Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле



бет1/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Деңгей-2



  1. Диуани хикметтегі Арыстан баб туралы мәліметтерді суреттеңіз

"Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле" деген сөз де Арыстан баб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстан бабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге "әуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстан бабқа кесене тұрғызуың керек" деген аян берілген дейді.


Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің "Диуани хикметінде" жиі аталады. "Арыстан бабам айтты", "Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк" деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Бұл хикметтерден байқайтынымыз, Арыстан баб адамдарды инсаниат жолына шақырып, алдына "иншалла, есіткеңдерді хақтан тілеп алармыз, Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын, медет берсе, Мұстафа күнәларын тілермін" деп мақсат қойған. Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар да осы хикметтерден кездеседі. Алайда үлгі-өнегесі елге аңыз болып тараған Арыстан бабтың тұрмысы, тіршілігі жайлы нақты деректер сақталмаған. Оның өмірі жайлы өз хикметтерінде Ясауи "жатқан жері кедір-бұдыр, көргені қорлық пен зорлық" деп қана сипаттап өткен. Арыстан баб жөнінде К.Г.Зелеман, В.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А.Семенов, Д.Тирмингэм, И.Меликофф еңбектерінде кездеседі. Арыстан баб тек Отырар өңіріне ғана емес, түркі әлемінің исламдануына септігін тигізген ірі тұлға болған. Отырар ауданында қазір Арыстан баб атындағы мешіт, конақүй, т.б. мәдени мекемелер бар. Оның қабірі де сонда.


2.Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз
Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Яссауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани…” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет