Қарым-қатынас: Тұлғалық және топтық



Дата05.12.2022
өлшемі445,1 Kb.
#54913

.


Қарым-қатынас:
Тұлғалық және топтық
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.
Қарым – қатынастың жақтары
Коммуникативтік
Интерактивтік
Перцептік
Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ, мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.
Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасыпжәне өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Перцептік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы. Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым – қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне маңызы өте зор.
Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі. «Әлеуметтік перцепция» терминін ең алғаш Дж. Брунер 1947 жылы енгізген болатын.
Джером Брунер
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. 
Қарым – қатынас түрлері
Тұлғалық
Топтық
Тұлғалық қарым – қатынас – жеке адамға бағытталған қарым – қатынас түрі.
Мысалыға, бір тұлғаға белгілі бір тұжырымды жеткізу және т.б
Топтық қарым – қатынас – топ немесе ұжымға бағытталған қарым – қатынас түрі. Бұл түрі әсіресе жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет