Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері



бет1/2
Дата16.11.2023
өлшемі27,91 Kb.
#124200
  1   2



Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..


Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.


Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.
Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.
Заң:
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.

- принциптер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру,
Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру);
- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу;
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.
Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.
Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары
- Даралық Топтық
- Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы
- Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
- Педагогикалық лекция,
- консультация
- Ашық есік күні
- Сұрақ-жауап кеші


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет