Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет56/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
Жиембет Бортоғашұлы. Ол XVI ғасырдың 70­75 жылдары өте 
ірі феодалдардың ортасында дүниеге келген. Оның аталары 


[
  220  
]
Кі ші жүздегі Он екі ата Байұлына кіретін Тана руының көсем­
дері болған. Жиембеттің өзі де сол кездегі қазақ ханы Есімнің 
өкілі ретінде бүкіл Кіші жүзді билеген. Өзі би, батыр Жиембет 
мемлекет тіршілігінде үлкен роль атқарған және ханға да зор 
ықпал етіп отырған. Аса беделді билердің қатарында Есім 
ханды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызу рәсіміне қатынасқан. 
Жиембет қазақ пен жоңғарлықтардың қақтығыстарында, 
әсіресе 1620 жылғы шайқаста, сондай­ақ 1627 жылы Ташкент 
шаһарының билеушісі Қатаған Тұрсынның бүліншілігін басуда 
айрықша қызмет етіп, көзге түскен. Зор даңққа және беделге 
ие болған Жиембет өзіне қараған Кіші жүзді жеке мемлекет 
етуге тырысады. Оның мұндай сепаратистік ниетін сезген Есім 
хан Жиембетті ойраттар тұратын жаққа жер аударып жібереді. 
Айдаудан 1645 жылы Есім хан қайтыс болған соң оралып, көп 
ұзамай дүниеден өтеді.
Жиембет жыраудың мұрасынан бізге әзірше белгілері – 
ханға арнап айтқан үш толғауы және жыраудың айдаудағы 
хал­жағдайын баян ететін екі лирикалық өлеңі. Алайда, осы 
аз дүниенің өзі­ақ Жиембеттің айтулы жырау болғанын, сөздің 
де, істің де парқын білетін қайраткер, биік парасатты, дана, 
даналыққа жеткен абыз екенін толық дәлелдейді.
Жиембеттің Есім ханға арнап айтқан толғауларында оның 
нағыз классик жырау екені көрінеді: ханмен бірге мемлекеттің 
күшеюіне көп күш салған би, ханның кеңесшісі әрі хандықтың 
идеологі бола білген Жиембет бірте­бірте ханға қарсылық 
білдіріп, оппозицияға көшеді, сөйтіп, қуғынға түседі.
Оның қуғынға ұшырауының себебі, сөз жоқ, бидің се­
паратистік ниеті. Алайда, жыраудың толғауында бұл себеп 
басқа болып көрінеді: Жиембеттің інісі Жолымбет жол торып 
жүріп, қалмақ елінен Есім ханға келе жатқан алым мен сый­
сияпатты қолға түсіріп, алып кетеді. Сол үшін хан Кіші жүзге 
«Жолымбеттің басын беріңдер!» – деп бұйырады. Бірақ, Он 
екі ата Байұлы ханға басу айтқалы Жиембетті бас етіп, аяққа 
жығыла барады. Хан көнбейді, керісінше, Жолымбеттің ісін 
сылтау етіп, Жиембеттің өзін қуғындайды.
Бізге жеткен Жиембеттің шығармаларында екі кезең, 
екі кейіпкер, екі процесс қатар көрініп отырады. Бірінші ке­


[
 
 221  
]
зең – Жиембеттің хан ордасындағы дәуірі де, екінші кезең – 
жыраудың айдаудағы шағы. Екі кейіпкердің бірі – жыраудың 
өзі, екіншісі – Есім хан. Бірінші процесс – ханның Жиембетпен 
санасып, онымен жақсы тұстағы жағдайы, ал екінші процесс – 
Жиембет сарайдан аласталғаннан кейінгі ханның жай­күйі. 
Осындай қарама­қарсы қою арқылы Жиембет өзін және Есім 
ханды бұрын, яғни екеуі араз болмай тұрғанда, қандай еді, 
енді қалай болды деп суреттеуге тырысқан. Әрине, жырау 
өзін асқақтата, ал қарсыласын тұқырта бейнелейді. «Бұрын 
сен кім едің?» – деп жырау Есім ханға өткен дәуірді, елге жау 
шапқанда нендей халде болғанын есіне түсіреді:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, 
Соқыр бурыл байталға 
Сонда бір жайдақ мінгенсің
18
 ... 
Ал бұрын мен кім едім? 
деп жырау өзінің хан сарайындағы жағдайын былайша баян­
дайды:
Еңсегей бойлы ер Есім, 
Есім, сені есірткен 
Есіл де менің кеңесім! 
Ес білгеннен, Есім хан, 
Қолыңа болдым сүйесін, 
Қолтығыңа болдым демесін... 
...Менім ер екемді көргенсің, 
Әуелден бірге жүргенсің, 
Дегенімді қылғансың, 
Қайратымды білгенсің.
Жиембет жырау хан алдында бас имейді, өктем сөйлейді, 
өзінің кім екенін, өзі кетсе, ханның «ит түрткі көретінін», 
«Жием бет қайда?» – деп сұраған елге жауап бере алмай, мас­
қара болатынын айтады. Қыза­қыза келе Жиембет кешегі 
әміршісіне айбат шегіп, айбар көрсетеді. Осы тұста Жием бет 
өзінің батыр бейнесін сомдайды, «менің ерлігімді сұрасаң, 
жолбарыс пенен аюдай, өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау 


[
  222  
]
тайыңдай, зорлығымды сұрасаң, бекіре менен жайындай, 
беріктігімді сұрасаң, қарағай менен қайыңдай», – деп өзін 
жан­жақты мінездейді.
Есім ханға бас ұрмайтынын білдіріп: «Тасқан екен мына хан, 
сенсіз де күнімді көрермін», – деп ашу шақырып, ат құйрығын 
кесіскен Жиембет жырау айдауда жүріп те қайсарлық көр­
сетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет