Қарым-қатынас психологиясы
Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакель көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бі-бірімен тікелей, жүзбе жүз не жанама не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысты.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл –ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір бірімен қоян қолтық араласып, іс әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формалсыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнеше бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір – бірімен тікелей қарым қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмытылған адамдардың бірлестігі «шағын топ деп» аталады. Осындай топтың барлық мүшесі күш жігері бір мақсатқа бағытталады.
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш корабілнің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мысалы, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүлі іс шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйрмесінің мүшесі, не жетекшісі т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын торптағылардың өзара қарым –қатынасына шек қойылмайды.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды.
Формасыз топ – бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос- жарандық қатынаста болу – осындай топтың мысалдары.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл -әр адамның жекелеген топтардың ішінен біреуіне ғана ерекще тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адамдар ондағы талап тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дайын.
Мәселен, сенің көңіл – күйің бүгін нашарлап тұр делік, оның да белгілі себебі болатыны түсінкті. Сөйтседе, басқалар сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай ұстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезетінің анық. Сені әңгімеге тартып, үсті-үстіне сауал қойып отырғандар көбінде көңіл – күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатиялық қасиет жөнді қалыптаспаған. Сондықтанда эмпатиялық қасиетті өздеріңде үнемі дамытып отыруларың қажет.
Біздің қай қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек келетінін байқап жүрміз. Бұл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, адамды жөзіне тартпақ түгіл оның қитығына түсетіндер де кездеседі. Мәселен, табиғатынан тұйқ адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзге бармайды, тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз тыңдап отырады.