Мал санын кебейтуге, оның өнімін арттырып, сапасын жаксартуға бағытталған шаралардың ішінде мал тұқымын асылдандыру жұмысын дұрыс жолға қойып, іске асырудың маңызы зор.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысы деп экономикалык,, ұйымдастыру, агрономиялық, мал дәрігерлік, гигиеналық және зоотехниялык шаралардың ғылыми негізделген жүйесін айтады. Мал тұқымын асылдандыруға бағытталған негізгі зоотехниялык шараларға алга қойған мақсатқа сәйкес сұрыптау мен жұп таңдау, яғни селекция жатады.