Қатар жүруші, көркем тілдердің негізгі бір түрі. Бұл психологиялық



Дата30.06.2022
өлшемі29,41 Kb.
#37444
Байланысты:
Параллелизм


Параллелизм

Параллелизм (грекше – parallelos – қатар жүруші), көркем тілдердің негізгі бір түрі. Бұл психологиялық және синтаксистік параллелизм болып екіге бөлінеді.
Көркем тілдердің шығу тегін зерттеуші әдебиетшілер парал лелизм адам баласының ой-санасының сәбйлік дәуірінде туған көркем тілдердің ішіндегі ең ескі түрі, шындап келгенде, көптеген сөз образдарының негізі деп біледі.

Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлыт қоршайды, Күнді байқай қарасам, Күн жауарға ұқсайды!
Айды бұлыт қоршайды, Айды байқай қарасам, Түн жауарға ұқсайды.
Көгілдірін еріткен,
Көлдегі қулар шулайды…

Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар түйіліп Соғылғанға ұқсайды.
Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп
Аузы-мұрным ісініп
Алланың хақ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды.
Алғашқы дәуір адамдары өздерінің көңіл күйлерін басқаларға білдіру үшін, тап соған ұқсас табиғат құбылысын параллель етіп алатын болған. Сол арқылы өзінің ой-сезімін көрсетуге тырысқан. Әдебиетте суреттеудің мұндай әдісін психологиялық параллелизм деп атайды. Мысалы:
Мұнда Тарғынның белі мерт болып, аштан өлуге таянған кездегі жан күйініші, ішкі сезім дүниесіндегі күйзеліс, ауыр халі көрсетіледі. Бірақ оны табиғаттағы әртүрлі құбылыстар, жануарлардың басына төнген қауіп-қорқыныштарды параллель қою арқылы сезіндіреді. Бұл – барлық елдің әдебиетіне, әсіресе ауыз әдебиетіне тән әдіс.

РЕКЛАМА
Параллелизмде екі нәрсе қатар алынғанда араларында бір ұқсастықтары болады, бірақ оларды бір-біріне теңемейді де, баламайды да немесе шендестіру тәрізді арасы алшақ жатқан екі нәрсені қарамақарсы қойып, үшінші бір нәрсені көзге елестетуді де, мақсат етпейді. Өз сезіміне, өзінің айтайын деген ойына табиғат құбылысын не жанжануардың қалпын параллель ету әдісі арқылы айтайын дегенін басқаларға жеткізбек болады. Айға сұлу қызды параллель етеді:


Әй, тал өсе, тал өсе, Басын кессе тағы өсе. Тоташ үшін қайғырмаймыз, Сіңлілері тағы өсе.
(Татар ауыз әдебиеті)
Адам баласы мәдениеттің бүгінгі сатысына жеткенге шейін талай дәуірді басынан өткізді. Бір кездерде адам баласының ой-санасы сәбилік дәрежеде болды. Табиғат құбылыстарының сырын ұға алмай, жан-жануарлар да адамша ойлай біледі, табиғат дүниелері адам тәрізді күйінеді, қайғырады, қуанады деп түсінген. Психологиялық параллелизмнің о бастағы туу себебі, адам баласының өмір тану, дүниеге көзқарасымен байланысты.
Мысалдардың бәрі де ауыз әдебиетінен, бұған қарап, тарихи, жазба әдебиетте психологиялық параллелизм болмайды деп ұғынбауымыз керек. Ол тарихи, жазба әдебиеттерден де табылады, өйткені параллелизмнің алғашқы тууы ой-сананың сәбилігімен байланысты болса да, кейін адам баласы мәдениетке қолы жеткен кездің өзінде де көркем тілдің бірі есебінде оны ақындар пайдаланған. Бірақ бұл жоққа сенушіліктен туған емес, белгілі бір әдіс, суреттеу құралы есебінде қолданылады. Психологиялық параллелизмнің не әдемі түрлерін Абай өлеңдерінен де кездестіруге болады.
Көркем тілдердің шығуын, дамуын зерттеушілер көптеген образдардың негізі психологиялық параллелизмде жатыр деп жай айтпаған. Көркем тіл, сөз образының тарихын зерттеу, талдау нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Кейбір жайлары әлі талас, тереңірек зерттей түсуді керек етсе де, олардың кейбір қағидаларының дұрыстығы күмән тудырмайды. Символ параллелизмнің бір жағын қалдырып, екінші жағын алудан туады. Өмір құбылысын көзбен көріп, қолмен ұстап білу емес, оймен топшылап, ақылмен де білу дәрежесіне ой-сананың есейе бастаған кезін аңғартатын тәрізді.
Символ мен психологиялық параллелизмнің жақындығы және айырмасы туралы бір мысал келтірелік.
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын Қайдан білсін өмірдің көбін, азын. Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мәз болып, көрсе жазын. Күз келген соң, тамырын үсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым.
Мен-дағы көп есіттім жастың назын, Қол жетпеске қол созар, бар ма лажың? «Боламын» деп жүргенде, болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады әжім.
(Абай)
Өлең – осы тұрғысында психологиялық параллелизм. Мұндағы қатар тұрған екі нәрсе: 1. Жауқазын (көктемде қар кете са ла шығатын көгілжім гүл). 2. Жас (адам), жауқазын бәйтеректі күндейді, жас қол жетпеске қол созады. Күз жеткенде жауқазынның тамырын үсік шалып, бәйтерекке жете алмай жазым болса, жастың боламын деп жүргенде, жалыны сөніп, өмір күзі – кәрілік келіп, бетін әжім басады. Қысқасы, қатар қойылған екі нәрсе (жауқазын мен жас) бірін екіншісі сол түрде аудармай қайталайды. Осы қалпында мұны психологиялық параллелизмнің тамаша үлгісі десек, сонымен қатар бұл өлеңнің және бір тамаша жағы бар.
Біз жоғарыда параллельге алынатын екі нәрсенің символда бірақ жағы алынады да, екінші жағы тасталынып кетеді дедік. Егер осы өлеңнің жауқазынын ғана алып (оның екінші жағы), параллель етіліп отырған жасты әдейі тастап кетелік.
Жазғытұры қылтиған бір жауқазын Қайдан білсін өмірдің көбін, азын. Бәйтеректі күндейді жетемін деп, Жылы күнге мәз болып, көрсе жазын.
Күз келген соң, тамырын үсік шалып, Бетегеге жете алмай болар жазым, –
деп қысқартсақ, табиғат құбылысы туралы айтылған, өз алдына бір өлең болып шығады. Бұл – еш мүлтіксіз символдық өлең. Мұнда параллельге алынған жас жоқ. Әйтсе де жауқазын бейнесінде жас, жастықты ұғынуымыз мүмкін. Ол біздің қиял жүгіртіп ойлауымызды, болжауымызды қажет етеді.
Символ психологиялық параллелизмнен айырылып шықты деген пікірдің негізінде шындық жатқандығын дәлелдеуде, екеуінің айырмашылығы мен жақындығын тануда Абайдың бұл өлеңі классикалық үлгі деуге болады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ







ҚоржынҰстаз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет