Әкешім – асқар тауым, анам – шыңым Мақсаты



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі44,94 Kb.
#44421
  1   2   3   4

Әкешім – асқар тауым, анам – шыңым»

Мақсаты: оқушылардың бойында ата-аналарға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі « Ана сүтін ақтау» деп аталады.


«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген.

. Әке – шаңырақ иесі, ана – отбасының ұйытқысы.


Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың,- дейді қазақта.
Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау, ата-әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.
1-жүргізуші –Ерсаин: Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, 9 ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші.
Әке деген баласының азық-түлігін тауып, тәрбиелеу үшін оймен де, денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.
!

Мамандықтар әлеміне саяхат:


Әкем- менің мақтанышым, тірегім, отбасымыздың асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкемнің мінез-құлқы, өнері мен білімі – маған үлгі, өнеге . Менің әкем Мукулов Дастан Қошқарғалиұлы Шиен ауылының тумасы.Еңбек жолын қойшы болып бастаған, бүгінде өз білімін жетілдіріп, еңбек етіп жүріп, жоғары оқу орнын бітірді, мамандық иесі болды.
.
.

.

.


.


Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-ананы аялап бақса армандары орындалады.
Әдепті, адал ұл-қыздардың міндеті ата-анасының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Ұл-қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ата-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып – қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Ата-анасын ұмытқан бала – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол – қорлық.
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, қарындас – туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке – тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана – жарық дүниеге әкелушің.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет