Қарттар үйі жайында «Қарты бар елдің – қазынасы бар»



Дата26.04.2022
өлшемі14,53 Kb.
#32431

Қарттар үйі жайында

«Қарты бар елдің – қазынасы бар», «Ата-анаң жынды болса байлап бақ» «Жәннат - ананың табанының астында» деген сүбелі сөздерді естіген боларсыздар. Расымен-ақ, түсінген адамға салиқалы, санаға ой саларлықтай сөздер. Қазақ халқы жесірін ұзатпаған, жетімін жылатпаған, қарттарын құрметтеп төрге шығарған дана халық еді. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, алайда, қазір осындай дана да даралықтың ізі сөніп бара жатқандай...

Себебі, дүниеге әкеліп, түн-ұйқысын төрт бөліп бағып-қаққан, «балам» деп аянбай еңбек еткен әке-шешесін қартайғанда қарауға шамасы келмей немесе тағы да басқа себептермен қарттар үйіне тастап кетіп жатқандар қаншама. Үйінің ішін тәлім мен тәрбиеге толтырып, мейірім-шуағын төгіп отырған қарттардың ас-суын беруге қиналғаны ма? Бала күнінде мәпелеп-баққаны сияқты олар қартайған шақта қызмет жасай алмағанын қандай нәрсемен ақтауға болады? Ата-анасыз өскен, сондай-ақ, қанша есейсе де ата-ана мейірімін аңсағандар қаншама?..

Жиреншенің «Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей, Шешесі өлген -  ағар бұлағы суалғанмен бірдей» ,- деген нақыл сөздерін мысалға келтіргім келіп отыр. Ажалы жетіп, Алланың әмірімен дүниеден озған әке-шешенің қайғысының орнын меңзеп тұр емес пе? Ал, тірідей ата-анаңнан айырылғанның қайғысы ше?! Жүрегіңді өз қолыңмен жұлып бергендей емес пе екен? Ата-анасына құрметсіздік танытқан адамның Алла тағала парызын да нәпілін де қабыл алмайды: Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Қиямет күні Алла тағала үш адамның парызын да нәпілін де қабыл алмайды: Ата-анасына құрметсіздік танытқан адам, істеген ізгі амалын үздіксіз еске алушы адам, қиямет күнін жоққа шығарған». Осыдан-ақ ата-ананың қандай құрметке ие екенін аңғара аламыз. Ендеше, барында ата-анамыздың қадірін білейік, достар!


ПМНО-21-1У тобының студенті Олжабаева Ақерке

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет