Дайындаған:Алимбаева.У Қабылдаған:Сайлинова.Қ Тобы:MM-20-1a Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
- В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан – эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.
- Эмоциялардың теориялық мэселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді.
- А.Г.Ковалев сезімдерге жеке түлганың нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нэтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады: а) жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы; ә) жаманға мойынсынбауы;
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |