Армысыздар жиналған көпшіл қауым, Биік қойған жанынан ұлдың арын!



Дата27.11.2023
өлшемі15,9 Kb.
#129451

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Қазақтың баласымын тегі бүтін,
Алғабас мектебінен келдім бүгін.
Жігіттің сұлтаны боп келіп тұрмын,
Ақтасам деп алдыңда ел үмітін.

Атым Бектөре болады сұрасаңыз,


Қыбырай екен кешегі бір атамыз.
Әкем Орманбек асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Гүлжахан Кәдірбекқызы,


Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі.?!
Әлі де асу асып жетер едім,
Жарыста топты жарып өтер едім.
Көрермен мені қолдап отырсаңдар,
Сендерді төбеме алып көтеремін.

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,


Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет