Атамекен Ұкп-ның 2023 жылғы Білім беру бағдарламаларының рейтингі критерийлері бойынша есуво жүйесінде деректерді толтыру жөніндегі нұсқаулық



бет1/6
Дата09.06.2023
өлшемі36,49 Kb.
#100135
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Деректерді толтыру және жіберу бойынша нұсқаулық


Атамекен ҰКП-ның 2023 жылғы Білім беру бағдарламаларының рейтингі критерийлері бойынша ЕСУВО жүйесінде деректерді толтыру жөніндегі нұсқаулық

Ағымдағы жылы рейтингте 2022 жылғы мамандықтар бойынша шығарылым (күндізгі және қысқартылған күндізгі үш жылдық бөлімше) 2022 жылғы білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - БББ) бойынша қабылдаумен сәйкестендіріледі.


Бір білім беру бағдарламалары тобы бойынша бірнеше білім беру бағдарламасына (ББ) қабылдау болған жағдайда, ЖОО барлығы бойынша қатысуы тиіс. Бұрынғы классификаторға сәйкес мамандық (білім беру бағдарламасы) түлектері қабылдау жасалған барлық білім беру бағдарламасына сәйкестендіріледі. Толығырақ ақпаратты ББ бойынша бекітілген менеджерлерден алуға болады.
2022 жылға арналған шығарылым немесе қабылдау болмаған жағдайда, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі Кикимов Мақсат Сәкенұлы атына «Атамекен» ҰКП-на хат жолданады. Электрондық мекен-жайы: info@atameken.kz
Назар аударыңыз, егер шығарылым ескі классификатор немесе ББ бойынша болса және 2022 жылы бакалавр дәрежесі бойынша күндізгі бөлім мен қысқартылған күндізгі үш жылдық бөлім білім беру бағдарламасы бойынша қабылданса, осы мамандық бойынша түлектердің болуы рейтингке қатысудың негізгі критерийі болып саналады. Сондай-ақ, шығарылым 5 адамнан кем болған жағдайда, ББ түлектердің мансаптық перспективалары блогы есепке алынбай рейтингке қатысатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.
«Атамекен» ҚР ҰКП менеджерлері деректерді толтыру үшін Excel бағдарламасында қосымшалар дайындады. Қажетті деректерді жіберу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. ББ-ның нақты атауымен ББ-ға арналған папка жасау, мысалы, «6В07201 Мұнай-газ ісі»;
2. Негізгі ББ папкасының ішінде әр қосымша атауымен папкалар жасау керек, мысалы, «1-қосымша»;
3. Барлық қажетті деректерді қосымшаларға сәйкес толтырып растайтын құжаттармен бірге тиісті папкаларға жүктеу керек;
4. Барлық қажетті деректерді жинағаннан кейін сіз осы папканы мұрағаттап, тиісті ББТ поштасына жіберуіңіз керек (ББТ тізімі және олардың электрондық мекен-жайлары «Образовательные программы, участвующие в рейтинге 2023» файлында көрсетілген).
Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша қажетті мәліметтер тізімі:

  1. Қауымдастықтардың және/немесе жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі мәліметтер.

  2. 2022 жылға арналған материалдық және оқу базасын дамытуға бағытталған шығындар.

  3. Оқытушылардың сәйкес сала бойынша айлық практикалық өтілі (егер бар болса) және «ЖОО-ның үздік оқытушысы»/ «Үздік ғылыми қызметкер» атағы (егер бар болса) көрсетілген білім беру бағдарламалары тобының (ББТ) оқытушыларының тізімі.

  4. 2022 жылдың түлектері (күндізгі бөлім және күндізгі қысқартылған үш жылдық бөлім, бакалавриат) бойынша мәліметтер. Келесі категориялар бар болған жағдайда, олар мәлеметтерде белгіленуі тиіс: магистратурада/резидентурада оқуын жалғастырғандар; шетелдік түлектер; декреттік демалысқа шыққан түлектер; әскери қызметке шақырылған түлектер; шетелде білім алатын түлектер; 1-2 мүгедектік тобына жататын мүмкіндігі шектеулі түлектер. Мамандықтар бойынша: жалпы медицина, стоматология мамандықтары бойынша интернатура түлектері есепке алынады.

  5. Білім беру бағдарламасының аккредитацияся туралы ақпарат.

  6. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан студенттерге қатысты ақпарат (ескертпе: тек 2021-2022 оқу жылы бойынша сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық (кіріс, шығыс) есепке алынады).

  7. 2022-2026 оқу жылдарына арналған бекітілген Білім беру бағдарламасы (PDF немесе Word форматындағы электрондық нұсқасы)

  8. 2022-2026 жылдарға арналған элективті пәндердің бекітілген каталогы (PDF және Word форматындағы электрондық нұсқасы)

  9. Әр пән бойынша бекітілген силлабустар (жұмыс бағдарламалары) (PDF немесе Word форматындағы электронды нұсқа, дайын болса)

  10. БББ-ның шетелдік студенттері бойынша мәліметтер

  11. БББ-ның бойынша 2022 ж. талапкерлер арасындағы ҰБТ орташа балы бойынша мәліметтер

  12. ЖОО бойынша жалпы көрсеткіштер







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет