Ақсақал: Уа, сәлемші болсаңдар, төрге шығыңдар Бала



Дата25.04.2023
өлшемі23,13 Kb.
#86846

Наурыз тілек
Сахнада киіз үй жасаулы. Дастархан басында ақсақал отырады. Сәлем беріп, бірнеше бала кіріп келеді.
Ассалаумағалейкум ата! – дейді бәрі бір ауыздан.(Бәрімен төс түйістіріп амандасады)
Ақсақал: Уа, сәлемші болсаңдар , төрге шығыңдар
Бала: Ата, сізді Қыдыр сынды пір тұтамыз. Ұлыс күні ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар демей ме?
Ақсақал: Иә, шырақтарым, баталы құл арымас деген. Оларыңа рахмет.
Бала: Ұлыс күнінде сізге біраз сұрақтарымыз бар. Мына қазақтың жеті қыры жөнінде не айтасыз?
Ақсақал: Әлбетте, айналайын!Түркі елі елші алып тарасқанда, шаңыраққа ие болып қазақ қалған. Ұлы Мағжан осылай жырлаған. Біздің бесігіміз ол – киіз үй. Киіз үйдің сүйектері, кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Сыртындағы киіздері – туырлық, үзік, түндік деп аталады. Осы киіз үйде туып, өскен көшпелі бабаларымыз әлемді небір керемет дүниелерімен тамсандырған.
Бала: Ата, мына, алма, раушан гүлдері ненің айғағы.
Ақсақал:Бұл алманың апорт деген түрі біздің қасиетті қарсы Алатаудан бастау алған. Сол сияқты раушан гүлінің де бастау бұлағы біздің өлкеміздің еншісінде.
Бала: Атқа мінуді де біздің аталарымыз бастаған ба, ата?
Ақсақал: Әрине, даланың тарпаң жылқысын қолға ұстап үйретіп, оған ертоқымды, үзеңгіні ойлап тапқан. Жүген, ауыздық дегенмен әлемді бағындырған деп әбден айтуға болады.
Бала: Сонда темір өндіруді де, осы ауыздықпен сабақтас қой ата, солай ма?
Ақсақал: Темірді өндіру ең алғашқы әлемде біздің бабаларымыздан басталған.
Бала: Ата, Ұлы Жібек жолы туралы не айтасыз?
Ақсақал: Қытай елінде жібек мата өндірілген. Ол матаны алу үшін жан – жақтан түйе көші жүрген. Сол түйе жолы біздің қазақ жерімен өткен.
Ақ мәнері туралы білгім келеді ата?
Аң аулау көшпелілердің негізгі кәсібінің бірі болған және әрқайсысының өз иесі бар есептеген, сондықтан аң мүйізін қолөнерге ою – өрнекке пайдаланған.
Бала:Ата, Алтын адам дегенді қалай ұғамыз?
Ақсақал: Алтын Адам сонау біз жыл санауымыздан бұрын соң бабаларымыздың патшазадасының мүддесіне негізделген. Онда мыңнан аса өрнек бар. Айта берсе таусылмайды ғой балалар.
Балалар: О, Ата, рахмет. Ата – бабамыз жөнінде керемет мағлұмат алдық. Енді бата беріңіз.
Ақсақал:
Ұлыс күні батамды,
Ұл – қызыма берейін.
Ұлыс күнге арнайы,
Ұрпағыма не дейін!
Асудан аса беріңдер.
Біліммен көкке өрлеңдер.
Ата – баба қасиетін,
Жер бесікке бөлеңдер!
Әумин.
Наурыз тілек!



  1. Наурызға тілек тілеп талай жаздық,

Қиялмен шыңға шықтық, шөлге бардық.
Бәрі де қазағымның өз жері екен.
Киіз үй – бар түркіге – алтын қазық.

  1. Жеті қыр –Алаш ұлын асқақтатар,

Жеті жұрт бізге қарап басын шайқар.
Ат мініп, ел қорғаған батырларым,
Әлі де, төртпұл дүние атой салар.



  1. Алмадай тәтті өмір сүргенбіз бе?

Құлпырып қызғалдақтай гүлденгенде.
Тұсында «Жібек жолы» маңғаз қарап,
Темірді саз балшықша илегенде.



  1. Аңды да, мал орнына баққандай

Әшекей, төрде кілемілулі бір тұр.
Өрнекті қошқар мүйіз, сан алуан,
Оймышты оюымыз жүрекке нұр.



  1. Жарты әлем «Алтын адам» тамсанғанды.

Алашқа барша дүние бас ұрғанды.
Керемет «Жеті қырым» айбарланып,
Қайталансын тарихтың парақтары,
Қабыл қылсын Хақ Аллам бұл батамды
Әумин!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет