Арифметикалық орта. Өзгеріс ауқымы. Мода. Медиана



бет1/2
Дата16.10.2023
өлшемі344,64 Kb.
#115557
  1   2

Әділхан Дулатұлы

Арифметикалық орта. Өзгеріс ауқымы. Мода. Медиана

1. Бір тамшы судың массасын білу үшін массасы 45 г бос ыдысқа 50 тамшы су тамызылып өлшенді. Сонда суы бар ыдыстың массасы 48,5 г болды. Бір тамшы судың орташа массасы неше грамм?


А) 0,09 г
В) 0,07 г
С) 0,9 г
D) 0,7 г
E) 0,97 г
2. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
A) 26
B) 34
C) 28
D) 25
E) 19
3. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
A) 28
B) 25
C) 20
D) 26
E) 19
4. Футбол командасында он бір ойыншының жастарының арифметикалық ортасы – 23 жас. Ойын уақытында үш ойыншы жарақат алып, ойыннан шығып қалды. Шыққан ойыншылардың жастарының арифметикалық ортасы 19-ға тең. Қалған ойыншылардың жастарының арифметикалық ортасы қанша?
А) 21
В) 22
С) 23
D) 24,5
E) 22,5
5. Оқушы бес емтиханнан орташа 7 ұпай алды. Егер алғашқы 4 емтиханнан 6, 5, 10 және 7 ұпай алса, соңғы емтиханында қанша ұпай алған?
А) 8
В) 9
С) 7
D) 10
E) 11

6.Үш санның арифметикалық ортасы 3,2. Осы сандардың алғашқы екеуінің арифметикалық ортасы 2,85. Үшінші санды табыңдар.


А) 3
В) 3,7
С) 3,9
D) 4
E) 4,1
7. Сегіз санның арифметикалық ортасы 100-ге тең, ал басқа алты санның арифметикалық ортасы 72. Аталған барлық санның арифметикалық ортасын табыңыз.
А) 78 В) 88 С) 77 D) 84 E) 80
8. Сыныптағы 12 ұл баланың орташа бойының ұзындығы 1,54 м. Егер ең аласа баланың бойының биіктігі 1,21м болса, қалған 11 баланың орташа бойының биіктігі қанша?
A) 1,52 м
B) 1,61 м
C) 1,63 м
D) 1,57 м
E) 1,65 м
9. Сыныптағы 8 ұлдың орташа бойы 1 м 14 см, Ерболдың бойы олардың ең кішісі 1 м 7 см қалған жеті ұлдың орташа бойы қалай болды?
A) 1,12 м
B) 1,15м
C) 1,16 м
D) 1,17 м
E) 1,20 м
10. Ерланда 200 тг, ал төрт інісінде 100 теңгеден бар. Бесеуінің ақшасы бірдей болу үшін Ерлан інілеріне қанша теңгеден беруі керек
A) 10
B) 15
C) 20
D) 25
E) 40
11. Төрт санның арифметикалық ортасы 9-ға тең. Олардың үшеуі 5, 9, 12 сандары болса, төртінші санды тап.
А) 6
B) 8
C) 9
D) 10
E) 36
12. Әсемге 12 пәннен жылдық бағалар қойылды. Оның орташа ұпайы 3,75 болды. Орташа ұпайы 4 болу үшін ол неше пәннен бағасын 1 ұпайға көтеруге керек?
А) 7
В) 9
С) 6
D) 3
E) 4
13. Нұргүлге 16 пәннен жылдық бағалар қойылды. Оның орташа ұпайы 4,25 болды. Орташа ұпайы 4,5 болуы үшін ол неше пәннен бағасын 1 ұпайға көтеру керек?
А)9
В)3
С) 6
D)7
E) 4
14. Бір сынып оқушылары тест жазды. Егер әрбір ұл балалар тестті 3 ұпайға жақсырақ жазса, сыныптың орташа көрсеткіші 1,2 ұпайға жақсарады. Қыз балалар сыныптың қанша пайызын құрайды?
A)50%
B) 55%
C) 60%
D)65%
E) 70%
15. Суретте Өскемен қалысының 2015 жылдың желтоқсан айындағы 10-25 күндерінің аралығындағы ауа-райының орташа температурасының графигі көрсетілген. Графикті пайдаланып, ауа-райының орташа температурасының өзгеріс ауқымын анықтаңыз.

A) 38 С B) -48 С C) -38 С D) 28 С E) -18

16. Графикті пайдаланып, ауа-райының орташа температурасы неше күн -30оС тан жоғары болғанын анықтаңыз.



A) 8 B) 9 C) 6 D) 7 E) 5


17. Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100 м қышықтықты жүгірген


уақыт кестесі берілген. Уақыттың өзгеріс ауқымын табыңыз.

А) 14,1 с В) 17,1 с С) 16,8 с D) 13,8 с E) 8,3 с

18. Оқушының математика пәнінен тапсырған 10 тестілеу жұмысының ұпайлары төмендегідей:



Орташа ұпайын табыңыз. А)86 В)84 С)85,5 D)85 E)83
19. Санат 10 байқау тестінен төмендегідей ұпай жинады

Байқау тестінен жинаған ұпайларының арифметикалық ортасын және өзгеріс ауқымын тап.
А) 90 және 14
В) 90 және 13
С) 89 және 14
D) 89 және 14
E) 88 және 14

20. Қайыңның 100 жапырағының ұзындығы өлшеніп, одан кейін олар тапталып, алынған мәліметтерден жиілік кестесі құрылған:



Салыстырмалы жиіліктің арифметикалық ортасының жүздік үлеске жейінгі жуық мәнін табыңыз.
A) 0,15
B) 0,17
C) 0,19
D) 0,18
E) 0,16

21. Бір топтағы 9 адамның орта жасы 25 жас. Екінші топтағы 11 адманың орта жасы 45 жас. Егер екі топтағы адамдарды қосса, олардың орта жасы неше болады?


А) 70
В) 36
С) 35
D) 32
E) 20

22. Диаграммада бес баланың аулаған балықтарының саны көрсетілген. Балалар балықтарын қосып, содан кейін тең бөліп алды. Әр бала қанша балықтан алғанын табыңыз.



А) 12
B) 16
C) 14
D) 13
E) 15
23.Төмендегі фигурада берілген сандардың медианасын табыңыз

А) 9 B) 15 C) 21 D) 34 E) 94
24. Дүкеншінің бір күнде сатқан тауарлары кестеде көрсетілген. Сатып алушылар үшін тауарлардың қайсысы мода екенін анықтаңыз.

А) Оқулықтар
B) Ертегілер кітабы
C) Әдеби кітаптар
D) Географиялық карталар
E) Пән бойынша тест жинақтары
25. Бақылау жұмысын сыныптағы оқушылардың 8-і «5»-ке, 18-і «4»-ке, 12-сі «3»-ке жазып шықты. Тағы бірнеше оқушы «2» алды. Оқушылардың орташа бағасы 3,8 болса, онда неше оқушы «2» алды?
А) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
26. Екі санның арифметикалық ортасы 13-ке тең. Егер сандардың бірі 19-ға тең болса, екіншісі неге тең екенін табыңыз.
A) 9 B) 5 C) 7 D) 8 E) 6
27. Сегіз санның арифметикалық ортасы 100-ге тең, ал басқа алты санның арифметикалық ортасы 72. Аталған барлық санның арифметикалық ортасын табыңыз.
А) 78 В) 88 С) 77 D) 84 E) 80
28. Төрт балықты екі-екіден өлшегенде массалары 4 кг, 6 кг, 7 кг, 8 кг, 9 кг және 11 кг
болды. Барлық балықтың массасы неше килограмм?
А) 10 кг
В) 13 кг
С) 15 кг
D) 17 кг
E) 20 кг


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет