Қарағанды қаласының №17 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жүнісов Азамат Маратұлына



Дата10.02.2023
өлшемі11,88 Kb.
#66900

Қарағанды қаласының №17 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жүнісов Азамат Маратұлына


Мінездеме
Жүнісов Азамат Маратұлы жоғарыда аталған мектепте 1-сыныптан бастап оқиды.
Азамат өте іздемпаз оқушы, әрдайым өз мақсатына жетуге тырысады. Сабырлы, парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді. Құрдастарымен «ортақ тілді» оңай табады. Мұғалімдерді құрметтеп, жасалған ескертулерді адекватты қабылдайды. Күнделікті өмірде тек жағымды жақтарымен сипатталады. Дәлелді себепсіз сабақтан қалған емес.
Оқу тапсырмаларын жүйелі түрде орындайды. Есте сақтау қабілеті жақсы, оқу материалын жылдам меңгереді. Әсіресе физика, география және тарих пәндеріне қызығушылық танытады.
Физикалық дамуы жоғары деңгейде. Спорттық іс-шаралар мен олимпиадаларға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Футболмен және жеңіл атлетикамен әуестенеді.
Толық отбасында тәрбиеленеді. Ата-анасы мектеп жиналыстарына үнемі қатысып, баласының оқу үлгеріміне және тәртібіне ерекше мән береді.
Салауатты өмір салтын ұстанады. Алкоголь немесе есірткі қолданбайды. Темекі шегуге көзқарасы теріс.

Мектеп директоры____________Б.С. Рахимов


Сынып жетекшісі_____________А.Л. Қинаятова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет