Арыстан баб кесенесі
көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші Арыстанбаб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруішжәне уағызшы Арыстан бабтың бейітінде орнатылған ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші. Отырар қалашығынан және Шәуілдір ауылынан 2 км, Шымкент қаласынан 150 қашықтықта орналасқан. Ескерткіш өңір мұсылмандарының басты ғибадат ету орындарының бірі.
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидіңұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған.
Арыстан баб кесенесі
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды.
Әлемге танымал “Арыстан баб” кесенесінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған.
Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге “Мәдени мұра” бағдарламасы асырылып жатыр.