2-дәрістің тақырыбы:АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ .
Тақырыптың мазмұны: Мөлтікүрдісшіде(МҮ) шиналарды ұйымдастыру. МҮ-де жадыны ұйымдастыру. Кіріс/шығыс ішкі жүйелерін ұйымдастыру. Мөлтікүрдісші жүйенің(МҮЖ) негізгі құрылысы. МҮЖ–нің негізгі сипаттамалары және оның жіктелуі. PLC, RTU, РСУ, қосалқы жүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары .
Ақпаратты өңдеу үрдісін ұйымдастыру мақсаттары. МҮ-нің құрылымындағы элементтердің тағайындалуы. Мөлтікүрдісші бұл – бір немесе бірнеше ӨҮИС (СБИС)-н орындалған , көп разрядты екілік сандар түріндегі сандық деректерді өңдеуге арналған және осы үрдісті есептегіштің жадысынан шығарылатын бұйрықтар бағдарламалары негізінде басқару.
Тактілі импульстың генераторы(ТИГ) жүйедегі мөлтікүрдісші мен басқа да құрылғылардың жұмысын бірдей орындалдыратын периодтық импульстардыүзіліссіз бірінен кейін бірінің құру қызметін атқарады.
Мөлтікүрдісші топтамалар – бұл есептегіш шегіндегі стандартталған интерфейс пен басқа да құрылғылардан тұратын деректерді сандық өңдеу модулі. Талап етілген интерфейс топтамалардың шығыс сызықтарының жүктеу мүмкіндіктерін жақсарту және сыртқы жеке адрестер, деректер, талап етілген разрядтылығы мен дабылдардың жиынтығынан тұратын басқаруды ұйымдастыратын буферлі таңбаларды(тіркеушілер мен шиналық құраушылар) қолданумен қамтамасыз етіледі. Сонымен, мөлтікүрдісші топтамаларының құрылымы шығыс шиналардың типтік параметрлерін қолданылатын мөлтікүрдісшінің ерекшеліктеріне тәуелсіз қамтамасыз етуі қажет. Адрестер мен деректердің шиналарының буфері үш тұрақты таңбалардан тұрады.
Сыртқы есте сақтау құрылғыларының (бағдарламалардың жадысы) топтамасы тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбаларында бір ретті немесе көп ретті бағдарламаларды құрады. Жүйенің жұмыс істеуі кезінде тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбасы тек ақпаратты ғана береді. Тұрақты есте сақтау құрылғысы бұйрықтардың кодын және алгоритм тұрақтыларының мәндерін сақтау қызметін атқарады.
Топтаманың ақпараттық көлемі : .
Жедел есте сақтау құрылғыларының топтамасы (деректер жадысы) мөлтіксұлбаларда жедел есте сақтау құрылғысын құрады. Жұмыс істеу барысында бұл мөлтіксұлбалар ақпараттарды оқуды және жазуды орындайды, бірақ қоректің сөндірілуі кезінде деректер жойылады. Жедел есте сақтау құрылғылары жұмыс істеу барысында жаңартылып отыратын деректерді сақтау қызметін атқарады. Топтаманың ақпараттық көлемі тұрады.
Параллельдік порттартарға мөлтікүрдісшінің сыртқы құрылғылармен(мысалы, аналогты-сандық түрлендіргіштер) бірге әрекет етуі
кезінде ақпараттарды параллельді кодта қабылдау және жіберу қызметі тән. Порттар мөлтікүрдісші мен сыртқы құрылғылардың ереже бойынша, әртүрлі жылдам әрекет етуге ие болғандықтан жадының буферлі ұяшықтар қызметін атқарады. Параллельді порттар параллельді тіркеушілер негізінде құрылады.
Тізбектелген порттар есептегіштен беру кезінде ақпараттардың параллельдік кодтан тізбектелген кодтарға және кері жағдайда ақпараттарды есептегішке қабылдауда түрлендіру қызметін атқарады. Деректердің тізбектелген кодпен берілген көрінісі, байланыс каналдарының 1..2 метрден алшақ аралықта болған кезде, сонымен қатар радиобайланыста қолданылады. Тізбектелген порттар ығыстыратын тіркеушілер негізінде құрылады. Байланыс желілерінің дәстүрлі атаулары: RxD – деректерді қабылдау желісі, TxD – деректерді тасымалдау желісі (шығысы). Бұл құрылғыларда деректерді түрлендіру кезінде тасымалдау жылдамдығы мен кодтық өлшеміне тәуелді уақыт шығындалады. Мөлтікүрдісшімен деректердің өндірістік емес күтуін жою үшін, тізбектелген порттар мен мөлтікүрдісшінің бірлесіп әрекет етуі үзіліс бақылағыштары арқылы іске асады.
Торлы алмасу адаптері тізбектелген порт жұмыс істейтін дабылдардың үйлесуіне, борттық желі арқылы(яғни физикалық деңгейдің хаттаммасын бірқалыпта ұстап тұру) тасымалдауда қолданылатын дабылдардың пішіні мен деңгейіне қажет. Борттық желілер үшін кең түрде таралған торлы алмасудың стандарттары: MIL-STD-1553A және ARINC429 (немесе 629), жер бетіндегілерге - RS-232 және RS-485, Ethernet.
Уақыт өлшегіштер уақыт аралықтары мен орындаушы құрылғылардан келетін сыртқы импульстарды есептеу қызметін атқарады. Уақыт өлшегіштер есептегіштердің негізінде құрылады. Берілген уақыт аралықтарының немесе берілген импульстер санын есептеуінің аяқталуын уақыт өлшегіштің дабылы мөлтікүрдісшіге үзіліс бақылағыштары арқылы келеді.
Үзіліс бақылағыштары – түрлі құрылығылардан келетін асинхронды дабылдарға сезіну, бұл дабылдардың жаңа түрін алудың және дабылдың жіберген құрылғы туралы мөлтікүрдісшіні ақпараттандыратын арнайы топтамасы.
Адрестік селектірлер (АС) – жадының анықталған мөлтіксұлбаларын белсендіру үшін CS керемет дабылдарды алуға арналған немесе мөлтікүрдісшіден адрестер шиналары арқылы тасымалданатын ақпараттар негізіндегі құрылғылар тәрізді логикалық сұлбалары дешифратор негізінде болады.
Енгізу-шығару порттарының, уақыт өлшегіштердің және үзіліс бақылағыштарының ерекшеліктері болып, олардың жұмыс тәртібінің бағдарламалық баптау мүмкіндігінің болуы.
Мөлтікүрдісші жүйе деп (МҮЖ) – құрамында кем дегенде бір мөлтікүрдісші, бір немесе бірнеше негізгі модульдерден (ЖЖҚ мен ТЖҚ) және қосымша жадыдан, кіріс және шығыс құрылғысынан және жалпы жағдайда адрестер(шиналар) магистралінен (МА, ША), деректер (шиналар) магистралінен (ДМ, ДШ) және басқару (шиналар) магистралінен (БМ, БШ) тұратын магистральдар жүйесі арқылы байланысқан, кіріс пен шығыс құрылғысы бар бақылағыштардан тұратын ақпаратты сандық өңдеу мен басқару жүйесін айтамыз.
МҮЖ-нің логикалық құрылысы 2.1-суретте көрсетілген. Мұндағы БО (ОУ)- басқару объектісі, Д – қабылдағыш, ОМ (ИМ) - орындаушы механизмдер, АБ(ИК)- ақпараттық бақылағыштар, НЖ (ОП)- негізгі жады, ҚЖ (ДП)- қосымша жады,ДҚБ(БСД) – датчикпен қөсылатын блогі, АББТ(БСИК) – ақпараттық бақылағыштармен байланысу топтамасы.
МҮЖ-ның ЖЖҚ(ОЗУ)-сы ақпаратты оқуды және жазуды қамтамасыз етіп, МҮЖ–нің сөнуі барысында энергияға тәуелді жады ретінде қызмет атқарады. Ал ТЖҚ(ПЗУ) энергияға тәуелсіз жады түрінде болып, ақпаратты тек оқу мүмкіндігін береді. Магистраль МҮЖ-ның аппараттық құралдардың
2.1-сурет. МҮЖ–ның логикалық құрылысы.
коммуникациясын және меңзеушілердің жиыны мен дабылдардың күшейткіші түрінде болады.
Қолдану аймағына байланысты МҮЖ-сі әмбебап пен арнайы жасалған, автономды және қоса салынған болып бөлінеді.
Кез-келген МҮЖ-нің негізін құрамында бағдарламаның тұрақты жадысынан, деректер жадысынан, тактілі импульстер генераторы менҮИС (БИС) немесе ӨҮИС(СБИС) негізінде құрылған ақпаратты бақылағыштардан тұратын мөлтікүрдісші негізінде жасалған, есептегіш немесе басқаратын жүйе, яғни мөлтік ЭЕМ-сын құрайды.
Мөлтік ЭЕМ-сы орындалу тәсіліне байланысты біркристалды, бірплаталы және көпплаталы болып бөлінеді. Бірплаталы мөлтікЭЕМ-да мөлтікүрдісші ҮИС (БИС) кристалы түрінде орындалып және бұл кристаллда мөлтікүрдісшіден бөлек мөлтік ЭЕМ-ның басқада компоненттері болуы мүмкін (бағдарламаның тұрақты жадысынан, деректер жадысынан, бақылағыштардан және т.б.).
Мөлтік ЭЕМ тағайындалуына байланысты әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |