АРОМАТТЫ
ҚОСЫЛЫСТАР
СОӨЖ
Орындаған: Бисенова Ж
Тексерген: Нугыманова Л
Жоспары
1. Арендердің жалпы
сипаттамасы
2. Химиялық қасиеттері
Ароматты
қосылыстар
Молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір
немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық
қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың
жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған.
Ароматты көмірсутектердің маңызды өкілдеріне бензол
және оның гомологтары жатады.
Бензол
сақинасы
Бензолды 1825 жылы М. Фарадей ашты. Оның молекулалық формуласы С6Н6 екені
анықталды. Оның құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы А. Кекуле ұсынды.Ол
толық симметриялы және бір жазықтың бойында жатады. Бір байланыспен байланысқан
көміртек атомдарының ара қашықтығы 1,54 А, ал қос байланыстағы ара қашықтық – 1,34 А.
Бензол молекуласында көміртек атомдарының ара қашықтығы бірдей және 1,40 А-ге тең.
Бензол молекуласы дұрыс жазық алтыбұрыштан тұрады. Ондағы әрбір көміртек атомы sр2-
гибридтену қалпында болады. Көміртектің әрбір атомында гибридтенуге қатыспайтын бір р
электрон болады. Осы р электрондарының бұлттары
σ
- байланысына перпендикуляр
жазықта жатады. Әрбір р бұлты көршілес екі р бұлтымен бүркелесіп, нәтижесінде бірыңғай
қосарланған π жүйесі түзіледі.
Аталуы
Бензол C6H6
Толуол (метилбензол) C6H5CH3
Этилбензол C6H5C2H5
Ксилол (диметилбензол) C6H4(CH3)2
Пропилбензол C6H4(CH2)2CH3
Кумол (изопропилбензол) C6H4CH(CH3)2
Стирол (винилбензол) C6H5CH=CH2
Бензолдың қарапайым моноорынбасқан туындыларын
атау үшін, «бензол» деген сөздің алдында орынбасарды
атайды.
Бензолдың кейбір орынбасарлы туындыларын
тривиалдық атаулармен атайды. Мысалы: метилбензол
— толуол С6Н5СН3; аминобензол — анилин С6Н5NH2,
винилбензол стирол С6Н5С2Н3
Екі орынбасарлы бензолдар. Бензол сақинасында екі
орынбасар болса, оларды атағанда, орынбасардың
тұрған орнын да көрсету қажет. Үш мүмкін
изомерлерді орто- мета-, пара- деп белгілейді.
Алынуы:
*
Алкандар мен нафтендерге
қарағанда мұнай құрамында
арендер аз болады және олар
әртүрлі гомологтық қатар
түрінде берілген. Ароматты
көмірсутектердің жалпы
формуласы СnH2n-6.
Ароматты көмірсутектердің
өкілдері бензол және оның
гомологтарының құрылысы
тұйық тізбекті. Бензолдың
кейбір туындыларының
жағымды иісі болады.
Физикалық қасиеттері
Бензол мен оның гомологтары, әдетте, сұйық заттар, өздеріне тән иісі бар,
суда ерімейді, бірақ көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Отқа қауіпті. Бензол гомологтарының салыстырмалы молекулалық
массаларының өсуіне байланысты қайнау температураларының өсу
заңдылығы байқалады.
Бензол мен толуолдың көп мөлшері басты айналдырып, жүректі
айнытады, ал кейбір ауыр жағдайларда уланудың арты өлімге душар етеді.
Бензол мен толуолдың буы тері арқылы өтіп кетеді. Олармен ұзақ уақыт
улану лейкемин және анемия ауруларының пайда болуына әкеледі.
Хим. қасиеттері
Қолданылуы
Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек,
пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш
заттар өндірісінде және
жанармайдың арнаулы сорттарын
жасауда қолданылады. Ароматты
қосылыстар мұнай өнімдері мен тас
көмір шайыры шикізаттарынан
алынады.
1
2
3
4
5
50
40
30
20
10
0
Назарларыңызға
рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |