ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
№16 орта мектеп
ФАКУЛЬТАТИВ
«Физика есептерін шығару» бағдарламасы
10- класс (ЖМБ)
Ақтөбе -2020-2021 ж
А.Қ.Қаймолдинаның «Физика есептер жинағы» оқулығына сүйене отырып, құрастырылды.
№16 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Т.Ш.Бимырзаеваның ЖМБ бойынша 10-11 классқа жасалған бағдарламасына
Хаттама №__________ «____» __________ 2017ж
№16 орта мектеп директоры _________ Ә.Т.Латып
(қолы) (аты-жөні)
Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Физика есептерін шығару»
(курс атауы)
10- ЖМБ класс мақұлданды
Хаттама №__________ «_____» ___________2017ж
Сараптау комиссиясының төрағасы ________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
№16 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Т.Ш. Бимырзаеваның ЖМБ-ты бойынша 10- 11 классқа жасалған бағдарламасына
СЫН - ПІКІР
Курстың тақырыбы: «Физика есептерін шығару». Курс «Механика», «Динамика», «Молекулалық физика және термодинамика», «Электродинамика», «Кванттық физика», «Атомдық және ядорлық физика» бөлімдері бойынша оқушылардың алған білімдерін оқу процессінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Курстың бұл түрі физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды әр түрлі деңгейдегі және түрліше есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интелектуальды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды. Республикадағы білім берудің жаңа концепциясына сәйкес, пәндерді оқытуда оқушылардың өз бетінше еңбектенуіне күш салынады, оның дара тұлғалық және шығармашылық қабілетін дамытуға назар аударылады. Ал оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін оның теориялық білімі жетік болу керек.
Бағдарламада теориялық материалдар, практикалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білім тексеру мақсатында бақылау, тест жұмыстары толық қамтылған.
Есепті шығару кезінде оны мұқият талдап, көрсетілген құбылысты не процесті айқындап, оның қандай заңдылықтар негізінде өзгеріп жатқанын анықтау үшін көп уақыт бөлінген.
Ал оқушының мақсаты осы уақыт ішінде сұрақтың дұрыс жауабын табу. Ол үшін тапсырмаға байланысты нақты бір физикалық заңды немесе шаманы дұрыс түсініп білуі керек. Оқушылар физикадан есептер шығаруда қателіктерге жол бермеуге тырысулары керек. Сондықтан көрсетілген бөлімдердегі физика есептерін және тапсырмаларды алдағы уақытта қатесіз орындаған оқушының ҰБТ-де жетістікке жетуіне қадамдарының да, пән бойынша нәтижелерінің де артатыны сөзсіз.
Оқушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімдердің басшылығымен жүзеге асады.
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, ф.м. -ғ.к. Мясникова Л.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |