ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
МАҚСАТЫ: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: 1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.
Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.
1-БАҒЫТ. «БАРЛЫҚ ПӘНДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУ» МАҚСАТЫ: Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру. Ертегіні оқи отырып қиялдайды, ертегі туралы шағын әңгіме жазып келеді, сурет салады, ермексаздан ертегі кейіпкерлерін бейнелеп береді.