Енді бағамдай беруге
болады, ҚазҰУ студенттерінің төрт жыл
ішінде оқуға тиіс «100 кітап» жобасы –
студент жастардың рухани дамуға жасаған
осы бір игілікті қадамы жастарымызға,
еліміздің дамуына, қоғамымыздың рухани
баюына қаншалықты серпін беріп, оңды
әсерін беретініне қандай мақтау айтып,
қандай қолдау білдірсек те жарасады
деп ойлаймын. Бұл – тек ҚазҰУ-мен
ғана шектелмей, мемлекеттік тұрғыда
қолға алынатын шаруа. Әрбір үлкенді-
кішілі жоғары оқу орындары, мектептер
де жағдайға қарай зерделеп жаппай
қолданысқа енгізетін, ұлтты жарқын
болашаққа бастар игі бастамалардың бірі
деп есептеймін.
ҚазҰУ-дың қолға алған игі
бастамаларының тағы бірі – «Айналаңды
нұрландыр» жобасы. Осы жоба аясында
студенттер мен оқытушылар кейде қарттар
үйіне, жетімдер үйіне барып, ол кісілердің
қал-жағдайларымен танысып қайтады.
Жастардың қарт ата-әжелердің, тастанды
күнәсіз жас сәбилердің қоңырқай
өмірін көріп жүректеріне мейірім
шуағы оянып, көздеріне жас алып, өмір
сүрудің жауапкершілігі мен дұрыс адам
болудың қаншалықты маңызды екенін
сезініп, өздерінің ата-аналарының аяулы
алақанында армансыз өсіп, ер жетіп келе
жатқандарына тауба келтіріп, қартайған
ата-аналарын өздерін қалай алақанға салып
өсірсе, өздері де кейін ата-анасын сондай
қамқорлыққа алу керектігін түсінгенін
көргенде іштей өзің де бақытқа бөленесің.
Осы ретте осындай ұлтымыздың рухани
дамуына, жастарымыздың өз тамырынан
нәр алып өсуіне байланысты көптеген
игілікті бастамалардың бастаушысы,
жаршысы, жанашыры, қамқоры болып
жүретін ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым
Мұтанұлының еңбегін ерекше атап
өткім келеді. Ол кісінің Қазақстандағы
маңдай алды оқу орны – әл-фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетін
білім жағынан өте жоғары деңгейге
көтеріп, білікті мамандар даярлайтын
айтулы білім ордасына айландырып қана
қоймай, студент жастардың өз халқының
тарихи тамырымен жалғасып, рухани
қазынасынан молынан сусындауына
жағдай жасауы. Франсит Ришардың
жоғарыда айтқан төртінші толқынына
қарсы жасаған көреген басшылық, үлкен
білімпаздық, ата-баба аманатын арқалаған
таза тектіліктің игі қадамы деп есептеймін.
Ол кісінің «100 кітап» жобасына арналған
жиналыста сөйлеген сөзінен келтірілген
мына үзінді сөзімнің дәлелі болғай:
«Әрқайсымыз өзімізді-өзіміз дамытайық.
Біздің бағыт алар алтын қазығымыз
– Алаш арыстары. Олар материалдық
құндылықты ешқашан алдыңғы орынға
қойған емес. Ірі тұлғалардың арасында
байдың да балалары болды. Бірақ
ешқайсысы байлыққа қызыққан жоқ. Біз
осы ұлыларымызға қарап бой түзесек,
олардан кем болмаймыз. Ұлтымыз үшін
ұялмауымыз керек, керісінше мақтанатын
дәрежедеміз».
Ұлтқа қызмет ету, туған халқыңа,
қасиетті жеріңе деген адалдық, ұрпақ
алдындағы жауапкершілік – бәрі де
осындай қарапайым әрі қасиетті істер
арқылы бастау алып, одан ары өркен
жайып, тарихтан сабақ алып, болашаққа
үлкен үмітпен аяқ бассақ, Елбасымыз атап
өткен дамыған 30 елдің қатарынан ойып
тұрып орын алып, әлемдік озық ұлттардың
қатарынан көрінетінімізге кәміл сенемін.
Сөз соңын халқымыздың ұлы жазушысы
Мұхтар Әуезовтің мына сөзімен аяқтағым
келеді: «Бұл дәуірде өз елін, әдебиетін
білмеген, оны қадірлемеген адамды –
толық мәнді интеллигент деуге болмайды.
Себебі, ол қандайлық мамандық иесі
болғанымен, рухани сыңар жақ болып
келеді», –деген екен.
Н. ШАРЫПҚАЗЫ,
шығыстану факультеті
қытайтану кафедрасының оқытушысы
8
№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл
Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы 1000 дана
Тапсырыс: №309
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның
көзқарасын бiлдiрмейдi.
редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш
компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.
«қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп
басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
Әл-Фараби атындағы
қазақ ұлттық
университетiнiң
ректораты
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
бас редактор м.а.:
Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА
Жауапты хатшы –
Дариға АМАНКЕЛДИЕВА
тілшілер:
Қаламқас АМАНҚОСОВА, Елдана ТОҚБАЙ
Дизайнер –
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Фототілші –
Марат ЖҮНІСБЕКОВ
Корректорлар:
Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Қарлыға ИБРАГИМОВА
МЕКЕНЖАЙЫ:
050040, алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71,
ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.
байланыс телефоны:
377-33-30, iшкi: 11-94,
тiкелей: 377-31-48.
Газет 1994 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде
тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген
соңғы бет
Электронды мекенжай:
kazuniver-gazeti@mail.ru
В КазНУ им. аль-Фараби на
факультете журналистики
состоялась встреча с писателем,
автором книг о жизни Чокана
Валиханова - Исмаилжаном
Иминовым, а также презентация
новой книги «Путешествие по
Алтышару» в рамках проекта
«Айналаңды нұрландыр».
Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп,
беттелдi. “Бизнес-Информ“ баспаханасында басылды
Тел:.2-93-09-09
Так быстро пролетел очередной учебный
год и вот совсем скоро начнется сессия:
экзамены, баллы, от которых зависит,
будет ли студент получать стипендию
или нет? Некоторые ответственные
студенты, которые весь учебный год
честно посещали и активно работали на
занятиях, вовремя сдавали «рубежки» и
“медтерм” и получали приличные баллы,
уже сейчас готовы к достойной сдаче
сессии.
ВстрЕча с писатЕлЕМ
Новое путешествие известного уйгурского
писателя Исмаилжана Иминова по городам
родной Кашгарии, о котором он рассказал
в книге «Путешествие по Алтышару» – это,
прежде всего, дань глубокого уважения к
проделанному казахским ученым Чоканом
Валихановым пути по исследованию этой
древней страны. Но, И.Иминов сумел
обогатить современное путешествие 2014
года в составе экспедиции Казахстанского
национального географического общества
своими собственными и, как всегда, яркими
и эмоциональными впечатлениями, в которых
он предстаёт верным и любящим сыном
уйгурского народа, предоставив читателю
познавательный исторический материал и
картины жизни нынешних кашгарских городов
и их обитателей. Необходимо заметить, что
почти весь материал этой книги опубликовал
один из самых авторитетных и признанных
казахстанских журналов – «МЫСЛЬ»,
руководимый мэтром казахстанской
журналистики и писателем С. Куттыкадамом,
что само по себе уже является признанием.
Любознательный, чистый сердцем читатель
откликнется на эту книгу.
Исмаилжан Абдыкадырович Иминов
родился 12 июня 1959 года в посёлке Фабричный
(ныне - село Каргалы) Жамбылского района
Алматинской области. В 1978 году поступил на
филологический факультет КазГУ. Долгие годы
являлся директором Каргалинской средней
школы №1, в которой когда-то начинал свой
трудовой путь. В пятьдесят лет, с 2009 года, начал
писать художественные и автобиографические
рассказы, путевые заметки, очерки, эссе,
сказки, публицистические и научно-
популярные статьи. Активно печатается в
уйгурских, казахских и русскоязычных СМИ
Казахстана: постоянный автор журналов
«Мысль» и «Мир путешествий», газеты «Уйғур
авази». В 2014 году был научным руководителем
экспедиции Казахстанского географического
общества в Кашгарию (СУАР КНР) «По
караванному пути Ч. Валиханова».
Автор книг «Моя Кашгария» (2014 г.),
«Родники моего детства» (2014 г.), «По
караванному пути великого Чокана» (2015 г.),
«В Туве, где предков древний род…» (2016г.).
Его книги переведены на казахский, уйгурский
и английский языки.
С.К.КОЗЫБАЕВ,
д.истор. н., профессор кафедры печати и
электронных СМИ
Н.П.САПАРХОДЖАЕВА,
зам.зав. по научно-инновационной работе и
международному сотрудничеству
кафедры печати и электронных СМИ
Фотоэтюд
Досжан Балабекұлы (фото)
Красота, грация
и здоровье
Аэробика, наверное, самый
излюбленный вид физической
нагрузки для представительниц
прекрасного пола. Сегодня в
Казахстане многие учебные
заведения открывают секцию
аэробики, с целью привлечь
молодежь к данному виду спорта.
Вот и у нас в университете
студенты любят посещать уроки
аэробики.
Совсем недавно в спорткомплексе
университета прошел праздник «Красоты,
грации и здоровья». Соревнования
проводились по 4 номинациям: степ-
аэробика, зумба-латина, современные и
народные танцы.
Всего в соревнованиях приняло участие
26 команд из 300-х человек. Судьями
выступили представители ассоциации
фитнес-аэробики г. Алматы.
Победители и призеры были награждены
грамотами, дипломами и подарками.
В номинации степ-аэробика команда
«Инфайт» механико-математического
факультета получила первое место,
а команда «Экономикс» ВШЭиБ
заняла второе место. А в номинации
«Зумба-латина» призерами первого
места стала команда «Куба» факультета
международных отношений, второе
место заняла команда «Blaze» факультета
философии и политологии, а третье место
получила команда «Интрига» того же
факультета. В номинации «Современные
танцы», первое место было отдано
команде «Bright» факультета географии и
природопользования, второе место заняла
команда «Quick silver» факультета химии
и химической технологии, а призерами
третьего места стали участники команды
«FLnw less» ВШЭиБ. В последней
номинации «Народные танцы» команда
«Пламя» факультета философии и
политологии получила второе место,
а обладателями первого места стали
участники команды «Томирис» факультета
химии и химической технологии.
О. П. ЛАРИОНОВА,
ст. преподаватель кафедры
физического воспитания и спорта
ҚазҰУ-дың журналистика факультеті «Талапкер» орталығымен бірлесе отырып кәсіби
бағдар беру мақсатында Наурызбай ауданының мектеп бітіруші түлектерімен кездесті.
Оған журналистика факультетінің деканы С. Медеубек, оқытушылар – М. Арғынбаева,
Б. Серікбай, К. Мамырова, Ә. Әлім, Н. Данаевалар қатысып, оқушыларға университет
жетістіктері жайлы мол мағлұмат берді.
Алғашқы болып сөз кезегін алған факультет деканы С. Медеубек: «Бүгін сіздермен жүздесіп
отырғанымызға қуаныштымыз. Біз сіздердей талантты да талапты балаларды еліміздің жетекші оқу
ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті болуға шақырамыз! – деді.
Өз кезегінде аға оқытушы Б.Серікбайұлы «Дизайн» мамандығының жаңадан ашылғанын, үлкен
сұранысқа ие екендігін айтты. Сонымен қатар факультет оқытушылары қоғамда сұранысқа ие
мамандықтар қатарында «Қоғаммен байланыс» мамандығын да атап, артықшылықтарын тізбелеп
берді. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде, белді компанияларда қоғаммен байланыс
бөлімі ашылып жатыр. Ал оларда қызмет ететін мамандар тапшылығы сезілуде, – деді олар
.Докторант Н. Данаева оқушыларды жыл сайын өтетін «Болашақ баспагер-редактор» байқауына
қатысуға үндеді.
Сондай-ақ «Талапкер» касіби бағдар беру орталығының маманы С.Н. Ақанова университет
факультеттері мен мамандықтары жайлы ақпарат беретін кітапшаны тарата отырып, туындаған
сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында мектеп оқушылары мамандық таңдауға байланысты өздерін толғандырып
жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Қызықты сұрақ қойған оқушыларға ескерткіш
сыйлықтар табыс етіліп, естелікке суретке түсті. Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруға үлес
қосқаны үшін Наурызбай ауданы мектептерінің бітіруші түлектерін бір жерге жинаған № 188
мектеп директоры Базаргүл Мұхтарқызы Мәуленоваға алғыс айта отырып, қызметте табыс тілейміз.
Күлайым МАМЫРОВА,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
Еще раз про сессию
Но не секрет, что, к сожалению, есть в
наших рядах и такие студенты, которые
жили, как поется в песенке «от сессии до
сессии живут студенты весело». Как раз
для таких студентов экзаменационные
аудитории оборудованы видео-
камерами.
А вот как обстоят дела со сдачей
сессии в Американских вузах. Особый
интерес вызывает в американских
вузах, описанная в работе А.Е.
Штокмана и Е.А. Штокмана система, по
которой происходит сдача письменных
экзаменов в некоторых американских
вузах, например, в Принстонском
университете. Система носит название
«система чести». Студенты берут на себя
пол¬ную ответственность за честное
отношение к экзаменам. Преподаватель
не контролирует самостоятельности
выполнения работы. Он лишь раздает
экзаменационные листы, отвечает
на возникшие вопросы и покидает
аудиторию. Он возвращается после
окончания времени, отведенного
для ответов на вопросы, и собирает
у студентов работы. Студенты,
подписывая работу, делают приписку:
«Клянусь своей честью, что во время
экзамена я не нарушил Кодекса чести».
В Стэнфордском университете
существует «кодекс чести», обязательства
принимаются студентами при
поступлении в университет. По словам
студентов из России, окончивших этот
университет, студенты, в основном,
не списывают и без Кодекса чести. В
одном из университетов провели анкету,
на вопрос: «Поможете ли вы другу на
экзамене?» американцы дали примерно
такой ответ: «Зачем? Он сам всё
сумеет». Вообще же несамостоятельное
выполнение работ опасно. Студента
могут строго наказать, вплоть до
исключения из вуза. Преподаватели
из России, побывавшие на стажировке
в американском вузе, обратили
внимание на характерные моменты
в учебном процессе американских
вузов. Прежде всего, это главный
принцип американского обучения: «Не
учить студента, а помочь ему учиться
самостоятельно».
Г.К. ДОСЫБАЕВА,
и.о. доцента кафедры
дипломатического перевода
Достарыңызбен бөлісу: |