Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет58/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
Байланысты:
C.Қасқабасов Фольклор

Балпаң, балпаң кім баспас, 
Басарға балтыр шыдамас. 
Батырмын деп кім айтпас, 
Барарға жүрек шыдамас.
Жалтара шапсаң, жау қашпас, 
Жауды аяған бет таппас. 
Уа, жігіттер, жандарың 
Жаудан аяй көрмеңіз, 
Ғазырейіл тура келмей жан алмас!
22
Қасындағы жасақшыларға арналып айтылған осы шу мақ­
та Ақтамберді шайқасқа кірер алдындағы жігіттерді қай­
раттандыру үшін «батыр­жау» деген оппозициялық ұғым­
аллитерация әдісін пайдаланып, алғашқы төрт жолды «б» 
дыбысынан бастап, «батырлық» деген не, «батыр» қандай 
болады деп айтса, шумақтың екінші жартысындағы бес жолдың 
үшеуін «ж» дыбысымен бастап «жау», «жасқаншақ», «жаман» 
деген ұғымдарды беріп тұр. Міне, жорықта айтылатын жырау 
толғаулары осы іспеттес болып келеді.
Осындай ерлік пен табандылықты жырлайтын толғаулар 
Ақтамберді шығармаларының екінші тобын құрайды. Қарсы 
топтағы өлеңдерде Ақтамберді жыраудың арман­аңсары, 
дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы айқын көрінеді. 
Оның лирикалық кейіпкері көп нәрсені армандайды. Бірде 
ол «омырауы есіктей, ойында еті бесіктей, табаны жалпақ 
Тар 
ланды мініп», «аңдысып жүрген дұшпанын айттырса 
бермес сұлуын тегін олжа қылуды» армандаса, енді бірде елде 
тыныштық орнап, жұрттың көңілі өсіп, бейбіт өмір сүруді, 
алқалы жиын өткізіп, билермен кеңес құруды арман етеді. Осы 


[
 
 225  
]
тектес армандар тізбегінен тұратын «Күлдір­күлдір кісінетіп» 
деп аталатын толғаудың орны ерекше, мұнда Ақтамберді 
жауынгер жырау ғана емес, Асан тәрізді ел қамын жеген, 
халықтың халін жақсартуды көксеген абыз жырау деңгейіне 
көтерілген. Егер Асан Қайғы елге құтты қоныс іздеп, жер 
шарласа, Ақтамберді ондай Жерұйықты өзінің поэзиясында 
бейнелеп, ырысқа кенелген, бақытты елдің утопиялық өмірін 
арман арқылы суреттейді. Ол «құрап, жанды көп жиып, 
өз алдына ел қылуды» армандап, сол елдің бақытты, рахат 
тіршілігін мынадай күйде көреді:
Асқар бір тауды жайласам,
Желілеп бие байласам,
Күнде жиын, күнде той,
Қыз-бозбала ойнатсам.
Тентегін түзеп байқа деп,
Ішінен биді сайлатсам.
Құлым бір ұлдай киінсе, 
Көркемін көрген сүйінсе, 
Атымтай Жомарт секілді 
Атағым жұртқа білінсе! 
Өзім бір бөлек жайласам, 
Жігіттен нөкер сайласам, 
Ойпаң жерге он отау, 
Қыраң жерге қырық шатыр, 
Қонағымды жайғасам! 
Пышақтан малым кетпесе, 
Қазаным оттан түспесе, 
Ауылдан топыр үзілмей, 
Ошақтың оты өшпесе. 
Май жемесе қонағым
Қан жемесе барағым, 
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым
23
.
Бұл толғауда Ақтамберді бірінші жақтан сөйлегенмен, 
жеке өз басының емес, ел арманын, жұрттың көкейіндегі ойын 
«мен» арқылы жалпылық мәнде айтып тұр. Сөйтіп, жыраудың 
15­279


[
  226  
]
өзі емес, оның лирикалық геройы «мен» деп тұр. Бұл – кәдімгі 
реалистік әдебиетке тән әдіс екені белгілі. Абайдың «Болыс 
болдым, мінеки!» – деп, бірінші жақтан сөйлейтін лирикалық 
кейіпкері сияқты, Ақтамбердінің бұл толғауындағы «мен» – 
автордан белектенген кейіпкер, ал оның арманы – автордың 
идеалы.
Аталған толғауында Ақтамберді утопиялық өмірді армандау 
арқылы сол замандағы қазақ тіршілігінің, тұрмыс­салтының 
әр саласын бейнелеген. Айталық, жорық пен жортуыл, жауға 
мінер тарлан ат, ұрысқа киер ақ сауыт, сауытты соғатын 
зергер, жаудан қыз олжалау, кек қайыру – бұл жаугершілік 
көріністері болса, бейбіт өмірдегі жайлауға қону, өзенді 
жайлау, үй тігіп, бие байлау, той­жиын өткізу, билер кеңесін 
құру, қонақ күту, балуан күрестіру, аң аулау, мергендік қылу 
сияқты алуан түрлі тіршілік көрсетілген. Бұл – Ақтамбердінің 
жыраулық поэзияны байытқан тағы бір тәсілі.
Ақтамберді, жауынгер жырау бола тұра, жыраулық поэ­
зияға тұңғыш рет қыздың келбет­көркін және аттың сынын 
сипаттауды енгізген. Оның суреттеуіндегі қыз «бұлттан 
шыққан ай бетті, мұнардан шыққан күн бетті, маңдайы ап­
пақ, қастары қиылған, шаштары төгілген» болып келеді. 
Ал аттың сыны мынадай: ор қояндай қабақты, қиған қамыс 
құлақты, сары мысықтай азулы, сапты аяқтай ерінді, қидасын 
кәрі жілікті, омырауы есіктей, ойынды еті бесіктей, табаны 
жалпақ...
Ақтамберді тоқсан үш жыл жасаған. Оның біраз өлең­
толғаулары егде тартқан тұста дүниеге келген сияқты. Мұнда 
абыздыққа жеткен жыраудың дидактикалық және афористік 
ойлары өмірдің қызығы мен шыжығын, тағдырдың талай 
тауқыметін көрген, арқалы сөздің құдіретіне көзі жеткен 
Ақтамберді өзінің асқаралы ғұмырының биігінен тіршілікке 
көз тастайды, өмірдегі жақсы мен жаман туралы, достық 
пен қастық, адал жар мен азамат жөнінде, парасатты адам 
мен аяр кісі жайында сөз қозғайды. Сол себепті оның кейбір 
сөздері шешендік афоризм тәрізді, болмыстағы құбылыстарды 
салыстыра бағалап, констатация жасайды. Мысалы, «кәрі 
ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан», «қыздың көркі – 
құлпыда, жігіттің көркі – жылқыда», «түйе мойынын тұз 


[
 
 227  
]
кесер, жігіт мойынын қыз кесер, жомарт қолын жоқ кесер», 
т.б. Осы үшінші топтағы толғаулар Ақтамбердіні ақылгөй, 
дана қарт етіп көрсетеді. Бұл шығармалар жыраулар дәстүріне 
сай ғақлиялық, әрі болмыс құбылыстарын жиынтықтап, 
оларды бірде салыстыра, бірде қарсы қоя отырып, сөз етіп 
отырған мәселесін түйіндеп айтады. Оларда жеке адамның 
мінез­құлқына, іс­әрекетіне байланысты да, сондай­ақ бүкіл 
қауымның, халықтың тіршілігіне, этика­моральдық мәсе­
лесіне қатысты да ойлар қозғалып, адам белгілі бір жағдайда 
өзін қалай ұстауы керек, достық пен дұшпандыққа, әйеліне, 
маңайындағы жандар мен ағайын­туыстарға қалай қарауы 
қажет деген сияқты ақыл­кеңес беріледі. Осы өлең­жырларын­
да Ақтамберді өз дәуірі үшін өзекті деген проблемаларды 
көтерген. Бірақ оның ерекшелігі – мемлекеттік идеологияға 
қызмет етпегені. Ол өз поэзиясын адамның сезімін ашуға, 
кісінің тіршілігін көрсеткен, оны қауым, ел үшін күреске 
шақыруға пайдаланған, сол арқылы әдебиетті қоғамға қызмет 
еткізген.
Ақтамбердінің өзіне дейінгі жыраулардан өзгешелігі осын­
да. Алайда, сол замандағы өте маңызды тақырыпты жырлау­
да, яғни қазақтардың тәуелсіздік үшін жоңғарлармен соғы­
суы қажеттігін толғауда Ақтамберді толығымен жыраулық 
үрдістен көрінеді.
Қазақ хандығы заманында жасаған жыраулардың ішінен 
әдеби мұрасы өте аз көлемде жеткен ірі дарынның бірі – Тәті-
қара. Ол туралы тарихи деректер де көп емес. Зерттеушілердің 
анықтауы бойынша, Тәтіқара Қостанай өңірінде, Сарыкөл 
деген жерде, кедей шаруаның үйінде туған. Абылай ханның 
қасында болған, әміршісімен бірге сол уақыттағы қазақ­
қалмақ ұрыстарына түгелдей қатысқан. Сол себепті оның 
өлең­жырлары, негізінен, шайқас кездері туып, жауынгерлік 
сипатта болады. Әрі нақты оқиға және тарихи адамдар жайында 
баян етеді, олардың ерлігі мен ел үшін атқарған іс­әрекетін 
үлгі етіп, жауынгерлерді қиындыққа мойымауға, қандай ауыр 
жағдай болса да абыржымай, жол табуға шақырады. Осындай 
елгезек өлеңдерінің арқасында Тәтіқара көпке танылып, 
атақты жырауға айналады. Өзі ұрыстарға қатыса жүріп, 
қаһармандықпен бірге елдік мәселелерді шешуге де қатысады. 


[
  228  
]
Әсіресе, 1756 жылы Қытайдағы Цинь басқыншылары қазақ 
жеріне кіргенде, солармен болған қақтығыстар кезінде ол 
Абылай ханның қасында жүріп, мемлекеттік мәні бар іс­
шаралардың басы­қасында болады, өзінің тапқырлығын, жау­
жүректігін көрсетеді.
Ғалымдардың айтуынша, осындай бір жорықта Абылай 
ханның ісі алға жүрмепті. Жау басым түсіп, Абылайдың 
жасағы кейін шегінуге мәжбүр болыпты. Өкшелеп қуып келе 
жатқан жау жақындап қалғанда Абылайдың алдынан қатты 
тасып, ернеуінен шығып жатқан өзен шығады. Жасақ ұйлығып 
тұрып қалады, жау арт жақтан тақап, енді­енді үлкен шайқас 
басталмақ. Олай болса, саны аз қазақтар түгел қырылмақ. 
Осылай не істерге білмей абдырап тұрғанда Абылайдың 
жанында тұрған Тәтіқара жауынгерлерге қарап, былай деп 
толғайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет