Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Отандық арнайы білім беру жүйесінін даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін кемтар (ЕБҚЕ) балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, Ленинградтағы педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген. Бірақ бұл шара отандық арнайы мекемелердегі мамандарды толығымен қамтамасыз етпеді, өйткені жоғарыда айтылғандай, сол жылдары арнайы мектептер белсенді ашылған.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастау алды. 1976-1977 жылы бөлім болып, кейін дефектология факультеті ретінде қызмет етіп қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды даярлау тәжірибесінің іргетасы қаланды. ҚазПИ-дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына үлес қосқан дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М
Қазақстанда дефектология ғылымының дамуы Ж.И.Намазбаеваның ЕБҚЕ баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған.
1971 жылдары олигофрен балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып ,1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында нақтыланған.