Байланысты: Асан қайғы толғауларында көрінетін ел мұраты эссе
Асан қайғы толғауларында көрінетін ел мұраты, ер мұраты, халық мүддесі
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Халық даналығы
Ел мүддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жыраулар қашанда өмір шындығынан жүйелі ой түюге, өмірден алатын сабақтардан жинақтаулар жасауға бейім. Мұнда қоғамдық мәні бар ірі мәселелермен қатар, адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сын-бағалары да қоса айтылады. Мысалға алып қарасақ, адамдардың бойында кездесетін адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен жаулық, адалдық пен опасыздық, әділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық, ізеттілік пен әдепсіздік сынды аса күрделі мәселелер жан-жақты сөз болып сарапталады. Міне, дәл осы мәселелерге қатысты Асан қайғының ерекше мән бергенін байқауға болады. Оның толғауларында көрінетін ел мұраты, ер мұраты, халық мүддесі мәселелері көбіне дәлелді тұжырымдармен нақтылана отырып, мақал-мәтел іспеттес етіп құралған. Менің ойымша, бұл тұжырымдар аса дәлелдеулерді қажет етпейді.